ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢIЗ ҰЙЫМЫНЫҢ (ИМО) ҚАМҚОРЫМЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ЖӘНЕ ИМО ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 4 наурыз 1994 ж. N 244

      Қазақстан Республикасының теңiз кемелерiнде теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қатысты қабылданған жалпыға бiрдей халықаралық ережелер мен нормаларды орындауды және теңiз ортасының ластануына жол бермеудi, сондай-ақ республиканың халықаралық сауда кеме қатынасын үкiметтiк реттеу жөнiндегi ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының мына халықаралық конвенцияларға қосылуы туралы Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын:
      а) Халықаралық теңiз ұйымы туралы конвенцияға, 1948 жыл;
      б) Жүк маркасы туралы Халықаралық конвенцияға, 1966 жыл;
      в) Кемелердi өлшеу жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1969 жыл;
      г) Мұнаймен ластанудан келтiрген зияны үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Халықаралық конвенцияға, 1969 жыл;
      д) Теңiзде кемелердiң соқтығысуынан сақтандырудың Халықаралық ережелерi туралы конвенцияға, 1972 жыл;
      е) 1978 жылғы Хаттамамен (МАРПОЛ 73/78) өзгертiлген, теңiздiң кемелерден ластануына жол бермеу жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1973 жыл;
      ж) 1978 жылғы Хаттамамен (СОЛАС 74/78) өзгертiлген Теңiзде адам өмiрiн қорғау жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1974 жыл;
      з) Теңiзшiлердi даярлау, оларға дипломдар беру және вахта атқару туралы Халықаралық конвенцияға, 1978 жыл;
      и) Қауiпсiз контейнерлер жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1972 жыл.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 1-тармақтың "б" - "и" тармақшаларында аталған конвенцияларға Қазақстан Республикасының қосылғаны туралы құжатты ИМО-ның Бас хатшысы және Халықаралық теңiз ұйымы туралы Конвенцияға қосылғаны жөнiндегi құжатты БҰҰ-ның Бас хатшысына жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi негiзгi сыныптаушы қоғамдарға куәландыру жүргiзудi және конвенциялық құжаттар берудi тапсыру туралы шешiмдер қабылдауға қоса тиiстi халықаралық конвенцияларда көзделген куәландыру мен куәлiк беру тәртiбiн анықтасын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады