АГРОӨНЕРКӘСIП КЕШЕНI ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ 1994 ЖЫЛҒЫ 25-26 АҚПАНДА АҚМОЛА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР АЙТҚАН ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 9 наурыз 1994 ж. N 251. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1994 жылғы 25-26 ақпанда Ақмола қаласында болған республикалық кеңеске қатысушылардың аграрлық кешендегi iстiң жайы мен жүйенi реформалау барысын талқылай келiп, аграрлық секторда қалыптасқан қиындықтарға берiлген баға мен оларды жою жолдарына тұтас алғанда келiсетiнiн және республикада аграрлық секторды нарықтық қатынастар арнасына көшiруге, өнiм өндiрушiлердiң дербестiгiн кеңейтуге бағытталған үкiметтiк бағдарламалардың қабылдануын қолдайтынын атап өтедi.
      Сонымен бiрге аграрлық кешендегi экономикалық, жер және құрылымдық реформалар кешеуiлдеуде. Аграрлық секторларда қаржы-кредит жүйесiн тұрақтандыруға мүмкiндiк бермейтiн сыртқы және iшкi келеңсiз факторлар одан әрi жалғасуда.
      Жер және мал шаруашылық өнiмдерiнiң барлық түрлерiн өндiру мен ұқсату деңгейiнiң құлдырауына жол берiлдi, шикiзаттың жетiспеуiнен ұқсатушы қуаттар тек 50-60 процент қана пайдаланылды. Айналымдағы қаржы түгесiлiп, айтарлықтай кредиторлық, дебиторлық қарыз пайда болды, еңбекақы ұзақ уақыт бойы берiлмедi. Әрбiр екiншi шаруашылық залалмен жұмыс iстедi, мұның өзi шаруашылық, әлеуметтiк қайшылықты күрт шиеленiстiрдi.
      Жергiлiктi жерлерде өнiм өндiрушiлердi материалдық ресурстармен қамтамасыз етуде жаңа қадамдардың болмауы, агроөнеркәсiп кешенiн реформалаудың созылуы көптеген шаруашылықтардың көктемгi дала жұмыстарына дайындала алмауына, үстiмiздегi жылғы егiн орағы үшiн күзгi-қысқа шаралар кешенiнiң толық құлдырауына әкелiп соқты. Мал қыстату қиындап кеттi. Қорларды жаңарту және ауыл шаруашылық өнiмдерiн ұдайы өндiрудi кеңейту қамтамасыз етiлмеуде.
      Көп жағдайда мұның бәрiне негiзiнен экономиканы реформалау жөнiндегi заңдардың ұсыныстары мен талаптарын елемейтiн еңбек өндiрiсi және егiстiктер мен фермалардың өнiмдiлiгiн төмендететiн, ұйымдық-өндiрiстiк қызметте озық әдiстер мен технологияларды пайдаланбайтын шаруашылықтар тартылған. Бұл кезде осымен тең жағдайда колхоздардың үштен екiден астамы және қайта өзгерген совхоздардың көпшiлiгi өткен жылды табыспен аяқтады. Осы шаруашылықтардың көпшiлiгi өздерiнiң қаржы жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз еттi.
      Ауыл шаруашылығында реформаны алға жылжытуды көптеген жергiлiктi әкiмдердiң, кәсiпорындар басшылары мен мамандарының салғырттығы, олардың қолданылып жүрген заңдардың, әдiстемелер мен ұсыныстардың мақсатын жете бiлмеуi де тежеуде.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Барлық әкiмдер, министрлiктер мен ведомстволар агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң республикалық кеңесiне қатысушылардың ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң құлдырауын тоқтату мен тұрақтандыру, агроөнеркәсiптiк кешенiнiң экономикалық-қаржылық жағдайын нығайту, нарықтық қатынастарға ену бағытындағы оның реформасын алға жылжытуды жеделдету және халықты әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде айтқан тұжырымдары мен ұсыныстарын басшылыққа алсын.
      2. Агроөнеркәсiп кешенiнiң құрамына кiретiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, мемлекеттiк акционерлiк компаниялар басшыларының, жергiлiктi әкiмдердiң бiрiншi кезектегi мiндетi - саланың тұрақты және тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету, өндiрiстiң экономикасы мен қаржылық жағдайын, тәртiптi нығайтуға кадрлардың жауапкершiлiгiн арттыру, жер және мал шаруашылығы өнiмдерiн өсiру мен оны ұқсатудың ғылыми-техникалық жетiстiктерiн озық отандық және шет елдiк технологияларды енгiзу жөнiнде барынша икемдi аймақтық саясатты жүзеге асыру болып саналсын.
      3. Жергiлiктi әкiмдер, совхоздардың басшылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы тарапынан тiкелей көмек көрсетiлуi барысында көктемгi-дала жұмыстары басталғанға дейiн әрбiр өндiрiстiк бөлiмше, шаруашылық, аудан, облыс бойынша ауыл шаруашылық өндiрiсiн дамытудың 1994-1995 және 2000 жылға арналған нақты бағдарламасын әзiрлейтiн, ал колхоздар мен шаруашылық жүргiзудiң басқа да нысандарындағы кәсiпорындарға оларды әзiрлеу ұсынылатын болсын.
      Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары жерлердi шаруашылық арасында қайта бөлу, оларды ұжымдық бау, бақша учаскелерi, жеке тұрғын үй құрылысы үшiн шаруа қожалықтары мен олардың ассоциацияларын, ауыл шаруашылық шағын және кооперативтiк кәсiпорындарын құру үшiн бөлу жөнiнде облыстар мен аудандардың әкiмдерiне жедел практикалық көмек көрсетсiн.
      4. Жергiлiктi әкiмдер 1994 жылғы 1 сәуiрге дейiн барлық мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарында басшылар мен мамандарды жалдаудың контракттық жүйесiн енгiзсiн. Олардың жұмысын бағалаудың белгiсi - Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 8, 88-бап) 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығына сәйкес мүлiктердi мiндеттi түрде дербестендiру арқылы құрылымдық бөлiмшелердi реформалауды жүзеге асыру, сондай-ақ ауыл шаруашылық өндiрiсiн тұрақтандыруды қамтамасыз ету, реформаланған шаруашылықтың әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту деп белгiленсiн.
      5. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарында республикада бұрын қолданылған нормативтiк актiлер бойынша әкiмшiлiк-басқару қызметкерлерiнiң штаттық кестесiн қалыптастыруға жол берiлмейдi деп саналсын. Оларды әзiрлеу мен бекiту құқығы контракттық негiзде жұмыс iстейтiн шаруашылықтар басшыларына берiледi. Бұл орайда олар өздерi басқаратын шаруашылықтың әкiмшiлiк-басқару аппаратының адам құрамы санының негiзгi белгiсi табыс болып табылады.
      6. Жергiлiктi әкiмдер, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Өнеркәсiп министрлiгi, Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы және агроөнеркәсiп кешенiнiң құрамына кiретiн мемлекеттiк акционерлiк компаниялары, совхоздардың басшылары:
      жаңа техникаларды, технологияларды енгiзу, әкiмшiлiк-басқару аппаратын, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтаудағы және ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатудағы аралық буындарды қысқару негiзiнде материалдық, қаржылық қаражаттарды үнемдеу жөнiндегi жұмыстарды өрiстеудi;
      таяу уақытта мемлекет мұқтажы үшiн ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу жөнiнде өнiм өндiрушiлермен фьючерлiк негiзде контрактация шарттарын жасауды аяқтауды;
      көктемгi егiске әзiрлiкке және оны ұйымшылдықпен өткiзуге қажеттi барлық қысқы зоотехникалық шараларды, дер кезiнде тұқым дайындауды, техника жөндеудi, пайдаланылған бөлшектердi қалпына келтiрудi, жаңа қосалқы бөлшектер әзiрлеудi және жанар-жағармай тасуды атқаруды қамтамасыз етсiн, ал колхоздар мен басқа да агроөнеркәсiптiк кәсiпорындар мен шаруашылықтарға осыларды атқару ұсынылатын болсын.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақ агроөнеркәсiптiк акционерлiк коммерциялық банкiмен және облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып 1993 жылғы өндiрiстiк-қаржы қызметiнiң қорытындысы бойынша кредиторлық қарызы негiзгi қорлары мен айналымдағы қаржысынан асатын совхоздардың одан ары жұмыс iстеу мәселесiн қарап, шешетiн болсын.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне агроөнеркәсiптiк кешеннiң ауыл шаруашылық, басқа да кәсiпорындары өндiрiсiнiң негiзгi қорларын қайта бағалау және айналымдағы қаржысын индекстеу мен толтыру тәртiбi туралы ұсыныс енгiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады