1. Жыл сайын көктем кезiнде елдi мекендердегi санитарлық жағдайды жақсарту, оларды көркейту мен көгалдандыру, айналадағы табиғи ортаны сауықтыру жөнiндегi экологиялық сенбiлiктер мен жексенбiлiктер өткiзу туралы Республика жұртшылығының бастамасы құпталсын.
2. Облыстардың, Алматы мен Ленинск қалаларының әкiмдерi:
табиғи ортаның ластануына жол бермеу, халық тұрмысының экологиялық жағдайын жақсарту жөнiндегi нақты шараларды қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарының қатысуымен әзiрлеп, жүзеге асыратын болсын. Аталған кезеңде өндiрiсте қатаң технологиялық тәртiптi қамтамасыз ету, зиянды шығарындылардың атмосфераға жiберiлу, өндiрiс қоқыстары мен қалдықтарының көлемiн дәйектi түрде төмендету, тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстарды орындау, елдi мекендердiң айналасында санитарлық-экологиялық аймақтар құру қажеттiгiне ерекше назар аударылсын;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Экология жөнiндегi мемлекеттiк кеңесi туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы N 1042 қаулысына сәйкес айналадағы табиғи ортаны қорғау мәселесiн және оны сауықтыру жөнiндегi шаралардың орындалуын үйлестiрiп отыратын экология жөнiндегi кеңестер құру ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аталған шаралардың орындалу барысын әйгiлеудi, сондай-ақ халық арасында экологиялық мәдениеттi көтеруге, табиғатқа деген аялы көзқарас тәрбиелеуге бағытталған түсiнiк жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын сақтауына пәрмендi бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын мамырда осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне ақпарат берiп тұрсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi