"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ БАНКI ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛЫМШЫЛАРЫНЫҢ МҮДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ 1994 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАҢТАРДАҒЫ N 1515 ЖАРЛЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 4 сәуiр N 318. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.04. N 916 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының акционерлiк банктерiн қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 22 маусымдағы N 1274 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының халықтың банкi акционерлiк болып табылатыны iске алынсын.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп бiр апта мерзiмде аталған Банктi акционерлендiру шараларының орындалуын аяқтайтын болсын.
      2. Халықты әлеуметтiк қорғау және оның өз жинақтарын Қазақстан Республикасының Халықтық банкiнде сақтауға ынталылығын арттыру мақсатында салымның барлық түрiндегi жинақтары құнсыздануынан салымшылардың шеккен залалына "Бөлшек сауда бағаларын бiр мезгiлде өсiруге байланысты жинақтардың құнсыздануынан халықтың шеккен залалына өтем жасау туралы" КСРО Президентiнiң 1991 жылғы 22 наурыздағы N 1708 Жарлығына сәйкес ашылған өтем жасау шоттарындағы сомадан басқасына, бiржолғы өтем жасалсын.
      Аталған өтем 1994 жылғы 20 қаңтардағы қолданылып жүрген салымдардың 1992 жылғы 1 тамыздағы жағдайы бойынша 1000 рубль шегiнде болған салымдардың қалдығын 50 есе ұлғайту жолымен жасалсын.
      Қазақстан Республикасының Халықтық банкi 1994 жылғы 1 мамырға дейiн өтем жасау сомасын есептеудi аяқтап, оны төлеуге кiрiсетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Халықтық банкiне 1994 жылғы 1 маусымға дейiн оның халыққа тұрғын үй шараларына арнап берген 25,9 млн. теңге несиесiн және Халықтық банктiң 1993 жылғы III және IV тоқсандарда халыққа жеңiлдiк шарттар негiзiнде берген кредиттерi есебiнен құралған 3,4 млн. теңге залалын төлесiн;
      1994 жылғы II тоқсанда халықтың салымдары құнсыздануынан шеккен залалына бiржолғы өтем жасау үшiн Халықтық банктiң корреспонденттiк шотына 850 млн. теңге, бұдан 425 млн. теңгенi 1994 жылғы 1 мамырға дейiн, ал қалған бөлiгiн - 1994 жылғы 25 маусымға дейiн аударатын болсын.
      4. Салымдар жөнiндегi проценттiк ставкаларды оқтын-оқтын арттыруға жағдай жасау мақсатында былай деп белгiленсiн:
      Қазақстан Республикасының Халықтық банкi тартқан ақшалай қаражат, әдетте, кредит ресурстары нарығында қалыптасқан ставкалар бойынша Ұлттық банк өткiзетiн аукцион арқылы сатылады. Оны сатудан алынған кiрiс (банктiң қосымшаға сәйкес шығының шығарып тастап) арнаулы шотта резервке алынады және жеке адамдардың салымдары мен депозиттерi бойынша проценттiк ставкаларды оқтын-оқтын арттыру үшiн пайдаланылады;
      инвестициялық және жол қорларына аударым мөлшерiн анықтау кезiнде Қазақстан Республикасы Халықтық банкiнiң кiрiсi мен шығысынан халыққа салымдар мен депозиттер бойынша төлейтiн проценттер сомасы шығарып тасталады.
      Қабылданған салық, коммуналдық және басқа төлемдер сомасы уақытша шоттарында жататын Қазақстан Республикасы Халықтық банкiнiң ерекшелiгi ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне оған мiндеттi түрдегi резервтердi тек салымдар мен депозиттерге тартылған қаражаттан, резервке алынатын кiрiс сомасын Ұлттық банктiң қолданылып жүрген есептi ставкасының алыс-берiсiнен есептеу туралы мәселенi қарастыру ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына ұсыну үшiн "Қазақстан Республикасының банкiлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныстарды белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 4 сәуiрдегi
                                            N 318 қаулысына
                                             Қосымша
             Қазақстан Республикасы Халықтық банкi мекемелерiнiң
          кредит ресурстарын орналастырудан алынған кiрiс есебiнен
                           жасайтын шығындарының
                              Тiзбесi
      1.Бекiтiлген проценттiк ставкалар бойынша салымдар мен депозиттер жөнiнде есептi күнтiзбелiк кезеңде есептелген проценттер.
      2. Банктiң әкiмшiлiк-шаруашылық және операциялық шығындары, оның iшiнде толық сомадағы жалдау ақысы.
      3. Банктiң штаттағы және штаттан тыс құрамдағы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеуге арналған шығындар. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Банк қызметкерлерiне төленетiн аудандық коэффициенттер мен шөлейт, сусыз және биiк таулы жерлердегi жұмысы үшiн төленетiн коэффициенттер.
      4. Негiзгi қорлар бойынша амортизациялық аударымдар.
      5. Мақсатты қаржыландыру қорларына салықтар, алымдар және басқа мiндеттi түрдегi аударымдар.
      6. Өкiлдiк шығындары.
      7. Кредиттердi, депозиттердi, әртүрлi құнды дүниелiктер мен құжаттарды өтемеу тәуекелiн сақтандыру жөнiндегi сақтық төлемдерi.
      8. Банктiң балансында тұрған өндiрiстiк емес мақсаттағы объектiлердi ұстау және тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың, профилакторийлердiң, демалыс үйлерiнiң шығынын төлеуге жұмсалатын шығындар.
      9. Құрылысты қаржыландыруға, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес мақсаттағы объектiлердi, тұрғын жайларды, басқа да негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi сатып алуға жұмсалатын шығындар.
      10. Компьютерлiк, электронды және басқа банкi жабдықтарын, телекоммуникация құралдарын сатып алу жөнiндегi шығындар, басқару жүйесi мен құралдарын жасау және оларды жетiлдiру жөнiндегi шығындар, оның iшiнде бағдарламалар пакетiн әзiрлеу мен енгiзу жөнiндегi шығындар.
      11. Күзет және өрт дабылын көтеру құрылысын салу жөнiндегi шығындар.
      12. Кадрлар даярлау жөнiндегi шығындар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады