1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi және Көлiк министрлiгiмен бiрлесе отырып әзiрлеген Қазақстан Республикасында авиация техникасын, агрегаттарын, қару-жарақ жүйелерi мен авиация радиоэлектроникалық бұйымдарын жөндеу өндiрiсiн дамытудың бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мен Көлiк министрлiгi 1994 жылғы 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының, Украинаның және басқа да ТМД елдерiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының авиация техникасы мен оның арнаулы жүйелерiн жөндеуге қажеттi нормативтiк-технологиялық, стендiлiк (сынақ жүргiзетiн) жарақтар мен мамандырылған құрал-аспаптарды N 405 (Алматы қаласы) және N 406 (Ақтөбе қаласы) азаматтық авиация зауыттары өнiм берiп тұрушы кәсiпорындар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып
ұсынған тiзбелерге сәйкес беруi туралы мемлекетаралық келiсiмдердiң жобаларын даярлайтын болсын. 3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiне аталған бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етуге және N 405 және 406 азаматтық авиация зауыттарының өз өндiрiстiк қуаттарын қайта жарақтандыру жөнiндегi жұмыстарды атқаруына бақылау жасау жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 сәуiрдегi N 353 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасында авиация техникасын, агрегаттарын, қару-жарақ жүйелерiн және авиация радиоэлектроникалық жабдықтары бұйымдарын жөндеу өндiрiсiн дамыту Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы Мақсаты: әскери және азаматтық мақсатқа арналған ұшу аппараттарының бiрнеше типтерiн, авиақозғалтқыштар мен олардың агрегаттарын жөндеу үшiн өндiрiстiк база жасау; Қазақстан Республикасының ТМД елдерiнiң жөндеу кәсiпорындарынан дербестiкке қол жеткiзуi; авиация техникасының жаңа типтерiн жөндеу технологиясын меңгеру; авиация техникасын жөндеуге жұмсалатын валюта шығынын қысқарту; Қазақстан Республикасының жұмыс iстеп тұрған авиажөндеу кәсiпорындарын жұмыспен қамтамасыз ету және дамыту; жұмыс iстеп тұрған авиажөндеу кәсiпорындарын сериялылықтан ұшу аппараттары мен авиақозғалтқыштардың шығарылатын типтерiнiң номенклатурасы кең шағын сериялы етiп қайыра бағдарлау. Бағдарламаны жүзеге асырудың мiндеттi шарттары
1. Жұмыс iстеп тұрған 405 АА, 406 АА зауыттарының негiзiнде, әрi қарай мүдделi министрлiктер мен ведомстволар арқылы (ҚМ, ҰҚК, IIМ және КМ) бюджет тарапынан қаржыландыра отырып Қазақстан Республикасында авиажөндеу өндiрiсiн дамыту жөнiндегi үкiмет
бағдарламасын қабылдау. 2. Ресей Федерациясымен және Украина Республикасымен Қазақстан Республикасы авиажөндеу кәсiпорындарының авиация техникасын жөндеудi игерудегi ынтымақтастығы туралы үкiметаралық келiсiмдердi әзiрлеу және жасау: - 406 АА зауыты - ТВ2-117, ТВ3-117, АИ-9 авиақозғалтқыштары, ВР-8, ВР-14 редукторы; - 405 АА зауыты - Ми-8Т, Ми-8ТВ, Ми-8МТ, Ми-8МТВ тiкұшақтары; - 405 АА, 406 АА зауыттары - авиациялық техника агрегаттары, АжРЭЖ бұйымдары. Жауапты орындаушылар: Қорғаныс министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi, Көлiк министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстыр министрлiгi. 3. Бағдарламаны қаржыландыруға қаражат бөлу N 1 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады. 4. Авиация техникаларын жыл сайын жөндеуге жоспарлы жiберу N 2 қосымшаға сәйкес жүргiзiледi. (Кесте) Бағдарламаға N 1 қосымша Бағдарламаны зауыттар және жылдар бойынша қаржыландырудың Жиынтық кестесi (Кесте) Бағдарламаға N 2 қосымша МИ-8 тiкұшақтарын жылдар бойынша жөндеуге жiберу кестесi (Кесте)