ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНIНДЕГI КОМИТЕТ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 22 сәуiр N 424. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.02.21. N 225 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқармасын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет етiп қайта құру туралы" 1994 жылғы 7 қаңтардағы N 1490 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне (Қазақстан Республикасының Мемстандартына):
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiнде бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасында стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды дамытудың негiзгi бағыттарын, перспективалық жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасында стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшем бiрлiгiнiң мемлекеттiк жүйесiн әзiрлеу, жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жетiлдiру;
      республикалық стандарттарды әзiрлеудi және сараптауды, бекiтудi, тiркеудi, шығаруды және мемлекетаралық, халықаралық және ұлттық шетел стандарттарының қорын жүргiзудi ұйымдастыру;
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi заңдық және басқа да нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу;
      республиканың министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарын үйлестiрiп отыру және ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      республикадағы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету, нақты көлем бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталондық негiзiн жасау және сақтау;
      республикада өнiмдi (жұмыс және қызмет көрсету) сертификаттауды жүргiзу, сертификаттау жөнiндегi органдарды, сертификаттау жөнiндегi сынақ орталықтарын (лабораторияларды) аккредиттеу саласындағы бiрыңғай ереже белгiлеу;
      өнiм сапасына, стандарттар, техникалық шарттар, метрологиялық ережелер талаптарының сақталуына, өлшеу құралдарының жағдайы мен қолданылуына мемлекеттiк қадағалау жүргiзу жүктелсiн;
      олар сатуға және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өнiмдер мен тауарларды жою туралы немесе одан әрi өңдеу туралы шешiм қабылдау;
      Ескерту. 1-шi тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң
               1995.09.13. N 1259 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң, өзiне жүктелген мiндеттер шегiндегi шешiмдерi министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар, ұйымдар және республикадағы экономикалық қатынастағы басқа да субъектiлер үшiн орындауға мiндеттi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетке Үкiметтiң тапсыруы бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық, шетелдердегi аймақтық және ұлттық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру өкiлдiгi берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны (күзет пен қызмет көрсетушi қызметшiлердi есепке алмағанда) 60 адам болып белгiлесiн.
      5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң Төрағасына белгiленген адам саны мен еңбек ақы қоры шегiнде Комитеттiң орталық аппаратының штаттық кестесiн бекiту құқы берiлсiн.
      Ескерту. 5-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет пен оның бағынысындағы органдардың стандарттардың, техникалық шарттардың, метрологиялық ережелердiң сақталуына, өлшеу құралдарының жай-күйi мен қолданылуына мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ нақты көлем бiрлiгiнiң эталондық негiзiн жасау мен ұстау, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк жүйелерiн әзiрлеу саласындағы қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң материалдық-техникалық базасын дамытуға бағытталатын стандарттау және сертификаттау туралы заңды бұзғаны үшiн заңды тұлғалардан өндiрiп алынатын соманың 10 процентi мөлшерiндегi арнайы қаражаты жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Аталған қызметтерден басқа жұмыстар шарттық негiзде, тапсырыс берушiнiң қаржысы есебiнен атқарылады.
      Ескерту. 6-шы тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.09.13.
               N 1259 қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне Төрағаның екi орынбасарының және құрамында 7 адам бар алқаның болуына рұқсат етiлсiн.
      8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетке қызмет бабындағы 3 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет жүйесiнде шаруашылық есеп негiзiндегi:
      "ҚазСЕРТИКО" мемлекеттiк шағын кәсiпорыны негiзiнде республиканың өнiмдi, жұмыс пен қызмет көрсетудi сертификаттау жөнiндегi басты ғылыми-әдiстемелiк орталық мiндетi жүктелген Қазақстан мемлекеттiк өнiмдi сертификаттау және сынақтан өткiзу орталығы (ҚазСЕРТИКО);
      "Стандарттар" мемлекеттiк шағын кәсiпорынның негiзiнде мемлекеттiк стандарттарды, ережелердi, ұсыныстарды және басқа да нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды шығару және көбейту құқы бар "Стандарттар" баспа-полиграфия кәсiпорны құрылсын.
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетке тексеру құралдарын, автокөлiк сатып алуға, өндiрiс алаңдарын кеңейтуге, баспа-полиграфия қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi қаржыны; халықаралық және ұлттық шетел стандарттарын алу, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қажеттi валюта қаржысын бөлудi қарастырсын.
      Үкiмет шешiмiн қажет ететiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетке оның баспа-полиграфия қызметiн ұйымдастыруға көмек көрсетсiн.
      12. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен және басқа да мүдделi ұйымдармен бiрлесiп республикада прибор жөндеу базасын құру;
      Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен және басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволармен бiрлесiп стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi ғылыми және бiлiм беру базасын құру туралы мәселелердi пысықтасын.
      Аталған мәселелер жөнiндегi бiрлесiп әзiрлеген ұсыныстар 3 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзiлсiн.
      13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетке оның жүйесiне кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiн иемдену, пайдалану және басқару құқын берсiн.
      14. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы

 

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет

жүйесiне, аумақтық стандарттау және метрология орталықтары мен

қосымшаға сәйкес кәсiпорындар кiредi деп белгiленсiн.

     15. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Министрлер

Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау

жөнiндегi комитет туралы ереже бекiтiлсiн.

     16. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау

және метрология жөнiндегi бас басқарма туралы" 1992 жылғы

15 шiлдедегi N 600 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1992 ж., N 28, 427-бап) күшi жойылды деп танылсын.

            Қазақстан Республикасының

              Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1994 жылғы 22 сәуiрдегi

                                           N 424 қаулысына

                                            Қосымша

            Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң

        жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау

        жөнiндегi комитет жүйесiне кiретiн аумақтық органдар

                         мен кәсiпорындардың

                              Тiзбесi

Алматы стандарттау және метрология         Алматы қаласы

орталығы 

Ақмола стандарттау және метрология

орталығы                                    Ақмола қаласы

Ақтөбе стандарттау және метрология

орталығы                                    Ақтөбе қаласы

Атырау стандарттау және метрология

орталығы                                    Атырау қаласы

Шығыс Қазақстан стандарттау және

метрология орталығы                         Өскемен қаласы

Жамбыл стандарттау және метрология

орталығы                                    Жамбыл қаласы

Жезқазған стандарттау және метрология

орталығы                                    Жезқазған қаласы

Батыс Қазақстан стандарттау және

метрология орталығы                         Орал қаласы  

Қарағанды стандарттау және метрология       Қарағанды қаласы

орталығы

Қызылорда стандарттау және метрология       Қызылорда қаласы

орталығы

Көкшетау стандарттау және метрология         Көкшетау қаласы

орталығы                                      

Қостанай стандарттау және метрология         Қостанай қаласы

орталығы

Маңғыстау стандарттау және метрология        Ақтау қаласы

орталығы

Павлодар стандарттау және метрология          Павлодар қаласы

орталығы

Солтүстiк Қазақстан стандарттау және                         

метрология                                    Петропавл қаласы

орталығы

Семей стандарттау және метрология              Семей қаласы

орталығы

Талдықорған стандарттау және метрология        Талдықорған қаласы

орталығы                                       

Торғай стандарттау және метрология              Арқалық қаласы

орталығы

Оңтүстiк Қазақстан стандарттау және

метрология орталығы                             Шымкент қаласы

Өнiмдердi сертификаттау және сынақтан           Алматы қаласы

өткiзу жөнiндегi "ҚазСЕРТИКО" Қазақ

мемлекеттiк орталығы

"Стандарттар" баспа-полиграфия кәсiпорны          Алматы қаласы



                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1994 жылғы 22 сәуiрдегi

                                           N 424 қаулысына

                                            Бекiтiлген



 
              Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
          жанындағы Стандарттау метрология және сертификаттау
                       жөнiндегi комитет туралы
                             Ереже
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет (мұнай әрi - Мемстандарт) республикада стандарт талаптарын, техникалық шарттарды және өлшем құралдарының жай-күйiн сақтау үшiн стандарттау, метрология, сертификаттау және мемлекеттiк қадағалау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      2. Мемстандарт өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Жоғарғы Кеңестiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Мемстандарттың негiзгi мiндеттерi:
      стандарттау, метрология, сертификаттау саласында бiртұтас ғылыми-техникалық саясат жүргiзу және өнiмнiң сапасын қамтамасыз ету, халықаралық нарыққа шығу үшiн техникалық кедергiлердi болдырмауды Қазақстан Республикасының мүддесiн сақтау, мемлекеттiң мүддесiн және тұтынушылардың құқығын қорғау;
      стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшем бiрлiгiнiң мемлекеттiк жүйесiн әзiрлеу, жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жетiлдiру, республиканың эталон базасын құру, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандартын халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық стандарт талабымен үйлестiру;
      заңдарды және басқа нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу, стандарттау, метрология, сертификаттау және мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу;
      республикада стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшем бiрлiгiнiң халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi жөнiнде министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жұмысын үйлестiру;
      өнiмнiң сапасына мемлекеттiк қадағалауды, стандарт талабын және техникалық шартты, метрологиялық ереже мен өлшем құралының жай-күйiн сақтауды жүзеге асыру болып табылады.
      4. Мемстандарт өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      республикада стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды дамытудың негiзгi бағытын айқындайды;
      өнiмнiң техникалық деңгейi мен сапасын арттыру бөлiгiнде республиканың экономикалық әрi әлеуметтiк дамуының, оның сыртқы нарықтағы бәсекелестiк қабiлетiн арттырудың негiзгi бағыттарын әзiрлеуге, стандарттау, метрология және сертификаттау объектiлерi бойынша мемлекетаралық бағдарламаны жүзеге асыруға қатысады;
      стандарттаудың, метрологияның және сертификаттаудың мемлекетаралық әрi аймақтық жүйесiн әзiрлеуге қатысады, олардың республика аумағында жұмыс iстеуiн ұйымдастырады;
      республикадағы стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды дамытудың қол жеткiзiлген деңгейiн бағалау жөнiндегi жүйелi жұмысты ұйымдастырады, осы салада ғылыми-техникалық жетiстiктi неғұрлым тиiмдi пайдаланудың жолдарын айқындайды;
      министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, ведомстволармен, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттермен бiрлесiп, мемлекеттiк стандарттаудың жыл сайынғы жоспарын әзiрлейдi әрi оны бекiтедi, мемлекетаралық стандарттаудың жоспарына ұсыныс дайындайды;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын және басқа нормативтiк-техникалық құжаттарын әзiрлеудi, қайта қарауды, сараптауды, бекiтудi және тiркеудi ұйымдастырады;
      шет елдердiң мемлекеттiк, мемлекетаралық, аймақтық, халықаралық және ұлттық стандарттарының қорларын қалыптастырады және жүргiзедi;
      мемлекеттiк, мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi ережелерi мен ұсыныстарын басып шығаруды, қайта басып шығаруды және таратуды жүзеге асырады;
      өнiмдерге және шығарылған өлшем құралдарына тiркелген нормативтiк-техникалық құжаттамалар туралы тиiстi органдарға хабарлау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, мүдделi министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, ведомстволарға, кәсiпорындар мен ұйымдарға стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарының өзгергенi туралы хабарлайды;
      стандарт талабының және техникалық шарттың, метрологиялық ереженiң, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуының сақталуына, сондай-ақ стандарттаудың ведомстволық қызметi мен мемлекеттiк басқару органдарындағы, меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiндегi метрологиялық қызметтiң жұмысына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк қадағалаудың нәтижесiн жинақтап қорытады, республика кәсiпорындары шығаратын өнiмдердiң техникалық деңгейi мен бәсекелестiк қабiлетiн талдайды әрi отандық және импорт өнiмдерiнiң сапасы туралы, стандарт, талабы мен техникалық шарттың бұзылғаны туралы мәлiметтер банкiн қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат табыс етедi;
      өнiмдердi (жұмыстар, қызмет көрсетулер), өндiрiс пен сапа жүйесiн сертификаттау, сертификаттау жөнiндегi органдарды, сынақ лабораторияларын (орталықтарды) аккредиттеу және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және жүргiзедi, республиканың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге және мүдделi халықаралық әрi аймақтық ұйымдарға сертификаттау, сынақ лабораториялары (орталықтар), сертификатталатын өнiмдер мен сапаның сертификатталған жүйелерi туралы хабарлайды;
      нақты өлшем бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталон базасын қажеттi деңгейде сақтауды, ұстауды және дамытуды қамтамасыз етедi, республикада қолдануға жiберiлген өлшем құралдары мен стандарт үлгiлерiне мемлекеттiк реестр жүргiзедi;
      мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң, уақыт пен жиiлiк қызметiнiң, заттар мен материалдардың стандартты анықтамалық мәлiметтерiнiң және стандарттық үлгiлерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады;
      республикада шығарылған және импортпен келген өлшем құралдарына мемлекеттiк сынақ жүргiзедi, өлшем құралдарын мемлекеттiк тексеруден өткiзедi әрi таңбалайды, өлшем құралдарын дайындайтын, тексеретiн, жөндейтiн және прокатқа беру мен сатуды жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдардың есебiн жүргiзедi;
      республиканың стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы мамандарының бiлiктiлiгiн даярлау мен арттыруды ұйымдастырады әрi жүргiзедi;
      стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      Мемстандарттың аумақтық органдары қызметiнiң негiзгi ережелерi мен принциптерiн әзiрлейдi;
      шарттарға, келiсiмдерге және бiр жолғы сұраныстарға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға ақылы инженерлiк-талдау және инженерлiк-енгiзу қызметтерiн көрсетедi.
      5. Мемстандартқа оның құзырының шегiнде:
      өз құзырының шегiнде ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар, басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер орындау үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдау;
      Үкiметтiң тапсыруымен стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық, шет елдегi аймақтық және ұлттық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру;
      Мемстандартқа жүктелген мiндеттердi орындау үшiн белгiленген тәртiппен кәсiпорындарға, ұйымдарға беру;
      мемқадағалау жүргiзген кезде стандарт талабы мен техникалық шарттың, метрологиялық ереженiң және сертификаттау жөнiндегi ереженiң бұзылу фактiлерi белгiлi болған жағдайда заңмен айқындалған ықпал ету шараларын қолдану;
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, ведомстволардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан шығарылған өнiмдердiң сапасы мен техникалық деңгейi және нормативтiк-техникалық құжаттамалардың деңгейi туралы белгiленген тәртiппен ақпарат алу;
      стандарттарға, тарифтерге, олар орындаған жұмыстар мен қызмет көрсетулерге баға белгiлеу, баспа қызметiмен шұғылдану;
      сәйкестiк сертификатын беру;
      шет елдiң сертификаттарын, сәйкестiк белгiлерiн танудың ережесiн белгiлеу, шет елдiң сынау орталықтары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесiндегi сертификаттау жөнiндегi органдарды аккредиттеу;
      республиканың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң өлшем құралдарын өндiру, түгендеу, жөндеу, жалға беру мен сату құқына лицензия жүргiзу;
      тиiстi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, ведомстволармен, кәсiпорындармен және ұйымдармен, ғылыми-техникалық қоғамдармен келiсе отырып стандарттау, метрология, сынау және сертификаттау саласында бiрлесiп жұмыс iстеу үшiн жоғары бiлiктi мамандарды тарту;
      стандарттау, метрология, сертификаттау және өнiмнiң сапасы саласында жүргiзiлiп жатқан жұмыстың жай-күйi туралы министрлiктердi, мемлекеттiк комитеттердi, ведомстволарды, кәсiпорындар мен ұйымдарды тыңдау, туындаған келiспеушiлiктердi солармен бiрлесiп қарау және ол бойынша шешiм қабылдау;
      министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, ведомстволармен және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен бiрлесiп, стандарттаудың, метрологияның, сертификаттаудың және өнiм сапасын арттырудың техникалық комитеттерiн құру;
      Мемстандарттың аумақтық органдарының мемқадағалауының нәтижесi бойынша кәсiпорындар мен ұйымдарға әкiмшiлiк әрi экономикалық санкцияларды қолдану және алып тастау құқы берiледi;
      олар сатуға және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өнiмдер мен тауарларды жою туралы немесе одан әрi өңдеу туралы шешiм қабылдайды.
      Ескерту. 5-шi тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң
               1995.09.13. N 1259 қаулысымен.
      6. Мемстандарт оған ведомстволық бағыныстағы аумақтық стандарттау және метрология орталықтарының және басқа кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмысына тiкелей басшылық жасайды, оларды құрудың, қайта құрудың, таратудың және берудiң, мәселелерiн, сондай-ақ олар туралы ережелердi белгiленген тәртiппен бекiтедi. Мемстандарт пен оған ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың және ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынас "Кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және осы Ереженiң негiзiнде мемлекеттiк басқару функциясы мен тiкелей шаруашылық жүргiзудi шектеу принципiне құрылады.
      7. Мемстандартты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын Төраға басқарады.
      Мемстандарт Төрағасы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
      Мемстандарт Төрағасының соның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын орынбасарлары бар.
      Мемстандарт Төрағасының орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспектордың орынбасарлары болып табылады.
      Мемстандартта алқа құрылады, ол өз құзырына жататын мәселелердi қарайды. Алқа шешiмi Мемстандарт Төрағасының қаулыларымен және бұйрықтармен жүзеге асырылады.
      Мемстандарттың Төрағасы:
      меншiк нысандарына қарамастан, мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда және кәсiпорындарда Мемстандарттың мүддесiн бiлдiретiн шарт жасасады, банктерде есеп айырысу және басқа есепшоттар ашады әрi Мемстандартқа жүктелген мiндеттердiң орындалуына тiкелей жауап бередi;
      Мемстандарттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң және оған ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн ұйымдастырады;
      бекiтiлген сан мен еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде, қызметкерлер мен мамандардың санының нормасы мен қатынасын есепке алмай, орталық ақпараттың, штат кестесiн және мамандардың жалақысын бекiтедi;
      Мемстандарттың жүйесiне енетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын контракт негiзiнде тағайындайды.
      Ескерту. 7-тармақтың 9 абзацынан сөз алынып тасталған -
               ҚРМК-нiң 1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      8. Мемстандарт мерзiмдiк және жылдық жиынтық есептi белгiленген тәртiппен түзедi әрi тиiстi мемлекеттiк органдарға табыс етедi.
      9. Мемстандарт заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ әрi орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған мөрi, фирмалық бланкiлерi, тексерiлетiн, сертификатталатын жұмыстарды, өлшем құралдарын сериялық шығаруды және басқа мақсаттарды тiркеу әрi куәландыру үшiн арнаулы белгiлерi мен штамптары бар.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады