ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНIНДЕГI АГЕНТТIГIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 22 сәуiрдегі N 430 ҚАУЛЫСЫ. Күші жойылды - Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен. 

       Күші жойылды - Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2005.06.30. N 662  қаулысымен .
        Ескерту. Атауында сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143   қаулысымен
       Ескерту. Атауындағы және мәтiнiндегi сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1788   қаулысымен .
       Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481   қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгiн жоғары деңгейде сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Республиканың елдi мекендерi мен объектiлерiнде мемлекеттiк өрт қадағалау мен өрт сөндiру Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметiнiң департаментi мен олардың бөлiмшелерiне жүктелетiн болып белгiленсiн.<*> 
      <*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1345  қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .
      2. Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк өрт қадағалау туралы Ереже: 
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiктiң қарамағына берiлмейтiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметтерiнiң тiзiмi N 1 қосымшаға сәйкес;<*> 
      Мемлекеттiк өртке қарсы кәсiбилендiрiлген қызметтi Мемлекеттiк әскерилендiрiлген өртке қарсы қызмет етiп кезең-кезеңмен қайта ұйымдастыру кестесi 2 қосымшаға сәйкес.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақтағы сөздер ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.11.01. N 1345  қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481  қаулысымен .
      3. Мемлекеттiк өрттен қорғау департаментi бастығы лауазымы бойынша әрi өрт қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк инспекторы, ал оның орынбасарлары - өрт қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасы бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.<*> 
      Мемлекеттiк өрттен қорғау департаментi құрылымдық басқармаларының, бөлiмдерiнiң бастықтары, олардың орынбасарлары лауазымдары бойынша әрi өрт қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.<*> 
      Алматы қалалық, облыстар мен Ленинск қалалық Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi басқармаларының, бөлiмдерiнiң бастықтары, олардың орынбасарлары, аумақтық органдардың мемлекеттiк өрт қадағалау бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң бастықтары, лауазымдары бойынша әрi тиiстi аймақтардың (облыстардың, қалалар мен аумақтардың) өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.<*> 
      Басқа мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары, мемлекеттiк өрт қадағалау инспекторлары, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн қадағалауды қамтамасыз ететiн барлық мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының бас мамандары, аға инженерлерi, аға инспекторлары, инженерлерi мен инспекторлары лауазымдары бойынша өрт қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады деп белгiленсiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1345  қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .
      4. Жекелеген қалалар, поселкелер мен аудан орталықтары бойынша әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң санын өзгертудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi бекiтетiн болып белгiленсiн.<*><*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1345  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .
      5. Әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiн ұстауға, өрт сөндiру депосының жайларын салуға, өрт сөндiру техникасын, жабдықтары мен мүлкiн сатып алуға арналған шығындар:<*><*> 
      - қалалардағы, поселкелер мен аудан орталықтарындағы әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерi бойынша жергiлiктi бюджет есебiнен;<*> 
      - меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiп кәсiпорындары мен басқа да шаруашылық объектiлерiндегi әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерi бойынша тиiстi кәсiпорындармен, ұйымдар және мекемелермен жасалған шарттар бойынша алынатын қаражат есебiнен жұмсалатын болып белгiленсiн.<*> 
      <*> 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1345  қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi және 2-бөлiгi алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .
      6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне:<*>
      - өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен басқа да объектiлерде әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiн тиiстi кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден шарттар бойынша алынатын қаржы есебiнен құру; 
      - республикалық, облыстық, қалалық Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi басқармаларының, бөлiмдерiнiң, мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының, оқу, ғылым орындары мен бөлiмшелерiнiң санын әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiн ұстауға бөлiнетiн қаражат есебiнен, бiрақ осы санның 6 процентiнен аспайтындай мөлшерде көбейту; 
      - қажет болған жағдайда қалалар арасында әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң санын белгiленген лимит шегiнде қайта бөлу; 
      Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң типтiк штаттарын әзiрлеу және бекiту құқы берiлсiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақта сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1345  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер таратылған жағдайда олардың аумағынан тысқары жерлердегi әскерилендiрiлген, кәсiби және ведомстволық Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң қызмет жайларын, өрт сөндiру техникасын, автокөлiгiн, мүлкiн, мүкәммалы мен басқа да материалдық құндылықтарын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментiнiң балансын тегiн өткiзу тәртiбiн әзiрлесiн.<*>
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақта "өрттен қорғау" деген сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1345  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .
      8. Облыстардың, Астана және Алматы қаласының әкiмдерi:<*>
      - қалалық және ауылдық мекендердi, сондай-ақ өнеркәсiптiк тораптарды салу мен қайта жаңартуда қызмет көрсетудiң нормативтiк радиусына сәйкес өрт сөндiру деполарының жайларын жергiлiктi бюджеттер қаражаты мен кәсiпорындардың үлестi қатысуы есебiнен күнiлгерi салуды қамтамасыз етсiн; 
      - әрбiр елдi мекенде, меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық және өзге де объектiлерде iске сақадай сай өртке қарсы құрамаларды (жасақтарды, командаларды, бөлiмшелердi, топтарды) нормативтерге сәйкес өрт сөндiру деполарымен, өрт сөндiру техникасымен және құрал-жабдықтарымен олардың өз қаражаты есебiнен қамтамасыз ете отырып құратын болсын.
       ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ сөзбен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.
      9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi N 3 қосымшаға сәйкес жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы   
Министрлер Кабинетiнiң   
1994 жылғы 22 сәуiрдегi  
N 430 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалау туралы
Ереже

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалау республика қалаларында, басқа да елдi мекендерде және меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiн жоғары деңгейде ұстау мақсатында жүргiзiледi.
      2. Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi департаментi, Алматы қалалық облыстық Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi басқармалары, бөлiмдерi, мемлекеттiк өрт қадағалау бөлiмдерi, бөлiмшелерi мен инспекциялары, қалалардың, поселкелердiң, аудан орталықтарының, әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi отрядтары мен бөлiмдерi, бөлiмшелерi Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалау органдары болып табылады.<*><*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1345  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143 қаулысымен.
      3. Мемлекеттiк өрт қадағалауды қамтамасыз ететiн органдар мен лауазымды адамдар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң өзге де шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерi мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi департаментi бастығының актiлерiн және басқа да қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бекiтiлген нормативтiк актiлердi басшылыққа алады.<*>
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .
      4. Мемлекеттiк  өрт қадағалау органдарының негiзгi мiндетi елдi мекендерде, меншiк нысанына қарамастан шаруашылық объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн қадағалауды қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Мемлекеттiк өрт қадағалау органдары:
      өрт қауiпсiздiгiн қадағалауды жүзеге асыруға;
      өрт туралы iстер бойынша тексерулер жүргiзуге;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер жүргiзудi жүзеге асыруға мiндеттi.
      6. Мемлекеттiк өрт қадағалау органдары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес;
      министрлiктерде, ведомстволарда, қарастылығына және меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары актiлерiнiң орындалуына бақылау жасауды, әкiмшiлiк өкiлдерiнiң қатысуымен өртке қарсы талаптардың, стандарттардың, нормалар мен ережелердiң орындалуын тексерудi жүзеге асыруға; 
      кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың басшыларына, басқа да лауазымды адамдар мен азаматтарға анықталған ереже бұзушылықтарды жою және өрттiң алдын алу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы ұйғарымдар жiберуге; 
      министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң есебiнен өрт себептерiн айқындау үшiн өткiзiлуге мiндеттi сараптамалар, сондай-ақ құрал-жабдықтарды, бұйымдарды, заттарды, материалдарды олардың өрт туғызу қаупiнiң дәрежесiн анықтау үшiн бақылау сынақтарын тағайындауға; 
      ведомстволық қарастылығына қарамастан елдi мекендер мен объектiлердiң өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң өртпен күресуге әзiрлiгiн бақылауға; 
      меншiктiң барлық нысандарындағы жобалау және құрылыс ұйымдарының кәсiпорындарды, үй-жайларды, ғимараттарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде стандарттарда, нормалар мен ережелерде көзделген өртке қарсы талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыруға; 
      жер учаскелерiн таңдау және үй-жайларды, кәсiпорындар мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысуға; 
      өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн стандарттар, нормалар мен ережелер жобаларын, сондай-ақ нормалар мен ережелер белгiленбеген объектiлердi салуға арналған жобалық шешiмдердi келiсуге; 
      төтенше жағдайларда өрт сөндiру және апаттан құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, ведомстволық қарастылығына қарамастан көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды жұмылдыруды; 
      қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiрiп әкетуге өкiм беруге, құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтата тұруға; 
      өрт сөндiруге, адамдар мен мүлiктi құтқаруда ерекше көзге түскен азаматтарды ынталандыруға; 
      мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, лауазымды адамдарға, жеке меншiк иелерiне өрттiң шығуына мүмкiндiк беретiн жағдайларды, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзуды болдырмау жөнiндегi шаралар туралы орындалуға мiндеттi ұсыныстар мен ұйғарымдар енгiзуге, ал олар қабылданбаған жағдайда айыптыларды заңда көзделген жауапкершiлiкке тартуға; 
      бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары мен басқа да қызметкерлерiнен, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдардан объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн сипаттайтын мәлiметтер мен құжаттар алуға; 
      заңдарда әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны туралы хаттамалар жасап, iстер қарауға құқылы; 
      өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн нормативтiк актiлердi жасау және келiсу; 
      Қазақстан Республикасының аумағында болған барлық өрттердi (олардан келген зардаптарды) мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1345  қаулысымен .. 
      7. Мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының ұйғарымдары жазбаша түрде берiледi және ведомстволық қарастылығы мен меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың лауазымды адамдары, сондай-ақ азаматтар үшiн орындауға мiндеттi болып табылады. Ұйғарым алған және онымен келiспейтiн лауазымды адамдар мен азаматтар ұйғарым тапсырылған күннен бастап 10 күндiк мерзiмде жоғары тұрған мемлекеттiк өрт қадағалау органына шағым беруге құқылы.
      8. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорында, мекемеде, ұйымда тiкелей өрт шығу қаупiн туғызатын өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғанда, сондай-ақ объектiлердi, кәсiпорындарды, мекемелердi, ғимараттарды, үй-жайларды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жабдықтау кезiнде жобада немесе жобалау нормаларында көзделген өртке қарсы талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, облыстардың, қалалардың және аумақтардың өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары кәсiпорынның, жеке өндiрiстiң, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтатуға, үйдi, құрылысты пайдалануға тыйым салуға, ал өрт қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - кәсiпорынның (жеке өндiрiстiң) жұмыс iстеуiнiң тұтастай тоқтатылуына әкелiп соқпайтын болса, жекелеген жайларды пайдалануға тыйым салуға, өндiрiс учаскесiнiң немесе агрегаттың, электр торабының, жылыту құралының жұмысын және өрт шығу қаупi бар жұмыстардың жүргiзiлуiн тоқтатуға құқылы. 
      Кәсiпорынның, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын тоқтатуға немесе үйдi, ғимаратты, жайларды пайдалануға тыйым салу туралы қаулы объектiнiң басшысына берiледi және осындай шешiм қабылдауға негiз болған ереже бұзушылықтар жойылғанға дейiн күшiнде болады. 
      Кәсiпорынның, мекеменiң, ұйымның басшысы кәсiпорынның, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын тоқтату, үйдi, ғимаратты немесе жайды пайдалануға тыйым салу туралы қаулы жөнiнде ол берiлген күннен бастап 5 күндiк мерзiмде жоғары тұрған мемлекеттiк өрт қадағалау органдарына немесе сотқа шағымдануға құқылы. Шағымның берiлуi қаулының орындалуын тоқтатпайды. 
      Кәсiпорынның, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын тоқтату, үйдi, ғимаратты немесе жайды пайдалануға тыйым салу туралы қаулыны, осы шешiмдi қабылдаған орган, лауазымды адам, оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттiк өрт қадағалау органы немесе сот жоюы немесе өзгертуi мүмкiн. 
      9. Мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының жоғары тұрған лауазымды адамдарының нұсқаулары мен өкiмдерiн мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының төменгi лауазымды адамдары орындауға мiндеттi. 
      10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық Ұланының, әуе, темiр жол, теңiз және су көлiктерiнiң объектiлерiнде мемлекеттiк өрт қадағалау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi мен Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволары арасындағы келiсiмдермен белгiленедi.<*> 
      Шахталардың, рудниктердiң, кенiштердiң жер асты құрылыстарында, әуе, теңiз, су және автомотоэлектр көлiктерiнде, сондай-ақ орман, дала аумақтары мен тоғайлы алаптарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң орындалуына тиiстi министрлiктер мен ведомстволар бақылау жасайды. 
       ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143 қаулысымен.
      11. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң төрағасы қажет болған жағдайларда өзге министрлiктер мен ведомстволардың басшыларымен бiрлесiп шаруашылық объектiлерiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Ереженi қолдану жөнiнде бұйрықтар мен нұсқамалар шығарады.<*>
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .
      12. Осы Ережеде көзделген мiндеттердiң мемлекеттiк өрт қадағалау органдарына жүктелуi министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларын, әкiмдердi елдi мекендердiң, объектiлердiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi белгiленген талаптардың орындалуына жүйелi түрде бақылау жасау мiндеттерiнен босатпайды және кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдар басшыларының өз қарамағындағы объектiлердiң өрт қауiпсiздiгi үшiн дербес жауапкершiлiгiн шегермейдi. 
      13. Объектiлер, олардың өрт қауiптiлiгiнiң маңыздылығы мен дәрежесiне қарай I, II, III және IV топтарға бөлiнедi. Мұндай объектiлердiң тiзбесiн мемлекеттiк өрт қадағалау органдары айқындайды. 
      IV топқа қатысты объектiлер мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының жыл сайын паспорттау жүргiзуiне жатады.<*> Паспорттау жүргiзу туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жасайды және бекiтедi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. Ереже 13-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1345  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 13-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. N 505 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Министрлер Кабинетiнiң   
1994 жылғы 22 сәуiрдегi  
N 430 қаулысына     
N 1 қосымша    

  Өртке қарсы қызметтi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң қарауына берiлмейтiн Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының<*>
Тiзбесi

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi<*>
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi <*> 
      Әуе және темiр жол көлiктерi кәсiпорындары
       Ескерту. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .

Қазақстан Республикасы  
Министрлер Кабинетiнiң  
1994 жылғы 22 сәуiрдегi  
N 430 қаулысына    
2-қосымша<*>   

       ЕСКЕРТУ. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.01.14. N 10 қаулысымен.

Кәсiби Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет етiп кезең-кезеңмен қайта құрудың КЕСТЕСI

___________________________________________________________________
                       Елдi мекендердiң атауы
___________________________________________________________________
                          Қайта құру жылы
___________________________________________________________________
     1997       |      1998      |      1999      |       2000
___________________________________________________________________
       1        |        2       |        3       |        4
___________________________________________________________________
                           Ақмола облысы

   Балкашин с.     Державин қ.     Ақкөл қ.        Краснознаменск с.
   Жақсы с.        Қорғалжын с.    Ерейментау қ.   Промышленный
                                                   пос.
   Вишневка пос.   Шортанды пос.   Астраханка с.
                   Атбасар қ.
                   Макин қ.
                   Есiл қ. 

                           Ақтөбе облысы 

   Батамашин пос.  Хромтау пос.    Қарабұтақ пос.  Кобда а.
   Қарғалы с.      Алға қ.         Мәртөк пос.     Ойыл с.
   Қандыағаш қ.    Ембi қ.         Темiр қ.        Ақраб с.
   Ырғыз с.        Шалқар қ.       Бөгеткөл пос.   Шұбарқұдық пос.
                                                   Байғани пос. 

                           Алматы қаласы 

   Алатау пос. 

                           Алматы облысы

   Шелек с.        Сарыөзек пос.   Ақши с.         Кеген с.
   Қарабұлақ пос.  Жәркент қ.      Бақанас с.      Нарынқол с.
   Киров пос.                      Лепсi пос.      Қабанбай а.
                                   Жансүгiров пос. Қапал с.
                                   Сарқант қ.      Қоғалы с.
                                   Текелi қ.       Үшарал қ.
                                                   Үштөбе қ. 

                           Атырау облысы 

   Құлсары пос.    Индербор пос.   Мақат пос.      Миялы с.
                                   Махамбет пос.   Балықшы пос. 

                       Шығыс Қазақстан облысы

   Шульбинск пос.  Жезкент пос.    Георгиев с.     Көкпектi с.
   Қарауыл с.      Жаңа шульба с.  Бақыршық пос.   Ақсуат с.
   Бородулиха с.   Большая         Шар қ.          Мақаншы с.
                   Владимировка с.                 Үржар с.
                   Аягөз қ. 

                           Жамбыл облысы

   Ассы с.         Сарыкемер а.    Ақкөл с.        Луговое пос.
   Бауыржан        Төлеби а.       Байқадам с.     Фурмановка с.
   Момышұлы а.     Қаратау қ.      Құлан а.        Георгиев с.
                                   Шу қ.           Мерке с. 

                       Батыс Қазақстан облысы

   Чапаев а.       Переметное с.   Федеровка с.   Казталовка с.
                   Жымпиты а.      Каменка с.     Жәнiбек с.
                                   Шыңғырлау с.   Қаратөбе с.
                                                  Сайхин а.
                                                  Жаңғала а. 

                          Қарағанды облысы

   Қаражал қ.      Атасу пос.     Ағадыр пос.     Үлытау с.
                   Ақсу-Аюлы с.   Ақтоғай с.      Шашубай пос. 

                          Қызылорда облысы

   Қазалы қ.       Арал қ.        Жалағаш пос.    Шиелi пос.
                   Жаңа Қазалы пос.               Жаңақорған пос.
                   Тереңөзек пос. 

                          Қостанай облысы

   Боровской пос.  Уруцкий пос.   Қарасу с.       Ленинское с.
   Комсомолец пос. Федоров пос.   Қашар пос.      Тобыл пос.
   Құсмұрын пос.   Аманқарағай    Орджоникидзе с. Троебратский пос.
   Обаған с.       пос.           Октябрс с.      Торғай с.
                   Докучаев с.    Затобол пос.    Семиозерное с.
                   Камышное с.    Жiтiқара қ.     Таран с.
                   Арқалық қ.                     Жалдама с.
                   Амангелдi с.

                          Павлодар облысы 

   Ақсу пос.       Шiдертi пос.   Железинка с.    Майқайың пос.
   Қалқаман пос.   Баянауыл с.    Көктөбе с.      Төртқұдық пос.
   Ақтоғай с.      Ертiс с.       Лебяжье с.      Успенка с.
                                  Качир с.        Ленинск пос. 

                     Солтүстiк Қазақстан облысы

   Бескөл с.       Возвышенка с.  Тимирязев с.    Корнеев с.
   Преснов с.      Благовещенка с.Явленка с.      Соколов с.
   Заозерный пос.  Арықбалық с.   Чистополье      Чкалов с.
   Саумалкөл пос.  Келлеровка с.  Рузаев с.       Ленинград с.
   Зерендi с.                     Булаев қ.       Уәлиханов с.
                                  Тайынша қ.      Смирнов пос.
                                  Мамлютка қ.     Кiшкенекөл пос.
                                  Сергеевка қ.    Новоишимск пос.
                                  Степняк қ.      Талшық пос.
                                  Боровое пос. 

                     Оңтүстiк Қазақстан облысы

   Тұрар           Темiрлан с.    Асықата пос.    Шәуiлдiр с.
   Рысқұлов а.     Шардара қ.     Ильич пос.      Бәйдiбек с.
   Көксаяқ с.      Абай с.        Мырзакент пос.  Шолаққорған с.
   Қазығұрт а.     Арыс қ.        Леңгiр қ.       Жетiсай қ.
                                  Сарыағаш қ.     Ақсу с.

       ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143  қаулысымен .

Қазақстан Республикасы   
Министрлер Кабинетiнiң   
1994 жылғы 22 сәуiрдегi  
N 430 қаулысына     
N 3 қосымша    

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшiн жойған кейбiр шешiмдерiнiң Тiзбесi 

      1. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1953 жылғы 26 қыркүйектегi "Архив сақтау орындарындағы өрт қауiпсiздiгiнiң уақытша ережелерiн бекiту туралы" N 728 қаулысы. 
      2. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 5 қыркүйектегi "СССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 15 шiлдедегi "Елдi мекендер мен халық шаруашылығы объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" N 654 қаулысын жүзеге асыру туралы" N 429 қаулысы. 
      3. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1981 жылғы 8 шiлдедегi "Республика халық шаруашылығы объектiлерi мен елдi мекендерiн өрттен қорғауды күшейту туралы" N 310 қаулысы. 
      4. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1983 жылғы 7 шiлдедегi "Республика Үкiметiнiң Қазақ ССР-i қалаларының, басқа елдi мекендерi мен халық шаруашылығы объектiлерiнiң өрт хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiн бiрiктiру туралы" N 283 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1983 ж., N 15, 55-бап). 
      5. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 29 мамырдағы "Республика халық шаруашылығы объектiлерi мен елдi мекендерiн өрттен қорғауды күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" N 264 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1987 ж., N 17, 65-бап). 
      6. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1988 жылғы 26 қазандағы "СССР Министрлер Советiнiң 1988 жылғы 29 тамыздағы "Елiмiзде өрт қауiпсiздiгiн одан өрт нығайту жөнiндегi шаралар туралы" N 1058 қаулысын жүзеге асыру туралы" N 489 қаулысы. 
      7. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 2 ақпандағы "Қазақ ССР Iшкi iстер министрлiгi жанындағы өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi ведомствоаралық Совет туралы" N 41 қаулысы.

Қазақстан Республикасы  
Министрлер Кабинетінің  
1994 жылғы 22 сәуірдегі 
N 430 қаулысына 4-қосымша <*>

       ЕСКЕРТУ. Қаулы жаңа 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.22. N 616  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 4-қосымша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.02.27. N 239  қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады