ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒЫНАН ҚОРҒАЛАТЫН САНАТТАРЫНА ЖЕҢIЛДIКТЕР (АҚШАЛАЙ ӨТЕМДЕР) ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 27 сәуiр 1994 ж. N 437. Күшi жойылған - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.19. N 999 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1994 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1529 Жарлығымен (23-тармағы) және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1994 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1529 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" 1994 жылғы 12 сәуiрдегi N 1652 Жарлығымен (5-тармағы) 1994 жылдың 1 сәуiрiнен бастап ақшалай өтем жасау түрiндегi атаулы әлеуметтiк жеңiлдiктер берудiң жаңа тетiгiнiң енгiзiлуiне байланысты, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға бұрыннан бар жеңiлдiктердi сақтау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1668 Жарлығына сәйкес, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларын және оларға теңестiрiлген адамдарды; Чернобыль АЭС-iндегi апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды; екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiндегi фашистiк концлагерьлердiң, геттолардың және басқадай еркiнен тыс орындарының бұрынғы жасы толмаған тұтқындарын; "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медальдарымен наградталған азаматтарды; Ұлы Отан соғысы кезiндегi майдандағы армияның ерiктi жалдамалы құрамында, болған адамдарды әлеуметтiк жағынан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына және оларға теңестiрiлген адамдарға Үкiмет бұрыннан белгiлеген жеңiлдiктер сақталсын.
      2. Жеңiлдiктер (ақшалай өтем мөлшерi) жөнiнде мыналар:
      Чернобыль АЭС-iндегi апат салдарынан зардап шеккен әрi бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер болған азаматтар - Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне;
      Чернобыль АЭС-iндегi апат салдарынан зардап шеккен әрi үшiншi топтағы мүгедектер болған азаматтар, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiндегi фашистiк концлагерьлердiң, геттолардың және басқадай еркiнен тыс ұстау орындарының бұрынғы жасы толмаған тұтқындары және "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" мен "Ленинградты қорғағаны үшiн" медальдарымен наградталған азаматтар, ядролық қару қолданылған жауынгерлiк әзiрлiктерге қатысқан әскери қызметшiлер - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;
      Ескерту. 2-тармағының үшiншi абзацы сөздермен толықтырылған -
               ҚРМК-нiң 3.08.1994 ж. N 873 қаулысымен.
      Ұлы Отан соғысы кезiндегi майдандағы армияның ерiктi жалдамалы құрамында болған адамдар - бiрiншi топтағы мүгедектерге;
      Чернобыль АЭС-iндегi апат салдарынан қаза тапқандардың, сәуле ауруларының зардабынан қайтыс болғандардың және қайтыс болған мүгедектердiң отбасылары - қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
      Чернобыль АЭС-iндегi апат салдарынан зардап шеккен азаматтардың қалған санаттары - "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлiк еңбегi үшiн" медалiмен наградталған адамдарға теңестiрiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi аталған жеңiлдiктердi беру тәртiбiн белгiлесiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады