1. Темiр жол көлiгiн материалдық-техникалық жабдықтау жөнiндегi "Қазтемiржолжабдықтау" мемлекеттiк кәсiпорны мен республиканың темiр жол басқармаларына экспорттық операциялар мен қызмет көрсетулерден алынған 100 процент валюталық түсiмдi "Вагонбау Аммендорф Гмбх" фирмасымен контрактi бойынша кредиттiң орнын жабуға пайдалануға рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi контрактiге сәйкес ұсынылған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi
республиканың темiр жол көлiгi кәсiпорындарын Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Орынбасарының 1993 жылғы 5 тамыздағы N 6-8 өкiмiмен Қазақ республикалық "Қайталамақарамет" өндiрiстiк жалгерлiк бiрлестiгiне белгiленген қара металдың сынығы мен қалдығын берiп тұрудан босататын болсын. 4. Осы қаулы кредиттiң орны толық жабылғанға дейiн күшiнде қалады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi