1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитеттiң кәсiпорындары мен ұйымдары негiзiнде "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi - Компания) құрылсын.
2. Компания Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитеттiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн иеленушi болып табылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Компания құрамына енгiзiлетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесiн белгiлесiн;
Компанияға Балық шаруашылығы жөнiндегi комитет жүйесiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын заңда көзделген тәртiппен берсiн.
4. Компания құрамына енгiзiлетiн Қазмембалықфлотинспекциясының, оқу орындары мен ғылыми мекемелердiң, питомниктерiнiң, шабақ өсiру шаруашылықтары мен балық заводтарының қызметiн, сондай-ақ балық шаруашылық сутоғандарда балық өсiру-мелиорация жұмыстарын жүргiзудi қаржыландыру республикалық бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Компаниямен бiрлесе отырып:
- Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына және "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығына сәйкес Компания құрамына енгiзiлетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк меншiгiн қайта құруды жүргiзу тапсырылсын. Құрылатын акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерленуiне қарай Компанияның иеленуiне, басқаруына және пайдалануына берсiн;
- бiр ай мерзiм iшiнде Компанияның құрылтай құжаттарын әзiрлесiн.
6. Компанияға:
тұжырымдамалар жасау, республиканың тұтыну рыногын молықтыру мақсатында балық шаруашылығын тиiмдi инвестициялық және ғылыми-техникалық саясат негiзiнде өндiрiстiк және әлеуметтiк дамыту бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру;
республиканың су айдындарында балық қорын көбейту мен тұрақты балық-шикiзат базасын жасау жөнiндегi ғылыми-өндiрiстiк талдамаларды орындау мен енгiзу жөнiнде бiрыңғай саясат жүргiзу;
сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, саланың өндiрiстiк
базасын жаңғырту мен дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды тарту мен пайдалану; республиканың балық шаруашылық су айдындарының биологиялық ресурстарын қорғау, көбейту мен ұтымды пайдалану шараларын әзiрлеу мен жүзеге асыру мәселелерiнде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру және өз құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру тапсырылсын. 7. Компанияға қатысты мемлекеттiк басқару функциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асырады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi