Шағын және орташа қалаларды дамыту проблемалары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 6 мамыр 1994 ж. N 483

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуына, шығарылып келген дәстүрлi өнiмдерге деген сұранымның азаюына байланысты өндiрiстiң күрт құлдырауы қала құраушы кәсiпорындардың әлеуетiн едәуiр кемiтiп, Кентау, Алға, Жаңатас, Жетiқара, Лениногор, Текелi, Октябрьск сияқты және басқа да қалалардағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалды мүлде шиеленiстiрiп жiбергенiн атап көрсетедi.

     Қала құраушы кәсiпорындардың жұмысын жолға қою, қажет
болған ретте қосымша жұмыс орындарын құру және тұтас алғанда
аталған қалалардың қалыпты тiршiлiгiнiң перспективаларын айқындау
жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Мына құрамда Үкiмет комиссиясы құрылсын:
     
Нұрмұхамедов К.К. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                    орынбасары (комиссия төрағасы)
Акимов Б.М.       - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрiнiң
                    орынбасары (комиссия төрағасының орынбасары)

                   Комиссия мүшелерi:
     
Ардасенов С.Б.    - "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк
                    компаниясының президентi
Ауанов М.К.       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 
                    орынбасары
Бегахметов Т.Х.   - Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң
                    орынбасары
Бiтiмбаев М.Ж.    - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрiнiң
                    орынбасары
Журин В.К.        - "Қазтұрғынкомшар" концернi төрағасының бiрiншi
                    орынбасары
Косарев В.А.      - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                    министрiнiң орынбасары
Мәлiмбаев М.С.    - Қазақстан Республикасы Геология және жер
                    қойнауын қорғау министрiнiң орынбасары
Шандыров Т.К.     - Қазақстан Республикасы Экология және 
                    биоресурстар министрiнiң орынбасары


      Үкiмет комиссиясының құрамына сол сияқты лауазымы бойынша тиiстi облыстар мен қалалар өкiмдерiнiң орынбасарлары кiредi.
      2. Комиссияға қажет жағдайда министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi әкiмшiлiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың мамандарын тартуға құқық берiлсiн.
      3. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары, облыс және қала әкiмдерi қажеттi ақпарат алуда комиссияға жәрдем берсiн.
      4. Үкiмет комиссиясы қажет болған жағдайда өз жұмысының нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына белгiленген тәртiпке орай ұсыныстар енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады