ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАРИТ ЖӘНЕ БЕНТОНИТ ӨНДIРIСIН ДАМЫТУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 12 мамыр 1994 ж. N 502. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасында барит және бентонит шығару жөнiндегi жоғары технологиялық өндiрiстi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясы және "Калибар" бiрлескен кәсiпорны әзiрлеген Қазақстан Республикасында барит және бентонит өндiрiсiн дамытудың 1994-1995 жылдарға арналған бағдарламасы мақұлдансын. 
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi Бағдарламаның белгiленген мерзiмде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн болсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясы "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының босаған өндiрiстiк алаңының бiр бөлiгiн "Калибар" бiрлескен кәсiпорнына беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiссiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1995 жылдан бастап "Калибар" бiрлескен кәсiпорнына барит және бентонит өндiрiсi объектiлерiнiң құрылысын жүргiзу мен iске қосуға арнап Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан қайтарымдық негiзде қаражат бөлiнуiн қарастыратын болсын.
      4. Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды және Оңтүстiк Қазақстан 
облыстарының әкiмдерi Бағдарламаның жүзеге асуына жәрдем көрсетсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады