"ГАРАНТ" МЕМЛЕКЕТТIК АКЦИОНЕРЛIК КОМПАНИЯСЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 23 мамыр 1994 ж. N 550

      Өтпелi кезеңде мемлекеттiк реттеудi сақтау және халықтың тұрмыс қажетiн өтеу саласында нарықтық құрылымдары қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақ өндiрiстiк "Гарант" бiрлестiгiнiң құрамына қосымшаға сәйкес кiретiн акционерлiк қоғамдар мен кәсiпорындар негiзiнде "Гарант" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын.
      Компанияның негiзгi мiндеттерi радиоэлектронды аппаратураның фирмалық сатылуын және оған техникалық күтiм жасалуын қамтамасыз ету, бұл үшiн қажеттi кәсiпорындар жүйесiн дамыту, тұтынушылардың сауда жүйесiнен сатып алатын теледидарлары мен радиотауарларының кепiлдi мерзiмi, оларды айырбастау және қайтарып беру тәртiбi сақталуына қатысты бөлiгiндегi құқығын қорғау деп анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компания құрамына енгiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн және бұрын құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын заңда белгiленген тәртiппен Компанияға табыстайтын болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындардың акционерленуiне қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 (II кезең) жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен сататын акциялар пакетiнен басқасы, Компанияның иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлсiн.
      3. Компания Қазақ өндiрiстiк "Гарант" бiрлестiгiнiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқылы мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде Компанияның мүлiктiк
кешенiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысты аяқтап, оның құрылтай
құжаттарын белгiленген тәртiппен бекiтсiн.
     5. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi "Гарант" 
мемлекеттiк акционерлiк компаниясына жүктелген функцияларды 
орындауында оған көмектесiп отыратын болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 23 мамырдағы
                                          N 550 қаулысына
                                              Қосымша
     
            "Гарант" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
       құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдар мен кәсiпорындардың
                             Тiзбесi
                             (Кесте)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады