1. Материалдық өндiрiс саласындағы тұтқиыл жағдайда туындаған шұғыл өндiрiстiк және қаржы проблемаларын шешуге арналған Жедел мәселелер жөнiндегi комиссия қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. Комиссия шұғыл проблемаларды қарау және барлық министрлiктер, ведомстволар, мемлекеттiк ұйымдар мен кәсiпорындар, сондай-ақ жергiлiктi әкiмдер орындау үшiн мiндеттi жедел шешiмдер қабылдау жөнiндегi ұдайы жұмыс кеңестерiн өткiзу жүктелсiн.
2. Жедел мәселелер жөнiндегi комиссияның төрағасы өз құзыретi шегiнде министрлiктер, мемкомдар, ұйымдар мен кәсiпорындар, жергiлiктi әкiмдер орындау үшiн мiндеттi өкiмдерге қол қоятын болып белгiленсiн.
3. Комиссияға аталған мемлекеттiк басқару органдарының басшылары қабылдаған экономикалық жағдайды тұрақсыздандыратын шешiмдердiң қолданылуын тоқтатуға, кейiннен бұл мәселелердi қарауға құқық берiлсiн.
4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi
жедел мәселелердi шешу жөнiнде осындай аумақтық комиссиялар құратын болсын. 5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң Iс басқармасы Жедел мәселелер жөнiндегi комиссияның жұмыс атқаруы үшiн қажеттi жағдай туғызсын. <*> Ескерту. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нің 1994.10.18 N 1170 қаулысымен. P941170_ Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қосымша <*> ЕСКЕРТУ. Қосымшаның күшi жойылды - ҚРМК-нің 1994.10.18 N 1170 қаулысымен. P941170_