Жабайы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң жойылып кету қаупi бар түрлерiмен сауда жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Жабайы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң жойылып кету қаупi бар түрлерiмен халықаралық сауда жасау жөнiндегi Конвенция Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң бекiтуiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ҚАУЛЫСЫ Жабайы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң жойылып кету қаупi бар түрлерiмен Халықаралық сауда жасау жөнiндегi Конвенцияны бекiту туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
1. 1973 жылғы 3 наурызда Вашингтон қаласында қол қойылған Жабайы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң жойылып кету қаупi бар түрлерiмен халықаралық сауда жасау жөнiндегi Конвенция бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне:
аталған Конвенцияның сақтаушысы Швейцария Үкiметiн Қазақстан Республикасының осы Конвенцияны бекiткендiгi, Қазақстан Республикасының құқықтық құзыры шегiнде осы Конвенциядан туындайтын мiндеттемелердi мойындайтындығы және қабылдайтындығы жөнiнде
хабардар ету; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жабайы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң жойылып кету қаупi бар түрлерiмен халықаралық сауда жасау жөнiндегi Конвенциядан туындайтын мiндеттемелердi республиканың орындаушы ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қаулысын әзiрлеп, екi ай iшiнде қабылдау жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы