"Тасболат ойл девелопментс" бiрлескен кәсiпорны туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 31 мамыр 1994 ж. N 581

      Маңғыстау облысында мұнай өндiрудiң деңгейiн тұрақтандыру үшiн шетел инвестициясын тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi ұсынған әрi Экономика министрлiгiмен, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi мен "Гендор Ресорсез Лимитед" фирмасын қатыстыра отырып Маңғыстау облысындағы Тасболат, Ақтас, Түркiменой кенiштерiн (газ қабаттарынан басқасы) игеру мен пайдалану жөнiндегi "Тасболат Ойл Девелопментс" бiрлескен кәсiпорнының құрылтай құжаттары мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан жағынан бақылаушылық кеңесiнiң мүшелерiн тағайындасын.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, Маңғыстау облысының әкiмi "Тасболат Ойл Девелопментс" бiрлескен кәсiпорны қызметiнiң ұйымдастыру мәселелерiн шешуге жәрдем көрсететiн болсын.
     4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi мен Қаржы министрлiгi аталған бiрлескен кәсiпорын қызметiнiң барысында құрылтай құжаттарының ережелерi мен шарттарының сақталуына бақылауды қамтамасыз етсiн.
    Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады