Өнеркәсiптегi авариялар мен күйреулердiң, табиғи апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы шараларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 3 маусым N 587. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.07.01. N 1041 қаулысымен. ~P971041

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      Өнеркәсiптегi авариялар мен күйреулердiң, табиғи апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы шараларды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
        Қазақстан Республикасының 
            Премьер-министрi 
                                           Қазақстан Республикасы 
                                            Министрлер Кабинетiнiң 
                                           1994 жылғы 3 маусымдағы 
                                                N 587 қаулысымен 
                                                   бекiтiлген 
 

      Өнеркәсiптегi авариялар мен күйреулердiң, табиғи апаттардың
   алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы шараларды
   қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртiбi
                             туралы 
                              ЕРЕЖЕ 
 
        Осы Ереже Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 тамыздағы "Қазақстан Президентiнiң "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 8 маусымдағы N 1218 қаулысын iске асыру туралы" N 669 қаулысына сәйкес әзiрлендi және төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың зардаптарын жою жөнiндегi шараларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi. 
      1. Өнеркәсiптегi авариялар мен күйреулердiң алдын алу, табиғи апаттардан келетiн шығындарды азайту және олардың зардаптарын жою жөнiндегi шараларды қаржыландыру аумақтық және салалық қаржы көздерi (министрлiктердiң, ведомстволардың, басқа да мемлекеттiк және шаруашылық басқару органдарының резервтiк қорлары, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өз қаражаты, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттер мен бюджеттен тыс қорлар) есебiнен, ал ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервтiк қоры мен басқа да мемлекеттiк орталықтандырылған көздер есебiнен жүзеге асырылады. 
      Егер ықтимал төтенше жағдайлар туу қаупiнiң деңгейi немесе орын алған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымы жағынан жекелеген, объектiлiк және жергiлiктi деп бағаланса, аумақтық және салалық қаржы көздерi төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың орындалуын қамтамасыз ететiн мөлшерде құрастырылады. 
      Өндiрiстiк объектiлердi, технологиялық желiлердi пайдаланудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларда төтенше жағдайлар туындауының алдын алу жөнiндегi шараларды қаржыландыру мен ұжымдар қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервтiк қоры мен басқа да орталықтандырылған көздерден қаржы бөлу төтенше жағдайдың ауқымы төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық (қалалық) және ведомстволық комиссиялардың аумақтық және салалық қаржы көздерi есебiнен оның таралуын шектеуге және оны жоюға шамасы келмеген жағдайға жеткенде жүргiзiледi. Мұндай жағдайда атқарушы өкiмет органдары республика Үкiметiне пайдаланылған аумақтық және салалық қаржы көздерiнiң мөлшерi туралы ақпаратты мiндеттi түрде табыс ете отырып, қаржылай көмек көрсету жөнiнде негiздi өтiнiм тапсырады. 
      3. Алдын ала Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, ал материалдық-техникалық ресурстарды бөлу мәселелерi бойынша "Казконтракт" республикалық контракт корпорациясымен, басқа да мүдделi ұйымдармен пысықталып, келiсiлген негiздеушi материалдарды облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына жiбередi. 
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссия белгiленген тәртiппен республика Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi. 
      Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi негiздеушi материалдарда осы мақсатта арнайы құрылған комиссияның барлық мүшелерi қол қойған тексеру актiлерi, ал табиғи гидрометеорологиялық құбылыстарға орай орын алған төтенше жағдайлар жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарманың, немесе оның жергiлiктi органдарының шешiмi мiндеттi түрде болуы керек. 
      Қажеттi қаражат сомасы белгiленген тәртiп бойынша сақтандыру кәсiпорындары мен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң органдары жүргiзген, табиғи апаттар нәтижесiнде зардап шеккен объектiлердi тексеру актiлерiмен қуатталған есептерi негiзiнде айқындалуға тиiс. Бұл ретте сақтандыру кәсiпорындары сақтандыру өтемдерiнiң сомалары туралы есеп табыс етедi. Зардап шеккен объектiлердiң негiзгi қорлары, өнiмдерi сақтандырылмаған жағдайда, төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қажеттi қаражат, әдетте, жергiлiктi жерлерде қарастырылады. 
      4. Қазақстан Министрлер Кабинетiнiң резервтiк қорынан және басқа да мемлекеттiк орталықтандырылған көздерден қаражат бөлу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiз болып табылады, онда қаражат мөлшерi мен оның нысаналы жұмсалуы көрсетiледi. 
      5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервтiк қоры мен басқа да мемлекеттiк орталықтандырылған көздерден бөлiнетiн қаражат: 
      - төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шұғыл шаралар кешенiн жүргiзуге; 
      - құтқару және авариялық қайта қалпына келтiру жұмыстарын, соның iшiнде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтiк сала объектiлерiнде, жүргiзуге кеткен шығындардың орнын толтыруға; 
      - төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге қолданылып жүрген заңдарда көрсетiлген мөлшерде материалдық көмек көрсетуге; 
      - зардап шеккендер үшiн уақытша тұратын және тамақтанатын пункттердi құрып, олардың қызметiн қамтамасыз етуге; 
      - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы белгiленген тәртiппен тартқан арнаулы авариялық құтқару және басқа да бөлiмшелерiн төтенше жағдай аймағына жiберуге кеткен шығындардың орнын толтыруға; 
      - табиғи апаттар аймағына әр түрлi күштер мен құралдарды тасымалдауды қамтамасыз ету жөнiндегi шығындарға жұмсалуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының сұрауы бойынша тасымалдауды жүзеге асырған министрлiктер мен ведомстволар аталған шығындардың алдын ала есебiн табыс етедi. 
      6. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi шараларды жүргiзуге бөлiнген қаражаттың тиiмдi және нысаналы мақсатта жұмсалуын есепке алып, бақылауды жүзеге асырады. 
      7. Төтенше жағдайды жою жұмыстары бiткен соң облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi мемлекеттiк орталықтандырылған көздерден алынған қаражаттың пайдаланылуы жөнiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне есеп табыс етедi. 
      8. Өнеркәсiптегi авариялардың, күйреулердiң, табиғи апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi шараларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету: 
      - кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өз қаражаттары, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттер мен бюджеттен тыс қорлар есебiнен - кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан, тауар нарығында тiкелей тауар берiп тұрушылардан немесе сауда-делдалдық, ұйымдар арқылы шартты негiзде сатып алған материалдық құралдардың запасын жасау жолымен қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл үшiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар өздерiнiң ағымдағы жоспарларында аталған мақсаттар үшiн қажеттi қаржыландыру көздерiн және сатып алынатын бұйымдар мен материалдардың мөлшерiн көздейдi. 
      Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi қажет болған жағдайда ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан облыс (қала) кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының материалдық-техникалық ресурстарын пайдалану жөнiнде шұғыл шешiм қабылдай алады: 
      - жұмыстар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы резервтiк қор мен басқа да мемлекеттiк орталықтандырылған көздерден - мемлекеттiк резервке салынып, мемлекеттiк мұқтаждар қатарында қарастырылатын материалдық ресурстар есебiнен, сондай-ақ республика Үкiметiнiң арнаулы шешiмi бойынша "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясының ұйымдарында бар айналым қорларын тарту есебiнен қаржыландырылған жағдайда. 
      Бұл ретте облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi негiздеушi материалдарды Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясына тапсырады, олар материалдарды қарап, өз ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзедi. 
      Республикада өндiрiлмейтiн авариялық құтқару жабдықтары мен өнiмдерiн берiп тұру мөлшерiн Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, Өнеркәсiп министрлiгiнiң, Азаматтық қорғаныс штабының, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Материалдық резервтер жөнiндегi мемлекеттiк комитет пен басқа да мүдделi министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен келiсiлген ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен бiрлесе отырып белгiлейдi. 
      9. Төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөнiндегi қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге арналған ұзақ мерзiмдi шараларды iске асыруға қажет шығындар мөлшерiн облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, мүдделi министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiне тиiстi жылға арналған бюджеттiк өтiнiм құрамында табыс етiп, олар белгiленген тәртiппен қаралады. 
      10. Аумақтық және салалық қаржыландыру көздерi туралы, сондай-ақ кезектi жылға арналған қолдағы материалдық ресурстар запастары туралы мағлұматтарды облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына табыс етедi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады