Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
Отандық қант өндiрушiлердi қорғау және ұқсатушы кәсiпорындарды жүктемелеу мақсатында "Қазақстан Республикасының импортталатын товарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1991 жылғы 11 қаңтардағы N 1498 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1994 ж., N 2, 14-бап) негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1994 жылғы 25 маусымнан бастап ақ қантқа 30 процент мөлшерiнде импорттық кеден бажы ставкасы белгiленсiн, код ТН СЭҚ 170199100.
2. "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы шикi-қанттан жасалған ақ қантты шарт бойынша Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне, консигнация шарттары негiзiнде 1 ай мерзiмге Қазтұтынуодағына өткiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi