"ҚАЗСАЭФ" Халықаралық экологиялық қорын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 14 қаңтар N 66a. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994.08.03. N 872 қаулысымен.

      Қазақстанда кербез дуадақ пен сұңкар ителгiнiң саны мен өсiп-өрбуiн сақтап қалудың аса қажет екенiн ескере отырып және Сауд Аравиясынан шахзада Мохамед Бин Мохамед Бандер Бин Мохамед Бин Абдул Рахман Әл-Саудтың ұсынысын қабылдай келiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстанда кербез дуадақ пен сұңқар ителгiнi сақтау және олардың өсiп-өрбу ұлғайту көнiнде "ҚАЗСАЭФ" Халықаралық экологиялық қоры құрылсын.
      2. "ҚазСАЭФ" Халықаралық экологиялық қоры бюджеттен тыс шаруашылық есептегi ұйым, заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады, ол Қазақстан Республикасы заңдарының және өзiнiң Жарғысының негiзiнде қызмет атқарады.
      3. Қазақстан Республикасы торапынан қорға қатысушы болып Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi белгiленсiн.
      4. Қорға өзiнiң қаражаты есебiнен:
      - қорға бекiтiлiп берiлген аумақта күзетiлетiн қоршаулар салуды;
      - Қазақстанда кербез дуадақ пен сұңқар ителгiнiң көбеюi үшiн табиғат қорғау ғимараттарын салуды;
      - кербез дуадақ пен сұңқар ителгiнi қорғау жөнiнде ведомстволық инспекция жүзеге асыру құқығы берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, мемлекеттiк комитеттерi мен концерндерi, жергiлiктi әкiмдерi қорғаудың қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ жабайы жануарларды қорғауды және аңшылық шаруашылығын ұйымдастыруы үшiн аумақтар бөлiнуiне жан-жақты жәрдем көрсететiн болсын.
      6. Сауд Аравиясынан шахзада Мохамед Бин Бандер Бин Мохамед Бин Абдул Рахман Әл-Саудтың Қазақстан Республикасында жабайы жануарлардың қорғалуына қоскан үлесiн ескерiп, ерекшелiк ретiнде оған Ұлттық ғылым академиясының ұсынысы және Экобиоресурсминiнiң келiсiмi бойынша жыл сайын сұңқар ителгi салып, кербез дуадақ аулауына; белленген лимиттер шегiнде сұңқар ителгi аулап, бажсыз әкетуiне рұқсат етiлсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi шарттық негiзде қордың өтiнiмi бойынша қажеттi техниқалық құралдардың және телефон, телекс пен телефакс байланысы арналарының бөлiнуiн, радиобайланысының жұмыс жиiлiгiн қамтамасыз етсiн.
      8. "ҚАЗСАЭФ" Халықаралық экологиялық қоры туралы қоса берiлген ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
 Премьер-министрiнiң
     орынбасары


                                           Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы "14" қаңтар N 66 а қаулысымен бекiтiлген


                  "ҚАЗСАЭФ" Халықаралық экологиялық қорының
                                  ЕРЕЖЕСI

      "ҚАЗСАЭФ" Халықаралық экологиялық қоры /бұдан әрi Қор деп

аталады/ Қазақстанда кербез дуадақ пен сұңқар ителгiнiң саны мен
өсiп-өрбуiн сақтау мақсатында құрылады.
     1. Қордың қатысушылары:
     а/ Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан-Қазақстан
Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, бұдан әрi
"Қазақстандық қатысушы" деп аталады және Сауд Аравиясынан-Шахзада
Мохамед Бин Бандер Бин Мохамед Бин Абдул Рахман Әл-Сауд, бұдан әрi
"Шетелдiк қатысушы" деп аталады.
     Қордың атауы
     - ағылшын тiлiнде                          - "KAZSAEF"
     - орыс тiлiнде                             - "КАЗСАЭФ"
     Қордың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
480091, Панфилов көшесi, 106-үй, тел 63-12-73.
     2. Қордың мақсаты мен мiндетi:


      - Қазақстанда кербез дуадақ (chlamydotis undulata) пен сұңқар ителгiнi /Fаrсо сhеrrug/ сақтау мен олардың өсiп-өрбу санын көбейтуге бағытталған табиғатты қорғау қызметi;
      - экологиялық тепе-тендiктi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану және кербез дуадақ пен сұңқар ителгiнiң тiршiлiк ететiн ортасын қорғау жөнiндегi бiрлескен iргелi және қолданбалы зерттеулердi, ғылыми-техникалық талдамаларды қаржыландыру;
      - экологиялық тепе-тендiктi қалпына келтiру мақсатындағы қайырымдылық қызмет болып табылады.
      Осы ережеде аталған кез-келген қызмет түрi тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
      3. Қордың қызмет ету мерзiмi оның құрылған кезiнен басталады да 10 жылға созылады.
      4. Қор Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады.
      Қор өз қызметiн осы Ережеге және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
      Қор өзiнiң мiндеттемесi бойынша иелiгiндегi барлық мүлкiмен жауап бередi. Қатысушылар Қордың мiндеттемесi бойынша өз үлесiнiң шегiнде ғана жауап бередi. Қатысушылардың мiндеттемелерi бойынша Қор жауап бермейдi. Қазақстан Республикасы Қор мiндеттемесi бойынша жауап бермейдi, ал Қор Қазақстан Республикасының мiндеттемесi бойынша жауап бермейдi.
      Қордың өз атынан шарттар жасасуға, мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқық алуға, сотта, аралық сот пен төрелiкте талапкер әрi жауапкер болуға құқы бар.
      Қордың дербес балансы болады. Қордың сондай-ақ мөрi, фирмалық белгiсi мен фирмалық бланкiсi болады.
      Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз мүлкiн иеленудi, пайдалануды және иелiк етудi жүзеге асырады. Оның мүлкi әкiмшлiк тәртiбiмен алынуға немесе тәргiленуге тиiс емес.
      5. Тараптардың келiсiмiмен қатысушылар өздерiнiң үлестерiн

ақша қаражаты, мүлiк пен құқық түрiнде қосады; ол құқықтар:
     а/ Қазақстан Республикасынан/ Министрлер Кабинетiнiң тапсыруы
бойынша - Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгi/:
     - жер пайдаланушы құқы;
     - жануарлар дүниесiне /кербез дуадақ пен сұңқар ителгi/ иелiк
ету құқы;
     - бекiтiлiп берiлген аумақтарда аң аулау шаруашылығын
жүргiзу құқы;
     - сұңқар ителгi мен кербез дуадақты қолдан өсiру және
жерсiндiру жөнiндегi "ноу-хау"
     - өндiрiстiк жайлар мен қенсе жайын беру.
     б/ Шетелдiк қатысушы - Сауд Аравиясынан Жоғары мәртебелi
Шахзада Мохамед Бин Бандер Әл Сауд:


      - Қор қызметiнiң бүкiл мерзiмiне инвестицияланатын қаражаттың жалпы сомасы 2 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде, бастапқы жарнасы 500 мың АҚШ доллары болады.
      Қор мүлкiн қатысушылардың қосымша үлестерi есебiнен толықтыруға болады. Үлестердiң есебiне /қосымша үлестердi қосқанда/ үйлердi, ғимараттарды, жабдықтар мен басқа да материалдық құндылықтарды, сондай-ақ өзге де мүлiктiк құқықтарды /соның iшiнде өнертабысты, лицензияларды, "ноу-хауды" және т.б. пайдалануды/, еркiн айналыстағы валюта мен теңгедей ақша қаражатын қосуға болады.

     Қатысушылардың кор мүлкi құрамына енетiн жекелеген объектiлерге,
соның iшiнде қатысушылар үлес ретiнде қоскан объектiлерге
оқшауланған құқықтары болмайды. Шетелдiк қатысушы жабдықтарға,
материалдарға және Қазақстанға қор мүлкiне үлес есебiнде әкелiнген
өзге де мүлкiне баж салығын төлеуден босатылады.
     6. Қордың басқару органдары:
     - президенттiк кеңес
     - кеңесшi орган
     - дирекция
     - тексеру комиссиясы болып табылады.
     Қорды басқарудың жоғары органы екi мүшеден тұратын президенттiк
кеңес болып табылады;


      - Сауд Аравиясынан Жоғары мәртебелi Шахзада Мохамед Бин Бандер Әл Сауд Қордың шетел жағынан президентi болып табылады;,
      - Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрi Қазақстан жағынан Қордың Президентi болып табылады, осы кезде оның құқығы Святослав Александрович Медведев мырзаға жүктеледi.
      Президенттiк кеңестiң мәжiлiстерi қажетiне қарай өткiзiледi.
      Мәжiлiске қатысуға мүмкiндiк болмай қалған жағдайда президенттiк кеңестiң мүшесi өз өкiлдiгiн дер кезiнде қамтамасыз етуге тиiс. Өкiлдiк қолхатпен жазбаша түрде расталуы керек.
      Президенттiк кеңестiң мәжiлiсiне кеңесшi дауыс құқығымен кеңесшi органның мүшелерi қатысады.
      Президенттiк кеңестiң мәжiлiстерi Қордың заңды мекен-жайында не қатысушылардың бiрiнде немесе президенттiк кеңес белгiлеген жерде немесе қатысушылардың бiрiнiң мекенжайында өткiзiледi.
      Президенттiк кеңестiң хаттамалары орыс және ағылшын тiлдерiнде жүргiзiледi және оларға президенттiк кеңестiң қатысушы барлық мүшелерi немесе олардың орныңдағы адамдар қол қояды.
      Президенттiк кеңестiң мүшелерi өздерiнiң мiндеттерiн атқарғаны

үшiн Қордан ақы алмайды, бұған жүрiп=тұруға байланысты жұмсалатын
шығындар және басқа да шығындар кiрмейдi, бүларға растайтын
құжаттар түсiрiлуге тиiс.
     Президенттiк кеңестiң құзырына:
     - Ережеге өзгерiстер енгiзу;
     - жарналарды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлеу, оның
мөлшерiн өзгерту;
     - шаруашылық қызметiнiң жоспары мен Қордың келесi жылға
арналған бюджетiнiң жобасын бекiту;
     - объектiлердi салу, пайдалану туралы контрактiлер жасасу;
     - балансты, дирекцияның жылдық есебiн жыл сайын бекiту;
     - тексеру жүргiзу туралы есептi бекiту;
     - филиалдар мен өкiлдiктердi ашу және жабу;
     - Қорды тарату және тарату комиссиясын тағайындау;
     - штат кенестiн бекiту және өзгерту;
     - Қордың iс қағаздарын жүргiзу;
     - дирекция мен тексеру комиссиясының құзыретiн айқындау;
     - Қордың лауазымды адамдарын тағайындау және босату мәселелерiн
шешу жатады.


      Президенттiк кеңестiң мүшелерi өз құзыретi шегiнде, Тәуелсiз Мемлекеттiр Достастығындағы, сонымен қатар басқа елдердегi барлық ұйымдармен, кәсiпорындармен және шет ел фирмаларымен қатынаста Қордың атынан өкiлдiк етуге, Қордың меншiгiн иеленуге, шарттар, сондай=ақ Қордың қызметiн қамтамасыз ету үшiн басқа да қажеттi заң

актiлерiн жасасуға құқылы.
     Кеңесшi органның мүшелерiн тағайындау мен оның құзыретiн
белгiлеу.
     Кеңесшi органның құрамына:
     - кеңесшi органның төрағасы - Қазақстан Республикасының 
Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Халықаралық бөлiмiнiң
менгерушiсi Ғани Есенгелдiүлы Қасымов;
     - президенттердiң өкiлдерi;
     - орман шаруашылығы комитетiнiң төрағасы;
     - Қазжануарқорғау бас басқармасының бастығы;
     - Қазақстан Республикасы Үлттық ғылым академиясының өкiлi;
     - дирекция мүшелерi;


      - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өкiлi-Таяу Шығыс пен Солтүстiк Африка бөлiмiнiң меңгерушiсi Бағдат Құлтайұлы Әмiре енедi.
      Президенттiк кеңес дирекцияның қызметiн бақылауға тиiс.
      Президенттiк кеңес дирекциядан ауызша немесе жазбаша есептi жүйелi тұрде талап ете алады, сондай-ақ дербес немесе тағайындалған адамдар арқылы Қордың кiтаптары мен құжаттарына тексеру жүргiзедi.
      Қорға ағымдағы басшылықты дирекция жүзеге асырады. Оның құрамына бас директор, оның орынбасарлары мен дирекция мүшелерi кiредi.
      Дирекция осы Ережеде және президенттiк кеңестiң шешiмдерiнде айқындалатын құзырлары мен құқықтары шеңберiнде Қордың iлкiмдi қызметiне басшылықты жүзеге асырады.
      Дирекция қаржы жылы аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде президенттiк кеңеске Қордың жылдық балансын, жылдық есебiн және Қордың бұдан былайғы қызметiнiң бағыты туралы өз ұсынысын табыс етуге мiндеттi.
      Қор мен оның филиалдарының қаржы мен шаруашылық қызметiне бақылауды тексеру комиссиясы жүзеге асырады. Ол 4 адамнан тұрады, оның 2-iн қазақстандық қатысушы, ал 2-iн шетелдiк қатысушы тағайындайды.
      Тексеру комисссиясының мүшелерiн өкiлеттiгiнiң мерзiмi бiтпей тұрып оларды тағайындаған қатысушылар керi шақырып ала алады.
      Тексеру комиссиясының шешiмi бiрауыздан қабылданады.
      Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң өкiлдiк мерзiмiн президенттiк кеңес белгiлейдi.
      Тексеру комиссиясының әрбiр мүшесiнiң Қордың басшы органдарына немесе оған қатысушыларға комиссия ортақ пiкiрге келе алмаған мәселелер бойынша дербес баяндама жазып беруге құқы бар.
      Тексеру комиссиясы Қордың барлық қаржы құжаттамаларын тексеру құқығын пайдаланады.
      Тексеру комиссиясы өз жұмысы туралы есептi Қордың президенттiк кеңесiне берiп тұрады.
      7. Қордың Қаржы жылы күнтiзбелiк жылға сәйкес келедi. Алғашқы толық қаржы жылы 1994 жылға " "____________ басталады.
      Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iлкiмдi бухгалтерлiк және статистикалық есеп жүргiзедi және есеп берiп отырады.
      Бас директор мен бас бухгалтер есеп пен есеп беру тәртiбi мен дұрыстығы сақталуы үшiн жауап бередi.
      Шетел валютасымен келiп түскен және жұмсалған қаражатты қайта есептеу осы операцияларды жүргiзу сәтiндегi Қазақстан Республикасының банк бағамы бойынша жүзеге асырылады.
      8. Әрбiр қатысушының:
      - Қордың қызметiне байланысты барлық мәселелер жөнiнде ақпараттар мен анықтамалар алуға құқы бар. Әрi бұл орайда әрбiр қатысушы кез-келген уақытта Қордың кiтаптарымен және құжаттамаларымен әрi оның мүлiктiк құндылықтарымен танысуға, сондай-ақ тексерiс жүргiзуге;
      - iстi төрелiкке беруге;
      - президенттiк кеңестiң және Қордың басқа да органдарының қарауына ұсыныстар енгiзуге құқылы.
      Шетелдiк қатысушының:
      - ауланған сұңқар ителгiлердi тараптардың келiсiмiмен белгiленген

лимиттер бойынша және Қордың қызмет ететiн мерзiмi iшiнде бажсыз
әкетуге;
     - Қордың шаруашылық қызметiнiң тиiмдi жүргiзiлуiне бақылауды
жүзеге асыруға;
     - мақсатсыз немесе тиiмсiз пайдаланылған жағдайда инвестицияны
тоқтатуға;
     - белгiленген лимиттерге сәйкес Қордың қызмет ету мерзiмi
айқындалған кезенде /10 жыл/, бекiтiлген аумақта кербез дуадақ
аулауға;
     - бекiтiлiп берiлген аумақта Қорға қатысушылар айкыпталған
мөлшерде сұңқар ителгiлер аулауға құқы бар.
     Қазақстандық қатысушының:
     - құрылтайшылардың табиғатты қорғау заңдарын сақтауына бақылауды
жүзеге асыруға;
     - ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестiруге;


      - сұңқар ителгiлердi табиғат аясына бос жiберудiң тиiмдiлiгi туралы ақпаратты бақылау мен жинақтауды жүзеге асыруға құқы бар.
      Шетелдiк қатысушы;
      Қорға қатысушылар келiскен, мөлшерде сұңкарлар мен дуадақтарды есiрiп-өрбiту және жерсiндiру жөнiндегi инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға;
      - жұмыс iстеп тұрған қорықтар мен қорықшылардың аумағында кербез дуадақтар мен сұңқар ителгiлердi алып кетуге жол бермеуге;
      - балапан басатын маусымда құстарды ауламау мен ұстамауға /I наурыздан 31 шiлдеге дейiн, сондай-ақ балапан басатын жерлерiнде ителгiнi ауламауға/;
      - құс қайтатын кезенде кербез дуадақ пен сұңқар ителгi көп шоғырланған жерлерде, Қазжануарқорғау бас басқармасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зоология институтының бақылауымен арнайы бөлiнген аумақта олардың әкетiлуiн шектеп жүргiзуге;
      - Қазақстан Республикасының аумағына ителгiден, лашыннан /Fаlсо реrеgninus/ және сұңқардан /Fаlео gynfalco басқа қыран құстарды әкелмеуге мiндеттi.
      Қазақстандық қатысушы:
      - кербез дуадақ пен сұңқар ителгiнi қорғау мен өсiрiп өрбiту

жөнiндегi жұмыстарды оларды аулай отырып жүргiзу үшiн мынадай нақты
участкелердi:
     а/ Атырау облысындағы Қарақұм құмдарынан 12 мың шаршы
километрден кем емес жердi;
     б/ Сарысу өзенiнiң сағасынын 12 мың шаршы километрден кем емес
жердi;
     в/ Қызылқұм құмдарынан /Оңтүстiк Қазақстан облысы/ шаршы
километрден кем емес жердi;
     г/ Семей және Талдықорған облыстарының аумағындағы Алакөлдiң
жағалауындағы Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы жоталарының беткейiнен
12 мың шаршы километрден кем емес жердi;
     д/ Шығыс Қазақстан облысындағы "Зайсан ойпаңын";
     е/ Торайғыр, Үлкен және Кiшi Бұғыты мен Сөгетi жоталарын қоса
"Сөгетi жазығын";
     ж/ жасалған келiсiмге сәйкес өзге учаскелерден жер бөлiп,
бекiтiп беруге;


      - заңда белгiленген тәртiппен аушы құстарды әкету, әкелу, үстау және дуадақ аулау құқығына құжаттаманы ресiмдеуге;
      - бекiтiлген аумақтардың шаруашылықаралық жайластырылуын жүргiзуге;
      - сұңқар ителгiлер мен кербез дуадақтар өсiрiлетiн қорықтар ұйымдастыруға;
      - қырандарды жiберу үшiн қажеттi участкелердi таңдап беруге;
      - осы мақсатқа арнап бөлiнiп, әзiрленген участкелерде қырандарды жерсiндiрудi жүзеге асыруға;
      - жоғарыда көрсетiлген аумақтарда кербез дуадақ аулау және қырандар үстау құқығын үшiншi тұлғалар басқаларға табыстауына жол бермеуге;
      - коммуналдық қызмет /электр энергиясын, сумен, газбен, жылумен, канализациямен жабдықтау/ көрсетуге;
      - Қордың жұмысшы құрамының iшiндегi Қордың қызметiне тiкелей қатысы бар шет ел азаматтары мен шетелдiк қатысушының жанына өрiп жүрген адамдар үшiн Қазақстанға кедергiсiз кiру құқы мен визалық қолдауды қамтамасыз етуге, олардың Қазақстанда болуы үшiн қажет нәрсенiң бәрiмен қамтамасыз етуге;
      - жоғарыда аталған облыстардың әкiмдерiмен Қордың қызметiне байланысты мәселелердi келiсiп алуға мiндеттi.
      9. Қордың құрамы қазақстандық және шетел мамандарына жасақталады.
      Қор кызметкерлерiн жұмыска қабылдау мен босату, оларға еңбекақы төлеу нысандары мен мөлшерiн, сондай-ақ материалдық ынталандыру мәселелерiн Қордың дирекциясы шешедi.
      Еңбекке ақы төлеу мәселелерi, демалыс беру, зейнетақымен және өзгедей арнайы қамсыздандыру мен құрамның қызметiне қатысты басқа да мәселелер әрбiр азаматпен жасалған шартта /контрактыда/ жеке-жеке шешiледi.
      Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қор қызметкерлерi-шетел азаматтары тұрғын үйлермен қамтамасыз етiлiп, олар коммуналдық қызмет пен медициналық көмектi пайдаланады.
      10. Жариялауға жатпайтын ақпарат көлемiн Қордың президенттiк кеңесi белгiлейдi.
      Қатысушылардың әрқайсысы басқа қатысушыдан алынған техникалық, қаржылық және басқа да ақпараттың қатаң құпиялылығын сақтауға мiндеттi.
      Жоғарыда аталған ақпаратты үшiншi адамдарға беру, жариялау немесе ақпаратты өзгеше жария ету Қордың президенттiк кеңесi белгiлеген мерзiмде және тәртiппен жүзеге асырылады.
      11. Қор мынадай жағдайларда:
      - қатысушылардың өзара келiсiмi бойынша;
      - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда таратылады.
      Қор таратылған жағдайда президенттiк кеңес тарату комиссиясын тағайындайды, ол президенттiк Кеңестiң бекiтуiне тарату балансын ұсынады.
      Қор таратылған кезде әрбiр қатысушы өз үлесiн таратылу сәтiндегi қалдық бойынша ақшалай немесе басқа нысанда қайтарып алуға құқылы.
      Қор мерзiмiнен бұрын таратылған жағдайда ол меншiк иесiне пайдаланылған ақша қаражатын, сондай-ақ ажыратылған мүлiктi, жабдықтар мен көлiк құралдарын қайтаруға мiндеттi.
      12. Қатысушылар Қордың қызметiн жүзеге асыру барысында туындаған тәжiке мен дауларды келiссөздер жолымен шешуге бар күш-жiгерiн жұмсайтын болады.
      Тәжiке мен даулар екi жақты келiссөздер жолымен шешiлмейтiн жағдайда, олар Қазақстан Республикасының Төрелiк сотында немесе халықаралық сотта қаралуға жатады.
      Төрелiк сот шешiмi екi жақ үшiн де түпкiлiктi шешiм болып табылады. Төрелiк сот мәжiлiсi ағылшын тiлiне аударыла отырып, орыс тiлiнде өткiзiледi.
      13. Қордың жұмыс тiлдерi болып орыс және ағылшын тiлдерi

саналады. Қор қызметiне байланысты барлық құжаттар орыс және
ағылшын тiлдерiнде, ал кажеттi жағдайларда қазақ және араб
тiлдерiнде жасалады.
     Осы Ереже Қорға қатысушылардың келiсiмiмен өгертiлуi және
толықтырылуы мүмкiн.
     Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу оны қабылдағандай
тәртiппен жүзеге асырылады.




 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады