Республиканың жеңiл өнеркәсiп орындарын мақта талшығымен жабдықтауды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 23 маусым 1994 ж. N 707. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мақта-шикiзатын өндiрудiң қол жеткен көлемi жеңiл өнеркәсiптiң мақта талшығына қажеттiлiгiн толық көлемде қанағаттандыратындығын атап өтедi. Бұған қарамастан республиканың жеңiл өнеркәсiп орындарының көпшiлiгiнiң өндiрiстiк қуаты шикiзаттың осы түрiнiң жеткiлiксiздiгiнен жұмыспен қанағаттанғысыз қамтамасыз етiлген, мұның өзi отандық халық тұтыну тауарларын өндiру деңгейiне терiс әсер етедi. 
      Жеңiл өнеркәсiп орындарын үстiмiздегi және одан кейiнгi жылдары шикiзатпен жабдықтауды жақсарту, олардың жұмысын тұрақтандыру, жаппай сұранымдағы және бiрiншi қажеттегi халық тұтыну тауарларын өндiрудi ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi, аумақтық "Мақта" акционерлiк компаниясы үстiмiздегi жылдың екiншi жарты жылдығында "Жеңiлөнеркәсiп" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен "Южтекс" акционерлiк қоғамының кәсiпорындарына шартты баға бойынша 23,4 мың тонна көлемде, оның iшiнде III тоқсанда 11 мың тоннадан кем емес, одан "АММК-Озат" акционерлiк қоғамына тиiсiнше 12,8 және 6,4 мың тонна, "Южтекске" - 6,2 және 2,4 мың тонна мақта-талшығын жөнелтудi қамтамасыз етсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1994 жылдың өнiмiнен бастап шикiзаттың осы түрiне тұтынушылардың республика iшiнде 100 проценттiк қанағаттануын есептей отырып мақта-шикiзатты экспортқа шығару көлемiн анықтайды деп белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде аумақтық "Мақта" акционерлiк компаниясына кейiннен 1994 жылдың өнiмiнен ол үшiн мақта-талшық берудi көздей отырып республика iшiндегi тұтынушылар үшiн мақта-шикiзатын сатып алуға Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен 12 миллион АҚШ доллары көлемiнде шет елдiк валюталық кредит iздестiрудi және бөлудi қамтамасыз етсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнен үстiмiздегi жылдың III тоқсанында мақта-шикiзат және мақта-талшық сатып алу үшiн аумақтық "Мақта" акционерлiк компаниясы мен "АММК-Озат", "Ақ-жiп", "Южтекс" және "Атрико" акционерлiк қоғамдарына 200 миллион теңге мөлшерiнде нысаналы кредит ресурстарын бөлудi көздеу сұралсын. 
      5. Мақта өндiрушiлер мен ұқсатушылардың еңбектiң түпкi нәтижесiне ынталылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып аумақтық "Мақта" акционерлiк компаниясы мен "АММК-Озат", "Ақ-жiп", "Атрико" және "Южтекс" акционерлiк коғамдары кәсiпорындарының акцияларын өзара сатудың немесе мақта егушi шаруашылықтардың, мақта заводтарының және мақта-мата кәсiпорындарының бiрыңғай аумақтық-салалық компанияларын құрудың мақсаттылығы жөнiндегi мәселенi зерттейтiн болсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады