Ауыл шаруашылығының және орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған елдi мекендер шегiнен тысқары жер учаскелерiн пайдалануға құқық беру жөнiндегi кепiлдеменi қозғау мен қарау тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 29 маусым N 730. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.20. N 760 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ауыл шаруашылығының және орман шаруашылығының мұқтажына

арналмаған елдi мекендер шегiнен тысқары жер учаскелерiн пайдалануға
құқық беру жөнiндегi кепiлдеменi қозғау мен қарау тәртiбi туралы
Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
     2. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Мемлекеттiк немесе қоғамдық
мұқтажға арналған жерлердi бөлiп беру барысында жер 
пайдаланушылардың шығындарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң
залалдарын өтеу туралы" (Қазақ КСР ҚЖ, 1975 ж., N 3, 17-бап)
1975 жылғы 24 қаңтардағы N 36 қаулысының күшi жойылған деп
танылсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 29 маусымдағы
                                          N 730 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
       Ауыл шаруашылығының және орман шаруашылығының мұқтажына
       арналмаған елдi мекендер шегiнен тысқары жер учаскелерiн
       пайдалануға құқық беру жөнiндегi кепiлдеменi қозғау мен 
                        қарау тәртiбi туралы
                             Ереже
                   I. Жалпы ережелер


      1. Ауыл шаруашылығының және орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған елдi мекендер тысқары жер учаскелерiн пайдалануға құқық беру жөнiндегi кепiлдеменi қозғау мен қарау тәртiбi кiмнiң иелiгiнде, пайдалануында болғандығына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, барлық жерлерге қолданылады.
      2. Жер учаскелерiн пайдалануға құқық беру жөнiндегi материалдар, жер учаскелерi алынған жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың санына қарамастан, жалпы құрылыс объектiсiне ресiмделедi.
      3. Қолда бар объектiлердi кеңейту үшiн жерлердi пайдалануға құқық берудi ресiмдеу барысында бұрынғы берiлген жер учаскелерiн пайдаланудың дұрыстығы, сондай-ақ бұзылған жерлердi рекультивациялау жөнiндегi жұмыстардың жағдайы тексерiледi. Пайдалы қазбаларды ашық тәсiлмен өндiруге қосымша жер беру, ережедегiдей, бұрын жұмыс iстелген учаскелердi қалпына, шаруашылыққа пайдалануға жарамды күйге келтiрген және оларды акт бойынша қайтарған соң жүргiзiледi.
      4. Жер учаскелерiн беру мәселелерiн жергiлiктi әкiмдер осы Ережеде белгiленген тәртiппен, өз құзыры шегiнде шешедi.
      5. Бiрлескен кәсiпорындардың, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдардың, шет елдердiң заңды тұлғалары мен азаматтарының пайдалануына жер беру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы шiлденiң 3-iндегi N 1516-ХII қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн iске асыру үшiн бiрлескен кәсiпорындарға, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдарға, шет елдердiң заңды тұлғалары мен азаматтарының пайдалануына жер учаскелерiн беру тәртiбi жөнiндегi Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      6. Ауыл шаруашылық және орман алаптарын ауыл және орман шаруашылықтарын жүргiзуге, жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң құқын шектеуге немесе заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қызметiнiң ықпалы нәтижесiнде жерлердiң сапасының нашарлауына қатыссыз мақсатқа пайдалану үшiн алуда келтiрiлген жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың залалдары және ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң шығындарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы қыркүйектiң 30-ындағы N 978 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 40, 470-бап) бекiтiлген ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң шығындарын және ауыл шаруашылық залалдарын өтеу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орманды (тоғайлы) жерлердi алу барысында орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу Нормативтерiн бекiту туралы" 1994 жылғы сәуiрдiң 4-iндегi N 324 қаулысына сәйкес анықталады.

                    II. Объектiлердi орналастыру орнын алдын ала
                     келiсу және алаңның алу көзделген көлемiнiң
                     шамалық мөлшерi
      7. Елдi мекендер шегiнен тыс жер учаскесiн пайдалануға алуға мүдделi заңды және жеке тұлғалар (тапсырыс берушiлер) аудан әкiмiне (сұралып отырған жерлердiң орналасқан жерi бойынша) кендi бөлу актiсiнiң көшiрмесiн немесе пайдалы қазбаларды өндiрген жағдайда оның көшiрмесiн қоса тiркеп сұралып отырған жер учаскесiнiң мақсатын, оның шамалық көлемiн, объектiнi салу мен пайдалануға қажеттiнiң бәрiн, пайдалану мерзiмi мен түрiн көрсетiп өтiнiш бiлдiредi.
      8. Аудан әкiмi жерге орналастыру қызметi органдарының қатысуымен он күн мерзiмде өтiнiштi қарайды және объектiнiң орналасатын орнын анықтау жөнiнде шешiм қабылдайды.
      9. Жер учаскесiн таңдауды құрамында жерге орналастыру қызметi органдарының, экология және биоресурстар, сәулет өнерi мен қала құрылысының, тапсырыс берушiлердiң (салушылардың) өкiлдерi; жерлерiнен учаске алынуға тиiстi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың өкiлдерi; сондай-ақ аудан әкiмнiң шешiмi бойынша басқа қызмет өкiлдерi қамтылған комиссия жүргiзедi.
      Объектiнiң орналасу орны жерлердiң перспективалық пайдалану сызбаларын, аймақтық қала құрылысы жобаларын пысықтау, топырақ және геоботаникалық зерттеулердiң материалдарын; объектiлердi қордағы және ауыл шаруашылық мақсатқа арналмаған, ауыл шаруашылығы үшiн жарамсыз немесе төмен сападағы ауыл шаруашылық алаптарын, сондай-ақ орман өспеген алаңдар немесе бұталар мен құнсыз көшеттер алып жатқан жерлерде орналастыру мүмкiндiгiн; эрозиялық процестердi, жерлердiң батпақтануы мен сорлануын жою қажеттiгiн, объектiнiң аумақтағы экологиялық жағдайға әсерiн ескере отырып белгiленедi.
      Жер учаскесiн таңдау, ереже бойынша, бiрнеше нұсқада жүргiзiледi және оның қолайлы нұсқасы ұсынылады. Өнеркәсiп объектiлерi мен коммуникацияларын орналастыру экологиялық жағдайды төмендетпейтiндей, жер иеленушiлер мен жер пайдаланушыларда қалған жерлерде қолайсыздық тудырмайтындай түрде жүргiзiлуге тиiс. Таңдап алынған жер учаскелерiнiң шекаралары жер иелену немесе пайдалану жоспарының көшiрмесiне (iшкi шаруашылықтың жерге орналастыру сызбасына) түсiрiледi. Жоспардың көшiрмесiнде ауыл шаруашылық мақсатқа арналмаған бұрын берiлген, сондай-ақ iшкi шаруашылық құрылысына бөлiнген барлық учаскелер шекарасы көрсетiледi. Әрбiр нұсқа бойынша таңдап алынған учаскенiң жалпы көлемi мен алаптарының құрамы, сондай-ақ жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шығындары, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсi залалдарының сомасы анықталады.
      Жер учаскесiн таңдау жерлердi алуды көздеуге немесе уақытша ала тұруға байланысты жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылар шығындарының және ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы өндiрiсi залалдарының сомасын есепке ала отырып, объектiнi орналастырудың ең мақсатты нұсқасын салыстыру мен таңдау үшiн есеп айырысулар; ортаны қорғау бойынша аумақтық басқарманың таңдап алынған жерде пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы қорытынды, ал ол болған жағдайда - мемкентехбақылау органдарының осы учаскеде құрылыс жүргiзуге рұқсаты; таңдап алынған жер учаскесiне шекараларды енгiзе отырып жер иелену және жер пайдалану жоспарының көшiрмесi қоса берiлiп хатталады.
      10. Жер учаскесiн таңдау материалдарын, құрылыс объектiсiнiң орналасатын, ал қажеттi жағдайларда оның орналасатын орның, санитарлық (қорғау) аймағын негiздеудi жердi бөлiп беруге мүдделi заңды немесе жеке тұлға жерге орналастыру қызметiнiң органдарымен бiрлесiп дайындайды және жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аудандық және облыстық комитеттерi, экология және биоресурстардың, сәулет өнерi мен қала құрылысының (объект қала құрылысы ерекше реттелетiн жерле орналасатын жағдайда) жергiлiктi органдары және мүдделерi көзделген жердi бөлудi қозғайтын басқа ұйымдар мен мекемелер жерлерiн алу көзделiп отырған тиiстi жер иеленушiлер және жер пайдаланушылармен келiсiледi (қорытынды түрiнде) және аудан әкiмiне объектiнiң орналасу орнын келiсу туралы шешiм қабылдау үшiн жолданады.
      11. Алуы облыстық атқарушы органның құзырындағы жерлерде объектiнi орналастырған жағдайда аудан әкiмi осы материалдарды өзiнiң шешiмiмен облыс әкiмiнiң қарауына жiбередi.
      12. Аудан әкiмiнiң немесе облыс әкiмiнiң объекттiң орналасу орны және алуға белгiленген көлемнiң шамалық мөлшерi туралы шешiмi жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн негiз болады.
      Объектiнiң орналасу орнын келiсу екi жыл мерзiмге жарайды. Объектiнiң орналасу орнын келiсу туралы түпкiлiктi шешiм қабылдаған орган көрсетiлген мерзiмдi созуы мүмкiн.
      Аудан әкiмiнiң немесе облыс әкiмiнiң объектiнiң орналасу орны туралы шешiмi жер учаскесiн құрылысқа немесе басқаға пайдалануға алуға негiз болмайды.
      Жерлерi бөлiп алынатын жер иеленушiлерге немесе жер пайдаланушыларға бөлiп беруi көзделген жер учаскелерiнде күрделi қаржы жұмсауға рұқсат етiлмейдi.
      13. Су басуы көзделген су қоймаларының орналасқан жерлерi мен жер алаптарының шамалық көлемi осы ережеде белгiленген тәртiппен гидротехникалық ғимараттар құрылысының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу сатысында алдын ала келiсiледi.
      14. Сауықтыру мақсатындағы объектiлердiң орналасу орны туралы мәселе Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 150-бабының төртiншi бөлiмiне және осы Ережеге сәйкес шешiлуi тиiс.

                    III. Жер учаскелерiн пайдалануға құқық беру
                         жөнiндегi кепiлдеменi қозғау мен қарау
      15. Объект құрылысының жобасын бекiткен (қабылдағаннан) соң заңды және жеке тұлғалар олардың анықталған көлемдерiн көрсетiп жер учаскелерiн пайдалануға беру туралы кепiлдемемен, сұралып отырған жердi орналасқан жерi бойынша аудан әкiмiне өтiнiш жасайды.
      Кепiлдемеге:
      а) осы Ереженiң II-тарауында көрсетiлген объектiнiң орналасқан жерiн алдын ала келiсу материалдары;
      б) жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шығындарын және ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң залалдарын өтеу жөнiндегi, сондай-ақ жерлердi алуға немесе уақытша ала тұруға байланысты уақытша алынатын жер учаскелерiн рекультивациялауға, басқа да шығындарды жабуға кепiлдеме хат;
      в) жыл бойынша құрылыс кезегiн көрсете отырып архитектура және қала құрылысының жергiлiктi органдарымен келiсiлген сұралып отырған учаскедегi барлық құрылыс объектiсiн орналастыру жоспарының көшiрмесi, ал желiлiк ғимараттар үшiн - оның енiн, жердi алу кестесiн (тұрақты және уақытша пайдалануы бөлек) негiздейтiн бөлу белдеуiнiң ұзына бойы, типтiк және өзiндiк көлденең пiшiнi;
      г) жердi рекультивациялау (техникалық және биологиялық сатылары) жобасы немесе құрылыс барысында топырақ бетiнiң бұзылатын учаскелерiнен топырақтың құнарлы қабатын сыдыру сақтау мен пайдалану жобасы;
      д) техникалық тексеру актi (орман шаруашылығы кәсiпорнының қорытындысымен) және егер учаскелер орман қорының жерлерiнен (оның iшiнде жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың орманынан) берiлген жағдайда, орман топтарының шекаралары көрсетiлген орман учаскелерiнiң жоспары (сызбасы) қоса берiледi.
      16. Аудан әкiмi аталған материалдарды Қазақстан Республикасы Мемжеркомының жерге орналастыру қызметiнiң органдарына жер учаскелерiн алу және пайдалануға беру туралы жерге орналастыру жобасын дайындау үшiн жiбередi.
      Бұл жобаға Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 қаулысымен бекiтiлген ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң шығындарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртiбi туралы Ереженiң 3 және 4-тармақтарында белгiленген тараулар енгiзiлуi тиiс.
      Жерлерге орналастыру жобасын жасау жөнiндегi жұмыстарды орындау мерзiмi заңды немесе жеке тұлғаның жерге орналастыру органдарымен жасаған шартымен келiсiледi.
      17. Жер учаскесiн таңдау материалдары мен жерге орналастыру органдары құрылыс объектiсiнiң бекiтiлген жобасының негiзiнде жер учаскесiн алу мен пайдалануға беру жобасы жасалады.
      Қажет болған жағдайда барынша аз ауқымдағы картографиялық шолу материалы дайындалады.
      Жерге орналастыру iсiнде осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген материалдардан басқа мынадай құжаттар болуы тиiс:
      а) жерге иеленушiнiң немесе жер пайдаланушының жерлерiнiң жоспарлары (iшкi шаруашылық жерге орналастыру жобасы сызбасының көшiрмесi), онда бөлiнуi көзделiп отырған жер учаскелерiнiң шекаралары көрсетiледi. Жоспарда игерiлетiн немесе ауыл шаруашылық не орман алабының орнына жақсартуға алынатын жерлер көрсетiледi;
      б) учаске алынатын және учаске (учаскелер) берiлетiн жердегi жер иеленушiнiң немесе жер пайдаланушының жер алабының экспликациясы;
      в) алынған учаскенi игеруге дейiн, берiлген немесе уақытша алынған жер учаскесiнде орналасқан үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ көшiру орнын көрсете отырып, осы учаскенiң шегiнен тысқары жатқан объектiлердi, егер оларды одан ары пайдалану мүмкiн болмағанда, көшiруге немесе жаңа құрылыс салуға кепiлдiк беретiн анықтама қағаз.
      Жердi берудiң алдын ала келiсiлген жобасына қарсы ауыл шаруашылығының немесе орман алаптарының алынған алқабының көлемiн ұлғайту барысында осыған мүдделi жер иеленушiлер және жер пайдаланушылармен қайтадан келiсiледi.
      18. Түсiнiстемелiк жазбасымен бiрге жер учаскесiн пайдалануға беру жөнiндегi жерге орналастыру iсiн қарап, тиiстi шешiм қабылдау үшiн аудан әкiмiне тапсырылады.
      Аудан әкiмi жерге орналастыру органының дайындаған материалдарын бiр ай мерзiмде қарап, жер иеленушiлерден осы учаскелердi алу, тұрақты пайдалану құқығын тоқтату, жердi уақытша пайдалану мен жалға алу құқығының шартын бұзу туралы және объектi құрылысына мүдделi заңды және жеке тұлғалардың сұралып отырған жер учаскесiн пайдалану құқығын беру шарты туралы шешiм қабылдайды.
      19. Жер учаскелерiн алу облыстық атқарушы органның немесе Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң құзырына жатқан жағдайда аудан әкiмi өзiнiң шешiмiмен жерге орналастыру iсiн жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық комитетке қорытындылауға және облыс әкiмiне ұсынуға жiбередi.
      Жер учаскесiн беру жөнiндегi шешiмдi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қабылдайтын жағдайда облыс әкiмi өз шешiмiн, баяндамалық жазбасын және жерге орналастыру iсiн Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жiбередi.
      20. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қажет болған жағдайда осы материалдарды мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және ведомстволармен келiседi және оларды өзiнiң қорытындысымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жолдайды.

             IV. Жер учаскесiн пайдалануға беру жөнiндегi жерге
                 орналастыру жобасын нақты түрге көшiру және
                 жер есебi құжаттарына өзгерiстер енгiзу
      21. Белгiленген тәртiппен пайдалануға берiлген жер учаскесiн учаске берiлетiн жеке немесе заңды тұлға өкiлдерiн, жерлерiнен учаске алынатын жер иеленушiнiң немесе жер пайдаланушылардың өкiлдерiн, қажеттi жағдайда аралас жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылар өкiлдерiн қатыстыра отырып жерге орналастыру органдары нақты түрге көшiредi.
      Жер учаскесiн тiкелей мақсат бойынша кезең-кезеңмен игеру барысында бiрiншi кезекте игерiлетiн учаске бөлiгiнiң шекарасы да нақты түрде белгiленедi.
      22. Жерге орналастыру жобасын нақты түрге көшiру жөнiндегi жұмыстар бiткен соң белгiленген үлгiде үш дана акт жасалады. Актiге учаске шекарасы мен сыртқы жобасының нақты түрдегi өлшемiмен жер учаскесiн бөлу сызбасы қоса берiледi.
      Актiнiң нақты өлшенген материалдарымен бiр данасы жер учаскесiн бөлу жобасына қоса тiркеледi, екiншiсi - жерiнен учаске алынатын жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға, ал үшiншi данасы - учаске берiлетiн заңды немесе жеке тұлғаға берiледi.
      23. Жер учаскесiн бөлуге байланысты жер иеленудегi немесе жер пайдаланудағы болған барлық өзгерiстердi аудандық жерге орналастыру органдары жердi иелену мен пайдалануға құқық беретiн мемлекеттiк актiге, жерге орналастыру жоспарына, аудандық кезекшi қартаға және жер есебiнiң басқа да құжаттарына енгiзедi.
      24. Жеке немесе заңды тұлға жерлердi берудi жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аудандық комитетi оларды белгiлi мақсатқа игеру бойынша бiртiндеп жүзеге асырады.

             V. Жер учаскесiн пайдалану құқығына құжаттарды
                       әзiрлеу және беру
      25. Жер учаскелерiн пайдалануға беру материалдары негiзiнде мемлекеттiк жерге орналастыру органдары белгiленген үлгiде жердi пайдалануға құқық беретiн мемлекеттiк акт әзiрлейдi, ал оны аудан әкiмi заңды немесе жеке тұлғаға (жер учаскесi берiлетiн) бередi.
      26. Егер жер учаскесi пайдалануға бөлiктерi бойынша берiлсе (оларды мақсатты игеру мүмкiншiлiгiне қарай), онда жаңа жер пайдаланушыға берiлетiн жердi пайдалануға құқық беретiн актiнiң графикалық бөлiгi бiрiншi кезекте игерiлуге берiлген бөлiгiнде де кескiнделедi.
      Учаскенi (бөлiктердi) кезекпен игеруге беруге өтiнiштерiн жеке немесе заңды тұлға жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аудандық комитетке дала жұмыстары басталғанға дейiн бередi.
      Комитет осы өтiнiм негiзiнде жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға сұралып отырған учаскелерiнiң бөлiгiн олардың пайдалануын тоқтату қажеттiгi туралы мәлiмдейдi және осы мәселе бойынша атқарушы орган бұрын қабылданған шешiмге, сондай-ақ жерге орналастыру жобасына сәйкес нақты түрде жер учаскесiнiң кезекпен игерiлетiн жаңа бөлiгiн бөлiп берудi жүзеге асырады.
      27. Ауыл шаруашылығының және орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған жер учаскелерiн бөлiп беру туралы iстер жерге орналастыру органдарының архивтерiнде сақталады.

             VI. Пайдалануға берiлген жер учаскелерiн қайтару
      28. Жер учаскесiн беру мерзiмi бiткеннен соң немесе онда қажеттiлiк өтелгеннен кейiн, жайына келтiрiлiп, мақсат бойынша пайдалануға жарамды болған соң учаске алынған жерлерiнен жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға қайтарылуы тиiс.
      29. Қайтарылуға тиiстi жер учаскесiн нақты түрде құрамында жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аудандық комитет өкiлi (комиссия төрағасы), жер учаскесi берiлген заңды немесе жеке тұлға өкiлi, сондай-ақ учаске қайтарылатын жер иеленушi мен жер пайдаланушы өкiлi бар комиссия тексередi.
      Тексерудiң қорытындысы учаске алаңы, оның қандай мақсатқа берiлгендiгi, оны рекультивациялау жөнiндегi жұмыстардың жайы (топырақ қыртысы бұзылған жағдайда) және одан әрi қандай мақсатқа пайдаланатындығы көрсетiлген актпен хатталады.
      30. Жеке немесе заңды тұлғаның жер пайдалану құқығын осы Ереженiң 28-тармағында көрсетiлген жағдайда тоқтатуды, сондай-ақ жердi бұрынғы жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға қайтаруды бұл жерлердi тиiстi атқарушы органның ұсынысы бойынша пайдалануға алған атқарушы орган жүзеге асырады.
      31. Жер учаскесiн қайтаруды тиiстi жерге орналастыру органдары жердi иелену құқығын және пайдалану құқығын беретiн мемлекеттiк актiде, жер есебiнiң құжаттарында, сондай-ақ жерге орналастыру iстерiнде, аудандық кезекшi карталарда белгiлейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады