"Қаржы-қаражат - Финансы Казахстана" журналдарын шығару туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 шiлде 1994 ж. N 754

      Мемлекеттiң қаржы, салық, кеден саясатын, заңдық және нормативтi актiлердi кеңiнен насихаттау, сондай-ақ қаржы жүйесiнiң нақты тәжiрибесiн тарату мақсатымен қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қаржы министрлiгiнiң "Қаржы-қаражат" баспасының негiзiнде

қазақ және орыс тiлдерiнде, ай сайынғы, көлемi 8 баспа табақтық
"Қаржы-қаражат - Финансы Казахстана" журналын шығару жөнiндегi
ұсынысы қабылдансын.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 
"Қаржы-қаражат - Финансы Казахстана" журналын қаржыландырудың 
жолын анықтайтын болсын.

    Қазақстан Республикасының
    Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады