Атырау облысының Кенбай кен орнында "Бидерманн Интернэшнл" (АҚШ) компаниясымен өнiм бөлiсу шартымен (Продакшн Шеринг) мұнай барлау, игеру және өндiру жөнiндегi келiсiмдi бұзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 шiлдедегі N 756 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Атырау облысы әкiмiнiң Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсiлген Атырау облысының Кенбай кен орнында " Бидерманн Интернэшнл" (АҚШ) компаниясымен өнiм бөлiсу шартымен (Продакшн Шеринг) мұнай барлау, игеру және өндiру жөнiндегi Келiсiмдi бұзу туралы ұсынысы мақұлдансын. 
      2. Атырау облысының әкiмiне, "Мұнайгаз" Мемлекеттiк холдинг компаниясына және "Ембiмұнай" өндiрiстiк бiрлестiгiне Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен және Экономика министрлiгi жанындағы Ұлттық агенттiкпен бiрлесе отырып, Келiсiмдi бұзу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру және Келiсiмдi бұзу барысында республика мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылсын. 
      3. "Атырау облысының Кенбай кен орнында "Бидерманн Интернэшнл (АҚШ) компаниясымен өнiм бөлiсу шартымен (Продакшн Шеринг) мұнай барлау, игеру және өндiру жөнiнде Келiсiм жасау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 шiлдедегi N 581 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады