Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 8 шiлде N 763. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды ретке келтiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 5 сәуiрдегi N 1637  U941637_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн. 
      2. "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi қызметiнiң мәселелерi" жөнiндегi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 567 қаулысының 1-тармағына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж, N 27, 405-бап/ мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      екiншi абзацындағы "қамтамасыз ету" деген сөздерден кейiнгi "және пайдалы қазбалардың барланған қорын әзiрлеу" деген сөздер алынып тасталсын; 
      төртiншi абзацындағы "Мемэкономкоммен" сөзi "Экономминмен" сөзiмен алмастырылсын; 
      бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "минералдық шикiзатты өнгiштiгiне жеткiзудi белгiлеу және пайдалы қазбалардың барланған қорын бекiту, пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк балансын жасау, расталмаған кен қорларын есептен шығару, кен орындарын жою мен консервациялау"; 
     мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "жер қойнауын пайдалануды iске асыру мен лицензиялаудың мемлекеттiк жүйесiн жүргiзудi қамтамасыз ету".
     3. "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 тамыздағы N 644 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 31, 473-бап/ күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

                                     Қазақстан Республикасы   
                                      Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 8 шiлдедегi
                                         N 763 қаулысымен
                                             Бекiтiлген

               Қазақстан Республикасының Геология және 
              жер қойнауын қорғау министрлiгi туралы 
                               ЕРЕЖЕ 

      1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi /бұдан былай - Министрлiк/ геологиялық зерделеу, жер қойнауын қорғау мен пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады. Өз қызметiнде министрлiк Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тiкелей бағынады. 
      Министрлiктiң құрамына Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi мемлекеттiк комиссия кiредi. 
      Министрлiк Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жұмысшы органы ретiнде мыналар үшiн: 
      - жер қойнауын геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбаларды өндiру; 
      - жер қойнауын пайдалануды iске асыру мен лицензиялаудың мемлекеттiк жүйесiн жүргiзудi қамтамасыз ету; 
      - Каспий теңiзi құрлығының, теңiз суы қоймаларының және шельф аймағының геологиялық зерделеу жайы; 
      - геологиялық карталарды редакциялау мен баспадан шығару; 
      - жер қойнауының мемлекеттiк қорын басқару; 
      - пайдалы қазбалардың барлық түрiн барлау мен өндiру iсiне инвестицияларды тарту мәселелерi жөнiндегi салааралық үйлестiру; 
      - пайдалы қазбаларды iздестiргенде, барлағанда және игерген кезде жер қойнауын ластану мен мезгiлсiз сарқылудан қорғау үшiн жауап бередi. 
      2. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентiнiң актiлерiмен және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларымен, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 
      - Қазақстан Республикасы жер қойнауын геологиялық зерделеу мен пайдалану жөнiндегi қарым-қатынастарды мемлекеттiк реттеу; 
      - минералды шикiзат базасын дамытудың, минералдық ресурстарды ұтымды әрi кешендi пайдаланудың және жер қойнауын қорғаудың мемлекеттiк бағдарламаларын жасау; 
      - ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды және оларды iске асыру кезiндегi бақылау мiндетiн қосқанда, мемлекет қажеттiлiгi үшiн геологиялық зерттеулер жүргiзiлуiне мемлекеттiк тапсырыс берушiнiң функциясын жүзеге асыру; 
      - жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдаланудың және жер қойнауын қорғаудың белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылау; 
      - жер қойнауын барлау және /немесе/ пайдалы қазбаларды өндiру, жер қойнауын өзге де мақсаттарға пайдалану үшiн беру /лицензиялау/ жөнiнде және жер қойнауының мемлекеттiк қорын басқару жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жұмыс органы функциясын жүзеге асыру; 
      - пайдалы қазбалар өндiру үшiн, сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де мақсаттар үшiн жер қойнауын, қойнау учаскелерiн геологиялық зерделеу жөнiндегi жұмыстарды мемлекеттiк есепке алу мен тiркеу тәртiбiн белгiлеу; 
      - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпарат жүйесiн құру; 
      - Қазақстан Республикасы жер қойнауының бiртұтас мемлекеттiк қорын құру және есебiн жүргiзу; 
      - минералдық шикiзатты өнгiштiгiне жеткiзудi белгiлеу және пайдалы қазбалардың барланған қорын бекiту, пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк балансын жасау, расталмаған қорларды есептен шығару, кен орындарын жою мен консервациялау; 
      - сала кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алуға қатысу және меншiктiң әр түрлi нысандарында негiзделген жаңа құрылымдардың пайда болуы үшiн жағдай туғызу болып табылады. 
      4. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес: 
      - Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерделенуiнiң есебiн жүргiзiп, талдау жасайды; жер қойнауының жалпы геологиялық зерделенуiне, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қажеттi мемлекеттiк бюджеттiк инвестициялардың және жер қойнауын қорғауға арналған қаражаттың мөлшерiн негiздейдi; 
      - минералды шикiзат кешенiнiң салалық министрлiктерiмен бiрлесе отырып минералды шикiзат базасын дамытудың, минералдық ресурстарды ұтымды да кешендi пайдаланудың және жер қойнауын қорғаудың мемлекеттiк бағдарламасын, пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жөнiнде конкурстар жариялау туралы ұсыныстарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсырады; 
      Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық және кешендi жалпымемлекеттiк картасын жасаудың бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асырады; 
      - Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып Жер қойнауын қорғау мен минералдық шикiзат базасын ұлғайтудың Республикалық қорын пайдалану тәртiбiн белгiлейдi; 
      -геологиялық зерделеу, геологиялық, гидрогеологиялық, геофизикалық, маркшейдерлiк, талдамалы жұмыстарды, барлық аттестацияланған жер қойнауын пайдаланушылардың сынама алу мен тiркеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуiне құқық алуы үшiн жер қойнауын пайдаланушыларды аттестациялаудан өткiзедi; 
      - геологиялық барлау жұмыстарын, заңдарда көзделген өзге мақсатта пайдалы қазбалар өндiрудi лицензиялау жөнiндегi рұқсат ету құжаттарын әзiрлеудi жүзеге асырады; 
      - мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып инвестициялар тарту мақсатында пайдалы қазбаларды барлау мен /немесе/ өндiруге лицензиялар алу құқығына конкурстар ұйымдастырады; 
      - жер қойнауын пайдалануға арналған шарттарды мемлекеттiк тiркеуге алады және оларды сақтайды; 
      - барлық министрлiктерден, ведомстволардан, жергiлiктi әкiмдерден, заңды ұйымдар мен жеке адамдардан, соның iшiнде шетелдiктерден жер қойнауын пайдалану құқығын /лицензия/ алуға тапсырыстар немесе жер қойнауы учаскесiн барлауға қосу және /немесе/ пайдалы қазбалар өндiруге ұсыныстар қабылдайды, қабылдағаннан кейiн олардың арнайы журналда, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң бюллетенiнде жариялануын қамтамасыз етедi; 
      - минералды шикiзатты өнгiштiгiне жеткiзудiң есептеулерiне және жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың қорын есептеу материалдарына сараптама ұйымдастырады; 
      - мемлекеттiк бюджет қаражатын пайдаланатын заңды ұйымдар мен жеке адамдар орындауға мiндеттi геологиялық барлау жұмыстары мен жер қойнауын қорғау iстерiн жоспарлау, жобалау мен баға түзу саласындағы нормативтi құжаттарды әзiрлеп, бекiтедi; 
      - Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және мүдделi министрлiктермен бiрлесе отырып геологиялық барлау жұмыстары мен жер қойнауын қорғауға жұмсалған шығындардың орнын толтыру ставкаларының мөлшерiн белгiлеп, геологиялық барлау жұмыстары мен жер қойнауын қорғауды қаржыландыру мен кредиттеу жөнiнде нормативтiк құжаттарды әзiрлейдi; 
      - Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын геологиялық зерделеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн, пайдалы қазбалар мен жер суын шығарғанда, сондай-ақ жер қойнауын заңда көзделген өзге мақсатта пайдаланғанда, жер қойнауын қорғау мен ұтымды пайдалану саласындағы ережелер мен нормалардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 
      - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсат берiп отырады; 
      - минералды шикiзат базасы мен геологиялық барлау саласын дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк басымдылықты бағдарламаларын жасайды; 
      - мемлекеттiк компанияларға мемлекеттiк саясат шеңберiнде /мемлекеттiк нысаналы бағдарламалар/ геологиялық барлау саласының дамуы мен жетiлдiруiне көмек көрсетедi; 
      - экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру саясатын белгiлеуге қатысады; 
      - компаниялардың зиян шеккен мемлекеттiк кәсiпорындарын ретке салу, оларды қайта құру және тарату туралы ұсыныстар енгiзедi; 
      - саланың стратегиялық мiндеттерiн шешу үшiн жаңа ұйымдық құрылымдарға қаржы /валюта/ қаражатының қажеттiлiгiн негiздейдi; 
      - салалық инвестиция бағдарламаларын жасайды және iске асырады; 
      - жер қойнауын пайдаланушыларды, басқа да мүдделi заңды ұйымдар мен жеке адамдарды ақпарат жағынан қамтамасыз етедi; 
      - ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми-техникалық әзiрлемелердi үйлестiредi; 
      - пайдалы қазбалардың барланған қорларына тау-кен кәсiпорындарының сұранымына сәйкес конкурстық негiзде геологиялық барлау жұмыстарына мемлекет қажеттiлiгiн орайластыру саясатын жүргiзедi; 
      - Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз өкiлдерi арқылы, мемлекеттiк компаниялардың және мемлекет қатысатын компаниялардың байқау кеңестерiнiң жұмысына қатысады. 
      5. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi өзiне жүктелген функцияларды басқа министрлiктермен, ведомстволармен және қарауына қарай жергiлiктi өкiмет атқарушы органдармен бiрлесе отырып орындайды. 
      6. Министрлiктiң: 
      - өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жер қойнауын пайдаланушылар орындау үшiн мiндеттi бұйрықтар, қаулылар, ережелер, нұсқаулықтар, әдiстемелiк сiлтемелер және басқа да нормативтi актiлердi шығаруға; қажет болған жағдайларда басқа министрлiктермен бiрлескен актiлер шығаруға; 
      - жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын геологиялық зерделеу мен пайдалану, лицензияларда көзделген шарттарды, талаптар мен үлгiлердi сақтау туралы белгiленген тәртiппен ақпарат алуға; 
      - жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалану және қорғау ережелерi бұзылғанда оларды түзету үшiн белгiленген тәртiппен шаралар қолдануға, жер қойнауын пайдалану құқығын заңдарда белгiленген тәртiппен тоқтатуға, тежей тұруға немесе шектеуге; 
      - жер қойнауының бiртұтас мемлекеттiк қорын басқару, геологиялық зерделеу мен жер қойнауын қорғау жөнiндегi Министрлiк функцияларының бiр бөлiгiн оларға бере отырып, жер қойнауын қорғау мен минералды шикiзат базасын ұлғайтудың Республикалық қорының қаражаты есебiнен ұсталынатын аумақтық басқармалар құруға; 
      - банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашуға; 
      - Жер қойнауын қорғау мен минералды шикiзат базасын ұлғайтудың республикалық қорына қаражат аудара отырып, геологиялық ақпаратты таратуға; 
      - Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен, ведомстволарынан, ғылыми мекемелерiнен, кәсiпорындарынан Министрлiк функцияларын орындау үшiн қажеттi геологиялық зерделеу және жер қойнауын қорғау, минералды шикiзатпен қамтамасыз етiлуi және оның пайдаланылуы мәселелерi жөнiнде материалдар, ұсыныстар мен тұжырымдар алуға; 
      - консультациялар алу үшiн мамандар мен сарапшыларды, оның iшiнде шетелдiктердi де, контрактiлiк негiзде тартуға құқы бар. 
      7. Министрлiктi "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалатын Министр басқарады. 
      Министрдiң оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын орынбасарлары болады. 
      8. Министрлiкте құрамында Министр /алқа төрағасы/, лауазымдары бойынша оның орынбасарлары, негiзгi басқармалардың бастықтары және минералды шикiзат кешенiнiң өкiлдерi болатын алқа құрылады. Алқа мүшелерiн Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. 
      Алқа шешiмдерi Министрдiң бұйрықтарымен iске асырылады. 
      9. Министр: 
      - барлық мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда, кәсiпорындарда Министрлiктiң мүддесiн бiлдiредi, шарттар жасайды, банктерде есеп айырысу және басқа да шоттар ашады; 
      - штаттық кестенi және лауазымды айлықтардың нобайына сәйкес, нормаларға және жұмыс атқарып жүрген қызметкерлер мен мамандардың арақатынасы санына қарамай, аппарат мамандарының айлықтарын бекiтедi, Министрлiктiң орталық аппаратына белгiленген адам саны мен еңбек ақы қоры шегiнде үстемелердiң, қосымша ақының, сыйлықтар мен басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдердiң мөлшерiн дербес белгiлейдi;<*> 
      - Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастырады, олардың жарғылары мен ережелерiн бекiтедi; 
      - Министрлiк құрамына енетiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ аппарат қызметкерлерiн лауазымға тағайындап, лауазымнан босатады; 
      - мемлекеттiк компаниялар президенттерi мен ведомствоға қарасты саланың байқау кеңестерiнiң төрағалары лауазымды талапкерлер жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар жасайды. 
      Ескерту. 9-тармақтың 3 абзацынан сөздер алынып тасталған - 
               ҚРМК-нiң 1995.02.06. N 115 қаулысымен. 
      10. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi оған Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi табыстаған өз қоластындағы бөлiмшелердегi мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану мен басқару құқығын жүзеге асырады, заңды ұйым болып табылады, Қазақ Республикасының Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар, сондай-ақ фирмалық бланктер және геологиялық барлау жұмыстарын тiркеуге, лицензиялар беруге арналған нөмiрленген арнайы мөрлерi болады. 
      Министрлiктi қайта құру мен тарату белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады