Қазақстан-Германия Үкiметаралық экономикалық ынтымақтастық Кеңесiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 шiлде 1994 ж. N 769

      Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру және өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамыту жөнiндегi жұмысты үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан-Германия Үкiметаралық экономикалық ынтымақтастық Кеңесiнiң Қазақстан жағы құрылсын.
      2. Қазақстан-Германия Үкiметаралық экономикалық ынтымақтастық Кеңесiнiң Қазақстан жағының тең төрағасы болып Қазақстан Республикасының Экономика министрi М.Ф. Үркiмбаев бекiтiлсiн.
      3. Үкiметаралық Кеңестiң Қазақстан жағының тең төрағасына Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен, басқа да мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Кеңестiң жеке құрамы бойынша ұсыныс енгiзу тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады