Ауыл шаруашылығының қажетiне арналған мұнай өнiмдерiн берiп тұру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 шiлде 1994 ж. N 780 Ескерту. Қаулыға қосымша ретiнде Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 21.07.1994 ж. N 286 өкiмiн қараңдар. ~R940286

      Ауыл шаруашылығын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етуде туындап отырған елеулi қиыншылықтарға байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, "Астық" және "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниялары үстiмiздегi жылы мұнай өнiмдерiн келiсiмдi баға бойынша Қазақстан Республикасына берiп тұру, солар үшiн шаруашылықтардың еркiн қалдығынан сатып алынатын 2000 мың тонна мөлшерiндегi 1994 жылғы егiннiң астығын өткiзуден алынатын қаражат есебiнен есеп айырысатын, оны франко-Қазақстан шекарасы бойынша жөнелту шартымен, беру мерзiмдерiн және астық пен мұнай өнiмдерi құны арақатынасының баламасын көздей отырып, "Либерти" ресейлiк құрылықаралық компаниясымен контракт жасассын.
      2. "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының аумақтық акционерлiк компанияларымен келiсiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен ауыл шаруашылығын басқарудың облыстық органдарының үлестiруi бойынша "Либерти" компаниясымен контракт бойынша сатып алынатын мұнай өнiмдерiн республиканың ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына берiп тұруды, кейiннен олардың құнын, басқа берiлiмдер жөнiндегi есеп айырысулардың жайына қарамастан, 1994 жылғы егiннiң астығымен төлем жасауды жүзеге асырсын.
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, облыстардың әкiмдерi астық өндiрушiлер мен "Астық" және "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компанияларының кәсiпорындары арасында тиiстi шарттар жасасылуын қамтамасыз етсiн.
      3. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы мұнай өнiмдерiне төлем есебiнде сатып алынған астықты "Либерти" компаниясымен контрактiде белгiленген мерзiмде өткiзудi қамтамасыз етсiн және "Либерти" компаниясы арқылы мұнай өнiмдерiн сатып алуға пайдаланылған кредиттi өтеуге Қазақ орталық акционерлiк банкiмен (Орталықбанк) шарт жасайтын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне iшкi кредиттердi пайдалану және сыртқы кредиттердi тарту есебiнен мұнай өнiмдерiн сатып алу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi бойынша Қазақ Орталық банкiне кепiлдiк беруге рұқсат етiлсiн. Орталық банкiне берiлген мұнай өнiмдерi үшiн "Либерти" компаниясына ол арқылы қаражат аудару жөнiнде Мәскеу қаласындағы Орталық муниципалдық коммерциялық банкiсiмен келiсiм жасау ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi үстiмiздегi жылдың тамызынан бастап ай сайын "Либерти" компаниясы арқылы сатып алынатын мұнай өнiмдерi үшiн Мәскеу қаласындағы Орталық муниципалдық коммерциялық банкiмен есеп айырысуға арналған

орталықтандырылған кредит ресурстарын Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрлiгiне бөлудi көздесiн.
     Қазақстандық банкаралық валюта биржасына аталған мақсат үшiн
теңгенi шетел валютасына айналдыруды басым тәртiппен жүргiзу
ұсынылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады