Теңiз-Атырау-Астрахань-Новороссийск Өткiзгiш құбыр консорциумының экспорттық Мұнай құбыры жүйесiнiң құрылысы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 шiлде 1994 ж. N 790

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Оман Сұлтандығы Үкiметi арасындағы Өткiзгiш құбыр консорциумы туралы 1992 жылғы 17 маусымдағы Келiсiмдi жүзеге асырудың негiзгi принциптерiн әзiрлеудiң аяқталуына байланысты және экспорттық мұнай құбыры жүйесiн құрудағы әзiрленген тетiктердi бiрыңғай жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiкпен және "Мұнайгаз" Мемлекеттiк холдинг компаниясымен бiрлесе отырып Өткiзгiш құбыр консорциумы жобасын жүзеге асыруды және онда Қазақстан кәсiпорындары мен ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктермен және ведомстволарымен бiрлесе отырып келiсiлген әдiске сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан өтетiн келiсiлген Теңiз-Атырау-Астрахань-Грозный мұнай құбыры бөлiгiнiң құнын анықтап, көрсетiлген құнның Өткiзгiш құбыр консорциумына (заемдық қаржы шартымен) салым ретiндегi жұмыстарды жедел орындауды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, "Мұнайгаз" Мемлекеттiк холдинг компаниясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетiне Консорциумға қатысудан алынатын кiрiстi республикалық бюджетке аудару тәртiбi туралы ұсыныс енгiзсiн.
      4. Өткiзгiш құбыр консорциумының Директорлар кеңесiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi Консорциум Директорлар кеңесiнiң талқылауларында осы Келiсiмнiң 15-бабына сәйкес шешiм қабылдайды деп белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiк, құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi Өткiзгiш құбыр консорциумымен бiрлесiп Консорциумның өткiзгiш құбыр жүйесi құрылысының жобасына халықаралық нормаларды, қағидалар мен стандарттарды ескере отырып Мемлекеттiк сараптама жасауды қамтамасыз ету тетiктерiн әзiрлесiн.
      6. Атырау облысының әкiмi Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып Өткiзгiш құбыр консорциумының өткiзгiш құбыр жүйесi объектiлерiн салу мен пайдалану үшiн уақытша пайдалануға жер учаскелерiн бөлудi қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Өткiзгiш құбыр консорциумы жобасын жүзеге асыру мәселелерiне байланысты Қазақстанға келетiн шетел мамандарына көп рет пайдаланатын виза беруге көмектессiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады