Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын көбейту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 28 шiлде N 847. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 4.10.1994 ж. N 1108 қаулысымен.

      "1994 жылға арналған республикалық бюджеттi дәлдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 14 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын өсiру туралы" 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 397, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын көбейту туралы" 1994 жылғы 5 мамырдағы N 479, "Қазақстан Республикасының селолық және поселкелiк әкiмшiлiктерiнiң аппараттары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы туралы" 1994 жылғы 19 мамырдағы N 540, "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын өсiру туралы" 1994 жылғы 20 мамырдағы N 547 қаулыларымен белгiленген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы 1994 жылғы 1 шiлдеден бастап 1,5 есе көбейтiлсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады