1994-1995 жылдары Реформаларды тереңдету және экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 шiлде 1994 ж. N 849

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Жолдауында және Қазақстан Республикасы Президентi бекiткен Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасында баяндалған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1994-1995 жылдары Реформаларды тереңдету және экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi осыған қосылған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары бекiтiлсiн.
      2. Министрлiктердiң, ведомстволардың басшылары, жергiлiктi әкiмдер, ұлттық, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компаниялар осы Жоспарда белгiленген заңдылық және нормативтiк актiлердiң дер кезiнде және сапалы әзiрленуiн қамтамасыз ететiн болсын.
      Жауапты орындаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары бiрге орындаушылардың келiсiмi бойынша осы қаулының орындалуы барысы туралы есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ақпарат берудi қамтамасыз ететiн болып белгiленсiн.
      3. Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының негiзiнде министрлiктер, ведомстволар мен жергiлiктi әкiмдер бiр айлық мерзiм iшiнде салалар мен аймақтардың ерекшелiктерiн ескере отырып, оны жүзеге асыру жөнiндегi өз шараларын әзiрлейтiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң мәжiлiстерiнде

Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiнде
Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының, сондай-ақ Үкiметтiң iс-қимыл
жоспарының орындалу барысы ай сайын қаралып отырады деп
белгiленсiн.
     5. Үкiметтiң iс-қимыл жоспарының орындалуын бақылау
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi iс басқармасының
Жиынтық экономика бөлiмiне жүктелсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 29 шiлдедегi
                                          N 849 қаулысына
                                           Қосымша
     
            1994-1995 жылдары реформаларды тереңдету және
                экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi
                     Үкiметтiң iс-қимыл жоспары
-------------------------------------------------------------------
      1              !    2        !      3     !     4    !   5
-------------------------------------------------------------------
     1 - Тапсырманың, шараның атауы   
     2 - Тапсырманы, шараны аяқтау нысаны
     3 - Атқарылу мерзiмi
     4 - Атқаруға жауапты министрлiктер, ведомстволар
     5 - Министрлер Кабинетi Iс басқармасының бақылау жасауға   
         жауапты бөлiмдерi
---------------------------------------------------------------------
         1           !       2       !      3   !      4     !   5
---------------------------------------------------------------------
                   Бәсекелестiк саясат және бағаны ырықтандыру
                  ---------------------------------------------
     1. Өндiрушiлердiң шығынын жабуды қамтамасыз ететiн деңгейге 
дейiн мемлекет реттейтiн бағаларды кезең-кезеңiмен өсiру, сондай-ақ
бағасын мемлекет реттейтiн тауарлар тiзбесiн қысқарту
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. шiлде - қазан
     4. Экономминi, Қаржыминi, Энергокөмiрөнеркәсiпминi, 
Ауылшарминi Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Бағалар мен тарифтердi ырықтандыру 
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Экономминi, Қаржыминi                              
     5. Қаржы бөлiмi

     1. "Баға түзу туралы" қолданылып жүрген Қазақ ССР 
Заңының күшiн жою    
     2.  Заң жобасы, Министрлер Кабинетiнiң қаулысы  
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Экономминi, Қаржыминi, Әдiлетминi                  
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Монополист-кәсiпорындардың бағаға өктемдiк ету практикасын
жою
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Экономминi, Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитет
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Баға мен тарифтердiң ырықтандырылуына байланысты халықтың 
аз қамтамасыз етiлген жiктерiне атаулы өтем жасау тетiгiн енгiзу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Қаржыминi, Экономминi, Әлеуметминi, Еңбекминi
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

     1. "Монополистiк қызметтi шектеу және бәсекелестiктi дамыту
туралы" Заңның жаңа редакциясын қабылдау
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк
комитет, Әдiлетминi, Экономминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Iс жүзiндегi бағаға бақылау жасалуын күшейту, бақылаушы
органдар қызметкерлерiнiң мәртебесiн, олардың құқықтық және
әлеуметтiк қорғалуын арттыру жөнiнде шараларын әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қараша
     4. Экономминi, Қаржыминi, Әлеуметминi, Баға және монополияға
қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитет
     5. Қаржы бөлiмi

     1. "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Қазақ КСР Заңына 
өзгертулер мен толықтырулар енгiзу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк
комитет Әдiлетминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi 

-------------------------------------------------------------------
        1               !    2    !     3    !     4    !    5
-------------------------------------------------------------------
                   Тауар нарықтарын ырықтандыру
                  -------------------------------
     1. Мемлекет мұқтажы үшiн өнiмдер мен тауарларды сатып алу
жүйесiнен мемлекеттiк сатып алу жүйесiне көшу
     2. Қолданылып жүрген заңдарға түзетулер
     3. 1994 ж. қазан
     4. Экономминi, Қаржыминi, Ауылшарминi, Қорғанысминi, 
Iшкiiсминi, Мемрезерв, ТЖМК, Өнеркәсiпсаудаминi Әдiлетминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Аграрлық мәселелер жөнiндегi
бөлiм

     1. Тауар биржаларында отандық өндiрiс өнiмдерi мен тауарларын
сатуды ұлғайту жөнiндегi шараларды әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қазан
     4. Экономминi, Қаржыминi, Ауылшарминi, Өнеркәсiпсаудаминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Көтерме сауда мен жүк тасымалы саласында жекешелендiру 
процесiн жеделдету және монополистiк құрылымдарды ықшамдау 
жөнiндегi шараларды әзiрлеу 
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қазан
     4. Меммүлiккомы, Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитет, Әдiлетминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Ұлттық мұнай компаниясын құру 
     2. Президент Жарлығы
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Экономминi, Меммүлiккомы, Мұнайгазөнеркәсiпминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Астықты сатып алу бағасын кезең-кезеңiмен ырықтандыру
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Экономминi, Қаржыминi, Ауылшарминi
     5. Қаржы бөлiмi, Аграрлық мәселелер жөнiндегi бөлiм

     1. Тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) экспортын 
квоталау мен лицензиялауды жою
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қазан
     4. Экономминi, Өнеркәсiпсаудаминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Сыртқы байланыстар бөлiмi,
ТМД iстерi жөнiндегi бөлiм

     1. МССК атынан оларды мемлекеттiк мәртебесiнен айырып және 
басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құқықтарымен теңестiрiп,
сыртқы саудада мемлекеттiң монополиясынан бас тарту
     2. Президент Жарлығы
     3. 1994 ж. қазан 
     4. Экономминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Баға және монополияға 
қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитет
     5. Жиынтық экономика бөлiмi

-------------------------------------------------------------------
           1              !     2     !     3     !    4    !   5
-------------------------------------------------------------------
                   Бюджет саясаты
                 ------------------
     1. Нан және нан-тоқаш өнiмдерiнiң, құрамажемнiң
бағасын кезең-кезеңiмен өсiре отырып, бюджеттен дотация берудi
қысқарту
     2. Республикалық бюджет туралы Заңның жобасы Министрлер
Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. шiлде
     4. Қаржымминi, Экономминi, Ауылшарминi, Еңбекминi
     5. Қаржы бөлiмi



      1. Мемлекеттiк басқару мен атқарушы өкiмет органдарында жұмыс iстеушiлердiң санын қысқарту жөнiндегi шараларға сәйкес бюджеттегi ұйымдардың еңбекақы қорын ЖIӨ-нiң 3 процентiне шектеу
      2. Республикалық бюджет туралы Заң жобасы, Министрлер

Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. шiлде
     4. Қаржыминi, Экономминi, Еңбекминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. Бұрын республикалық бюджеттен жасалған әлеуметтiк 
төлемдердiң бiр бөлiгiн анықтау және оны жергiлiктi бюджеттердiң
шығыс бөлiгiне енгiзу
     2. 1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңның 
жобасы
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Қаржыминi, Экономминi
     5. Қаржы бөлiмi



      1. Кiрiстi ескере отырып, бюджет шығындарын секвестрлендiру

тетiгiн әзiрлеу және оны салықбюджет саласының жайына сәйкес
жүзеге асырылуын көздеу
     2. Секвестрлендiру тетiгi туралы Қазақстан Республикасының
Президентiне ұсыныс жасау
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Қаржыминi, Экономминi
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Iшкi банк кредиттерi есебiнен бюджет тапшылығын
қаржыландыруды шектеу
     2. 1994 және 1995 жылдарға арналған республикалық бюджет
туралы Заң жобалары
     3. 1994 ж. шiлде, желтоқсан
     4. Қаржыминi, Экономминi, Ұлттық банк
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Алтын-валюта резервiне билiк жүргiзу құқығын Қаржыминiне
беру
     2. Президент Жарлығы
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Қаржыминi, Ұлттық банк, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi
     
     1. Сыртқы займдарды қамту жөнiнде iшкi резервтер жасау
үшiн республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлiнуiн көздеу
     2. 1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң
жобасы, Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Қаржыминi, Экономминi, Ұлттық банк
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Республикалық бюджетке басы бос қаржылардың тартылуын
қамтамасыз ететiн iшкi займдарды жүзеге асыру тетiгiн әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Қаржыминi, Экономминi, Ұлттық банк
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Мемлекеттiк қаржы саясаты мәселелерiндегi Қаржыминiнiң
құқығы мен жауапкершiлiгiн күшейту
     2. Президент Жарлығы
     3. 1994 ж. шiлде
     4. Қаржыминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

-------------------------------------------------------------------
                1                !   2     !    3    !  4   !  5
-------------------------------------------------------------------
                   Кредит саясаты
                --------------------
     1. Кәсiпорындар мен ұйымдардың банкроттығы туралы, Ұлттық
банк туралы, Қазақстан Республикасының банктерi туралы Заңдардың
жаңа редакциясын қабылдау
     2. Заңдар жобалары Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Қаржыминi, Меммүлiкком, Экономминi, Әдiлетминi, Ұлттық банк
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Қаржы бөлiмi

     1. Кәсiпорындар мен ұйымдардың берешектерiн уақтылы әрi
толық өтеуiн қамтамасыз ету мақсатында берешек кәсiпорындар мен
олардың басшыларына ықпал ету шаралар жүйесiн әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Қаржыминi, Экономминi, Ұлттық банк
     5. Қаржы бөлiмi, Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Қазақстан Республикасының iрi коммерциялық банктерiнiң
аудиторлық тексеру жүргiзу тетiгi жөнiнде ұсыныс әзiрлеу
     2. Ұлттық банк басқармасының шешiмi
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Ұлттық банк Қаржыминi
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Коммерциялық банктердiң аудиторлық тексерiлуiн жүзеге асыру
     2. Аудиторлық тексеру нәтижелерi бойынша қорытынды
     3. Қаржыминi бекiткен кесте-жоспарға сәйкес
     4. Қаржыминi, Экономминi, Ұлттық банк
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi
 
     1. Ұлттық банктiң аудитiн жүзеге асыру
     2. Аудиторлық тексерудiң нәтижелерi бойынша қорытынды
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Тәуелсiз шетел аудиторлық конторы
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Орталықтандырылған кредит үлесiн дәйектi түрде қысқарту,
IV тоқсанда аукционда сатылған кредит үлесiн 75 процентке дейiн
ұлғайту
     2. Ұлттық банк басқармасының шешiмi
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Ұлттық банк, Қаржыминi, Экономминi
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Орталықтандырылған кредиттi бөлу мен пайдалану тәртiбi
туралы Ереженi бекiту, онда орталықтандырылған кредит үшiн
жауапкершiлiктi банк жүйесiнен республика бюджетiне ауыстыру
     2. Министрлер Кабинетi мен Ұлттық банктiң бiрлескен қаулысы
     3. 1995 ж. қараша
     4. Қаржыминi, Экономминi, Ұлттық банк
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Ұлттық банктi заң шығарушы және атқарушы өкiметке тәуелсiз
ету
     2. Республика Конституциясына түзету
     3. 1994 ж. қараша
     4. Қаржыминi, Әдiлетминi, Ұлттық банк
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Ауыл шаруашылығын қаржы жағынан қолдау институтын
(АШҚИ) құру, сол арқылы 1995 жылғы I қаңтардан бастап ауыл
шаруашылығына бүкiл бюджеттiк субсидияларды берудi жүзеге асыру
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Қаржыминi, Экономминi, Ауылшарминi, Ұлттық банк 
     5. Қаржы бөлiмi, Аграрлық мәселелер жөнiндегi бөлiм

     1. Агроөнеркәсiпбанктiң активтерiн АШҚИ балансына өткiзу
және кейiннен қайта капиталдандыру жолымен "тазартуды" көздей 
отырып, оны реформалауды бастап, жыл аяғына дейiн аяқтау
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Қаржыминi, Ауылшарминi, Ұлттық банк
     5. Қаржы бөлiмi, Аграрлық мәселелер жөнiндегi бөлiм

     1. Қазақстан Республикасының резерв жүйесiн құру
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қараша
     4. Қаржыминi, Экономминi, Ұлттық банк
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

-------------------------------------------------------------------
              1                  !    2     !    3   !   4  !   5
-------------------------------------------------------------------
                   Өндiрiстiк кәсiпорындар мен қаржы секторының
                              реформасы 
                 ------------------------------------------------
     1. Түрлi меншiк нысандарындағы шет ел әрiптестерiмен де,
сол сияқты отандық әрiптестермен де бiрлескен кәсiпорындар 
құрудың бiрыңғай тетiгiн әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. шiлде 
     4. Экономминi, Меммүлiкком, Қаржыминi, Әдiлетминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Мембасқару органдары бөлiмi



      1. Банкроттық процедурасын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыру

және оны оңайлату шараларын, сондай-ақ банкрот деп жариялауды және
зиян шегушi кәсiпорындарды санациялау тетiгiн көздеу
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Қаржыминi, Меммүлiкком, Экономминi, Әдiлетминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Қаржы бөлiмi
 
     1. Қаржыминiнiң жанынан зиян шегушi кәсiпорындарды қайта 
құрылымдау және қаржылық сауықтыру қызметiмен айналысатын 
қаржы институтын, сол сияқты кәсiпорындарды қаржылық қайта
қалпына келтiру жөнiндегi агенттiк құру
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қараша - желтоқсан
     4. Қаржыминi, Экономминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Қаржы субсидияларын және басқа да жеңiлдiктердi 
кәсiпорындарға тек бюджет арқылы беру режимiн заң жүзiнде баянды
ету
     2. Қолданылып жүрген заңдарға түзетулер
     3. 1994 ж. қараша
     4. Қаржыминi, Экономминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Бухгалтерлiк есептiң жаңа жүйесiн енгiзу
     2. Заң жобасы
     3. 1995 ж. III-IV тоқсан 
     4. Қаржыминi
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Кәсiпорындардың балансындағы әлеуметтiк, мәдени-тұрмыс
объектiлерiн пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн ереженi әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Экономминi, Қаржыминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi, Қаржы
бөлiмi

     1. Әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiру туралы
ереженi әзiрлеу немесе осы объектiлердi конкурс бойынша сату
немесе оларды акционерлiк қоғамдарға айналдыруға рұқсат беретiн
уақытша ережелер шығару
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. шiлде
     4. Меммүлiккомы, Әдiлетминi, Қаржыминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. Жергiлiктi өкiмет органдарына берiлетiн әлеуметтiк,
мәдени-тұрмыс объектiлерiн пайдалану, оларды қаржыландыру тәртiбiн
әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Экономминi, Қаржыминi
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. "Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Заңды әзiрлеу
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қараша
     4. Экономминi, Әдiлетминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Мембасқару органдары бөлiмi

     1. "Кәсiпорындар туралы" Заңның күшiн жойылды деп тану
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қараша
     4. Әдiлетминi, Экономминi
     5. Заң бөлiмi

     1. "Лизинг туралы" Заңды әзiрлеу 
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қазан
     4. Өнеркәсiпсаудаминi Экономминi, Әдiлетминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

-------------------------------------------------------------------
              1              !    2    !    3    !    4    !   5
-------------------------------------------------------------------
                   Жекешелендiру
                  ----------------
     1. Инвестициялық жекешелендiру купондарының құнды болуына
мемлекеттiк кепiлдiк беру тетiгiн қарастыру
     2. Президент Жарлығы
     3. 1994 ж. қараша
     4. Меммүлiккомы, Экономминi, Баға және монополияға қарсы 
саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитет, Әдiлетминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Шетел сатып алушыларына объектiлердi сату жөнiнде 
мамандандырылған аукциондар ұйымдастыру туралы ұсыныстар әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Меммүлiккомы, Әдiлетминi, Қаржыминi, Сыртбайланысминi,
Сыртқыiсминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Инвестициялық жекешелендiру қорларының бiрiгу және iрiлену
тәртiбi мен олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру тетiгiн әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қараша
     4. Меммүлiккомы, Экономминi, Қаржыминi, Баға және монополияға
қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитет, Әдiлетминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Жарғылық және негiзгi қорларды қайта бағалауды, сондай-ақ
инфляцияға ұшырамаған нарықтық өлшем есебiн жүргiзудi жүзеге асыру
     2. Президент Жарлығы
     3. 1994 ж. қазан
     4. Мемстатком, Қаржыминi, Меммүлiкком
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Бұқаралық ақпарат, радио және телекоммуникациялар,
энергетика, темiржол көлiгi объектiлерiн мемлекет иелiгiнен алу мен
жекешелендiруге көзқарасты анықтау
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қазан
     4. Меммүлiккомы, Баспасөзминi, Энергокөмiрөнеркәсiпминi Көлiк
және коммуникациялар министрлiгi
   


      1. Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк акционерлiк және холдинг компанияларын монополиясыздандыру мен дамыту жөнiнде iс шараларын әзiрлеу
      2. Президент Жарлығы, Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
      3. 1994 ж. желтоқсан
      4. Экономминi, Меммүлiккомы, Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитет, Әдiлетминi,

Өнеркәсiпсаудаминi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
Мұнайгазөнеркәсiпминi, Энергокөмiрөнеркәсiпминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алудың, мына
жәйттердi ескере отырып, заңдық негiзiн жетiлдiру:
     - "Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру" Заңының жаңа
редакциясын дайындау
     2. Заң жобасы 
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Меммүлiккомы, Қаржыминi, Экономминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi

     1. - "Шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар мен
компаниялар туралы" Заңның жаңа редакциясын дайындау
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Әдiлетминi, Меммүлiккомы, Баға және монополияға қарсы
саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитет
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Мембасқару органдары бөлiмi

                   Салық саясаты
     1. Салық кодексiнiң жобасын әзiрлеу
     2. Салық кодексiнiң жобасы
     3. 1994 ж. қараша
     4. Қаржыминi, Экономминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Экономикалық өзгерiстер қорын, Жол қорын, Кәсiпкерлiктi
қолдау және бәсекелестiктi дамыту қорын кезең-кезеңiмен таратуды
жүзеге асыру
     2. Заң жобалары, Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қараша 
     4. Қаржыминi, Экономминi
     5. Қаржы бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Жеке адамдардың кiрiстерiне салынатын салықтың жоғарғы 
шегiн анықтау
     2. Республикалық бюджет туралы Заңның жобасы
     3. 1994 ж. шiлде 
     4. Қаржыминi
     5. Қаржы бөлiмi
     
     1. Қосылған құнға салық төлету тәртiбiн анықтау, акция төлету
тәртiбiн дәлдеу
     2. Қолданылып жүрген заңдарға түзетулер
     3. 1994 ж. қараша
     4. Қаржыминi
     5. Қаржы бөлiмi
 
     1. Жер салығын, жеке адамдардың мүлкiне салынатын салықты,
тағайындалған (ренталық), төлемдердi есептеу тәртiбiн анықтау
     2. Қолданылып жүрген заңдарға түзетулер
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Қаржыминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Мембасқару органдары бөлiмi
 
     1. "Кәсiпорындардың пайдасы мен кiрiсiне салық салу туралы"
"Жеке адамдардың табысынан алынатын салық туралы" заңдардың 
жобаларын енгiзу
     2. Заң жобалары
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Қаржыминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Салыққа қатысы жоқ барлық заң актiлерiнен салық тәртiптерiн
алып тастау
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қараша
     4. Қаржыминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Заң бөлiмi

     1. Компьютерлiк технологияларды енгiзудi және кадрлар даярлау
жүйесiн құруды қамтамасыз ету арқылы салық қызметiнiң материалдық
базасын нығайтуды қамтамасыз ету
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Қаржыминi
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Салықтарды төлемегенi үшiн жауапкершiлiктi қатайта түсу
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Қаржыминi, Бас прокуратура, Iшкiiсминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Құқық қорғау органдары бөлiмi

                   Әлеуметтiк саясат
                 ---------------------
     1. Бiрыңғай тариф сеткасының жаңа параметрлерiн әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Еңбекминi, Қаржыминi, Экономминi
     5. Қаржы бөлiмi



      1. Ең төменгi тұтыну бюджетi туралы жаңа Заңды әзiрлеудi

немесе қолданылып жүрген заңдарға өзгертулер мен толықтырулар
енгiзудi ескере отырып, азаматтардың күнкөрiс минимумынан төмен
емес табыс табуына жағдай туғызуды қамтамасыз ететiн принциптi
жаңа әдiстер әзiрлеу
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Еңбекминi, Әлеуметминi, Мемстатком, Экономминi, 
Денсаулықминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. "Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы"
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. IV тоқсан
     4. Әлеуметминi, Қаржыминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Ұжымдық шарттар
туралы"
     2. Заң жобалары
     3. 1995 ж. I-III тоқсандар
     4. Еңбекминi, Қаржыминi, Экономминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. "Еңбек кодексi туралы"
     2. Заң жобасы
     3. 1995 ж. III тоқсан
     4. Еңбекминi, Әдiлетминi, Экономминi, Қаржыминi, Қазкәсiподақ
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. "Мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңдарға
өзгертулер мен толықтырулар әзiрлеу
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. III тоқсан
     4. Әлеуметминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. "Ең төменгi еңбекақы мен еңбекке ақы төлеу саласында
мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктер туралы" Заңды нарықтық экономика
талаптарына сәйкес келтiру
     2. Заң жобасы
     3. 1995 ж. I тоқсан
     4. Еңбекминi, Экономминi, Әлеуметминi, Қаржыминi
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi
     
     1. Мұқтаж адамдарға әлеуметтiк көмек көрсету тетiгiн әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Еңбекминi, Әлеуметминi, Қаржыминi
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. Кесiмдi кiрiсi бар қызметкерлерге еңбекақы төлеудi 
реттеудiң айқындамасын дайындау
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1995 ж. I тоқсан
     4. Еңбекминi, Экономминi, Қаржыминi
     5. Қаржы бөлiмi

     1. Мiндеттi, ерiктi сақтандыруды
     2. Заң жобалары
     3. 1994-1995 ж.ж. iшiнде
     4. Әлеуметминi, Қаржыминi, Әдiлетминi, Еңбекминi
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. Сақтандыру медицинасын ендiру мен дамытуға арналған
заңдардың негiзiн әзiрлеу
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. iшiнде
     4. Денсаулықминi, Қаржыминi, Әдiлетминi
     5. Қаржы бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi
  
     1. Сақтандыру медицинасын дамытудың мемлекеттiк Бағдарламасын 
жасау
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1995 ж. қаңтар
     4. Денсаулықминi, Қаржыминi
     5. Әлеуметтiк сала бөлiмi

                   Экологиялық саясат
                 ----------------------
     1. "Қазақстан Республикасында қоршаған табиғи ортаны
қорғау туралы" Заңның жаңа редакциясын қабылдау
     2. Заң жобасы Министрлер кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Экобиоресурсминi, Әдiлетминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың құқықтық базасын 
жетiлдiру
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қазаң
     4. Экобиоресурсминi Әдiлетминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану 
үшiн мемлекеттiк экологиялық бақылаудың тиiмдiлiгiн көтеру
жөнiндегi шараларды қарастыру
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Экобиоресурсминi, Әдiлетминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Табиғатты пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру,
бюджетке түсетiн қаржының көлемiн ұлғайту шараларын көздеу
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қараша
     4. Экобиоресурсминi, Әдiлетминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Қазақстан Республикасында қорғалатын аумақтар жүйесiн
ұйымдастыру және жұмыс iстеуiнiң нормативтiк-құқықтық базасын
құру
     2. Заң жобасы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Экобиоресурсминi, Әдiлетминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
шараларын күшейту
     2. Қолданылып жүрген заңдарға түзетулер
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Экобиоресурсминi, Әдiлетмиi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi
 
     1. Ластаушы заттардың лақтырындыларымен атмосфера ауасының
ластануын реттеудi жетiлдiру жөнiндегi шараларды көздеу
     2. Заң жобасы
     3. 1995 ж. iшiнде
     4. Экобиоресурсминi, Әдiлетминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Ауызсумен жабдықтайтын бастауларды ластаушы заттардың
қалдықтарынан қорғау жөнiндегi құқықтық нормаларды әзiрлеу
     2. Заң жобасы
     3. 1995 ж. iшiнде
     4. Экобиоресурсминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi
   
     1. Жекеменшiк орман шаруашылықтарын ұйымдастырудың құқықтық
негiзiн жасау
     2. Заң жобасы
     3. 1995 ж. iшiнде
     4. Экобиоресурсминi, Әдiлетминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Табиғатты тиiмдi пайдаланудың 2010 жылға дейiнгi Ұлттық
бағдарламасын әзiрлеп, бекiту
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Экобиоресурсминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. 1994-2010 жылдар кезеңiне арналған "Қазақстан орманы"
Ұлттық бағдарламасын әзiрлеп, бекiту 
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Экобиоресурсминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Жүйелi кең ауқымды экологиялық және табиғи-ресурстық
мониторинг құрудың республикалық нысаналы ғылыми-техникалық
бағдарламасын әзiрлеп, бекiту
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. тамыз
     4. Экобиоресурсминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

     1. Экобиоресурсминiне атмосфера ауасына, жер және су
ресурстарына мембақылау қызметiн беру есебiнен мемлекеттiк
басқару мен экологиялық бақылаудың бiрыңғай қызметiн құру
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қараша
     4. Экобиоресурсминi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi

-------------------------------------------------------------------
            1                    !   2   !   3   !   4    !   5
-------------------------------------------------------------------
                   Тұрғын үй нарығының қалыптасуы және дамуы
                 ---------------------------------------------


      1. Орталықтандырылған қаржы көздерiнiң тұрғын үй құрылысына көзделген 80 проценттен кем емес қаражатын жаңа тұрғын үй саясатының тетiктерiн пайдалана отырып, басталған құрылыстарды аяқтауға жұмсау
      2. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарлары мен Қазақстан Республикасының бюджетiн әзiрлеу кезiнде ескерiлсiн
      3. 1994-1995 ж.ж.
      4. Экономминi, Құрылысминi
      5. Мембасқару органдары бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

      1. Өзiнде жылжымайтын мүлiк пен жердiң заңдық құқықтарын, техникалық сипаттамалары мен құнын бiрiктiретiн жылжымайтын мүлiктердiң Мемлекеттiк Кадастрын - жылжымайтын мүлiктi тiркеу мен есепке алудың мемлекеттiк жүйесiн құру
      2. Жұмыс тобын құру жөнiндегi Министрлер Кабинетiнiң өкiмi, Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
      3. 1994 ж. тамыз 1995 ж. наурыз
      4. Құрылысминi, Мемжерком, Қаржыминi, Мемстаткомы, Әдiлетминi,

Меммүлiккомы, Облыстық әкiмшiлiктер, Алматы және Ленинск 
қалаларының әкiмшiлiктерi
     5. Мембасқару органдары бөлiмi, Қаржы бөлiмi, Жиынтық
экономика бөлiмi

                   Құқық тәртiбiн нығайту
                 --------------------------
     1. Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-iс жүргiзу кодексi, 
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс, жеке тыңшылар және
күзет қызметi туралы, Салық милициясының құқықтары мен мiндеттерi
туралы Заң жобаларын әзiрлеудi аяқтау
     2. Заң жобалары
     3. 1994 ж. қыркүйек-желтоқсан
     4. Әдiлетминi, Iшкiiсминi, Қаржыминi
     5. Құқық қорғау органдары бөлiмi, Қаржы бөлiмi

     1. Мемлекеттiк қаржы бақылау органдары қызметiнiң құқықтық
базасын нығайту
     2. Заң жобалары
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Әдiлетминi, Мемқаржыбақылау
     5. Қаржы бөлiмi, Құқық қорғау органдары бөлiмi



      1. Нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы күрес, сондай-ақ

жастар мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын
алу жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы үкiмет 
бағдарламаларын әзiрлеп, бекiту
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулылары
     3. 1994 ж. IV тоқсан - 1995 ж. I тоқсан
     4. iшкiiсминi, Бiлiмминi, Жастартурспортминi
     5. Құқық қорғау органдары бөлiмi, Әлеуметтiк сала бөлiмi

     1. Жаңа, нарықтық және демократиялық тұжырымдама негiзiнде
Қазақстан Республикасының "бiрiншi буындағы" заңдарын жүйелеу,
бiрлестiру және кодификациялау мақсатындағы жалпы түгендеу мен
тексерудi аяқтау
     2. Ұсыныстарымен бiрге қорытындылаушы анықтама
     3. 1994 ж. II жарты жылдық - 1995 ж. I жарты жылдық
     4. Әдiлетминi
     5. Заң бөлiмi, Құқық қорғау органдары бөлiмi

     1. Азаматтарға құқықтық тәрбие беру мен оқытудың, мемлекеттiң
құқықтық саясаты мен заңдарын түсiндiрудiң және насихаттаудың 
бiртұтас жүйесiн құру
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. желтоқсан
     4. Әдiлетминi, Iшкiiсминi Баспасөзминi, Бiлiмминi
     5. Құқық қорғау органдары бөлiмi

     1. Қоғамдық құрылымдардың құқық бұзушылыққа қарсы күреске 
қатысуы бойынша қолда бар тәжiрибенi жинақтау, оларды моральдық
және материалдық ынталандырудың жүйесiн әзiрлеу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қарауына
     3. 1994 ж. қазан
     4. Iшкiiсминi, Әдiлетминi
     5. Құқық қорғау органдары бөлiмi

     1. Әскери бөлiмдерде атыс қарулары мен оқ-дәрiлердi сақтауды
қамтамасыз ету және халықтың қолында заңсыз сақталып отырған
қаруларды алу бойынша кешендi iс-шаралар жүргiзу
     2. Министрлер Кабинетiнiң қарауына
     3. 1994 ж. iшiнде
     4. Қорғанысминi, Iшкiiсминi
     5. Қорғаныс және құқық қорғау органдары бөлiмдерi

     1. Милицияның бекеттiк-шолғыншылық қызметi санын көбейту, 
темiржол және әуе көлiктерiндегi жолаушылар мен жүктердiң 
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы бөлiмшелер құру
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1995 ж.
     4. Iшкiiсминi
     5. Құқық қорғау бөлiмi

-------------------------------------------------------------------
                  1        !    2    !     3     !    4    !   5
-------------------------------------------------------------------
                   Кадрлар даярлау
                 -------------------


      1. Министрлер Кабинетiнiң "Студенттер мен аспиранттарды шетел оқу орталықтарына оқуға жiберу туралы" қаулысын қабылдау
      2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
      3. 1994 ж. қазан
      4. Бiлiмминi, Экономминi, Қаржыминi
      5. Әлеуметтiк сала бөлiмi, Ғылыми-техникалық прогресс бөлiмi, Жиынтық экономика бөлiмi

      1. Министрлер Кабинетiнiң "Бiлiм саласында сыртқы байланыстарды үйлестiру жөнiнде және кәсiпорын басшылары үшiн оқу турларын ұйымдастыру жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" қаулысын қабылдау
      2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
      3. 1994 ж. қыркүйек
      4. Экономминi, Бiлiмминi
      5. Жиынтық экономика бөлiмi

      1. Министрлер Кабинетiнiң "Талантты кадрларды iрiктеу мен даярлау бойынша тәжiрибелiк эксперименталдық ғылыми-зерттеу оқу орталығын құру туралы" қаулысын қабылдау
      2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
      3. 1994 ж. наурыз
      4. Экономминi, Бiлiмминi, Әбу Насыр Әль-Фараби атындағы жас

таланттарды қолдау жөнiндегi республикалық Қор (Фараби-қор)
     5. Жиынтық экономика бөлiмi

     1. Министрлер Кабинетiнiң "Бiлiктiлiктi жетiлдiрудiң 
мемлекеттiк ведомстволық институттары мен факультеттерiнiң 
әдiстемелеу қызметiн үйлестiру бойынша ведомствоаралық комиссия
құру туралы" қаулысы
     2. Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
     3. 1994 ж. қыркүйек
     4. Экономминi, Бiлiмминi, Еңбекминi
     5. Жиынтық экономика бөлiмi, Ғылыми-техникалық прогресс бөлiмi

     Ескерту: Бiрге орындаушылармен және басқа да мүдделi 
              министрлiктермен және ведомстволармен келiсу мерзiмi
              10 күннен аспайды

      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады