Қазақ акционерлiк коммерциялық агроөнеркәсiп банкiн санациялау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 29 шiлде N 851. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996.02.22. N 230 қаулысымен.

      Ауыл шаруашылық кәсiпорындарының төлем-есеп айырысу қызметiн жақсарту және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ұсынысы бойынша олардың мерзiмi өткен борыштарының проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазагроөнеркәсiпбанкiн санациялауды жүзеге асыру үшiн мынадай құрамда комиссия бекiтiлсiн:
      Бисенов М.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары /комиссия төрағасы/
      Зиябеков Б.З. - Қазагроөнеркәсiпбанк басқармасының төрағасы /комиссия төрағасының орынбасары/
      Марченко Г.А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк төрағасының орынбасары /комиссия төрағасының орынбасары/

      Комиссия мүшелерi:
      Абдулина Н.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бухгалтерлiк есеп және есептесу департаментiнiң директоры
      Әкiмбеков К. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары
      Грачев Л.С. - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы басқармасының бастығы
      Iлиясова А.Р. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банк қадағалау департаментiнiң банкiлiк және банкiлiк емес мекемелерiн лицензиялау басқармасының бастығы
      Еркенов А.К. - Қазагроөнеркәсiпбанк төрағасының бiрiншi орынбасары
      Көшкiнбаев С. - "Қазақстанаудит" акционерлiк компаниясының президентi
      Қуатова М.С. - Қазагроөнеркәсiпбанк төрағасының орынбасары
      Несiпбаев Р.Р. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Ақша-кредит саясаты департаментiнiң коммерциялық банктерiн кредиттеу және ресурстар мен қайта қаржыландыру басқармасының бастығы
      Нұрғалиева Е.Н. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары
      Романов А.Ф.- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары
      Сергеева А.П. - Қазагроөнеркәсiпбанктiң экономика басқармасының бастығы
      Шалғынбаева Г.Н. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мемлекеттiк бағалы қағаздар мен қаржы нарығы басқармасының бастығы
      2. Комиссияға мынадай жұмыстар тапсырылсын:
      1994 жылғы 5 тамызға дейiн Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау қорын құру және оны Қазагроөнеркәсiпбанктiң мынадай сенiмсiз активтер балансына беру туралы Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасын әзiрлесiн:
      - "1994 жылы ауыл шаруашылық кәсiпорындарына көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 24 ақпандағы Жарлығы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 10, 98-бап/ бойынша мерзiмi ұзартылған 1084 млн. теңге беру;
      - орталықтандырылған кредит ресурстары бойынша проценттердi, айыппұлдар мен өсiмдердi қоса мерзiмi өткен борыштар;
      1995 жылғы 1 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне iшкi республикалық есептеу бойынша ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының несиелiк борыштарын белгiленген мерзiмде қайтармағаны жөнiнде ұсыныс жасасын.
      Қазагроөнеркәсiпбанктiң жеке меншiк ресурстары есебiнен берiлген орталықтандырылған кредит ресурстары жөнiндегi мерзiмi өтпеген борыштары мен кредит жөнiндегi борыштар оның балансында қалады деп пассивтердi бөлетiн болсын;
      1994 жылғы 5 тамызға дейiн өтпелi кезеңде /1995 жылғы 1 қаңтарға дейiн/ оның қайта құрылымының аяқталуына дейiн Қазагроөнеркәсiпбанк қызметi туралы Уақытша ереженiң жобасын әзiрлесiн. Қазагроөнеркәсiпбанкiне есеп айырысу мен валюта операцияларын жүргiзуге, директивтi кредит қызметiн көрсетуге рұқсат етiлсiн. Қазагроөнеркәсiпбанктiң залалды филиалдарының активтi операциялары тек Комиссияның рұқсатымен жүргiзiлсiн.
      Осы кезеңде Қазагроөнеркәсiпбанк жүйесiндегi кредит басқармалары күмәндi активтерге баға берудi жүзеге асырсын және осы қарыздарды өтеудiң мерзiмi мен көлемiн анықтасын. Осы жұмыстың нәтижесi бойынша проценттiң бiрыңғай ставкасымен қарыздарды iшiнара есептен шығару және iшiнара қайта ресiмдеу жүргiзсiн. Бұл жұмысты "Эрнст энд Янг" /Ұлыбритания/ аудитор фирмасымен бiрлесiп жүргiзетiн болсын.
      Осы процестер аяқталған соң 1994 жылғы 1 қарашаға дейiн Қазагроөнеркәсiпбанк активтердiң өз портфелi туралы Комиссияға мағлұмат берсiн, бұдан кейiн Комиссия олардың сенiмсiз бөлiгiн iстен шығару және Қазагроөнеркәсiпбанктi қайта капиталдандыру туралы ұсыныс берсiн.
      Қазагроөнеркәсiпбанк 1995 жылғы 1 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне күнделiктi шоғырланған баланс беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық басқармаларында бiрыңғай корршотқа өтуге көшу жұмысын аяқтасын.
      Қазагроөнеркәсiпбанктiң қайта құрылымы аяқталғанға дейiн банк атқаруға мiндеттi жарлықтар шығару құқығымен банк басшылығын ауыстыруға дейiн Байқаушы кеңестiң мiндетiн орындайтын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне:
      Қазагроөнеркәсiпбанктi санациялау процесi аяқталғанға дейiн мерзiмi өткен борыштар мен олар үшiн төлем /622 және 623 шоттар/ жөнiнде есептеу және айыппұл мен өсiм өндiрiп алуды тоқтату;
      Қазагроөнеркәсiпбанктiң балансы бойынша 1994 жылғы 1 шiлдеде

мерзiмi өткен борыштар бойынша өсiмдер мен айыппұлдарды есептен
шығару кезiнде алынып қойылған банктiң төлем қабiлетi бар 
клиенттерiнiң қаражаттарын Қазагроөнеркәсiпбанктiң корреспонденттiк
шотында қалпына келтiру ұсынылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады