Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының шет ел кредиттерi бойынша мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi төтенше шаралар туралы" 1994 жылғы 16 шiлдедегi N 1814 қаулысын орындау үшiн және шет ел кредиттерiн өтеу жөнiндегi төлемдердiң өтелмеуi мен оның iлеспе шығындарының төленбеуi салдарынан қалыптасқан қиын жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi мен шет ел кредиттерi бойынша жинақталып қалған берешектер жөнiнде қосымшаға сәйкес төлем жасасын.
2. Қазақстан Әлем Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне кредиттердiң төлем реквизиттерiн берсiн.
3. Осы қаулының қосымшасында көрсетiлген импортшы-ұйымдар бюджетке жүктелген төлемдердi толық көлемiнде қайтаруға және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi берген кепiлдiктер бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен 10 күн мерзiм iшiнде кредиттiк келiсiм жасасын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен Қазақстан Әлем Банкi кредитiне Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi берген кепiлдiктер бойынша және Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Қайта жаңарту және Дамыту Банкi алдындағы мүшелiк жөнiндегi ережеге сәйкес мiндеттемелерi бойынша төлем жасауға қосымша кредит алу үшiн келiсiм жасассын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi кредит келiсiмдерi қолданылатын барлық кезеңде негiзгi борыштар мен iлеспе банк шығындарын өтеу көздерiн анықтасын.
Үкiмет шешiмдерiн талап ететiн мәселелер бойынша тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi Ұлттық банктiң қатысуымен:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгiне алынған шет ел кредиттерiнiң мақсатты пайдалану мен қамтамасыз етiлуi мәселелерi бойынша қарыз алған кәсiпорындарға 1994 жылғы 1 қыркүйекке дейiн тексеру жүргiзсiн;
- берешек-кәсiпорындардың, өздерi алған шет ел кредиттерiн қайтаруды қамтамасыз ете алмаған, сондай-ақ осы қарыз алушыларға қызмет көрсететiн банктер басшыларының жауапкершiлiгiн қарасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 29 шiлдедегi
N 855 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi және шет ел
кредиттерi бойынша жинақталып қалған берешектер жөнiнде
Төлемдер
-------------------------------------------------------------------
Импортшы-ұйымдар ! Сомасы
!-----------------------
! валютамен ! АҚШ доллар
! төлеу ! ымен
-------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
-------------------------------------------------------------------
I-бөлiм. Үкiмет шешiмдерiмен бюджетке жүктелген
төлемдер
1. Германия кредит желiсi (немiс маркасы)
"Қазақстан" СЭҚ 4478098,78 2946117,58
"Агросауда" МССК 499680,40 328737,11
"Тағам" МАК 303487,19 199662,63
Жиыны: 5281266,37 3474517,32
2. Австрия кредит желiсi (австрия шиллингi)
Австриядағы Қазақ Сауда Үйi 9781530,42 895254,39
3. Европа Қоғамдастығының комиссиясы (ЭКЮ)
"Отырар" МССК 727608,93 894958,99
4. Түрiк кредит желiсi (АҚШ доллары)
"Қазпищепромсырье" РССБ 86921,24 86921,24
"Отырар" МССК 3109186,46 3109186,46
Жиыны: 3196107,70 3196107,70
5. Израиль кредит желiсi (АҚШ доллары)
"Қазақстан" СЭҚ 2064408 2064408
6. Қытай кредит желiсi (швейцария франкi)
"Тағам" МАК 3443750 2628816
1-бөлiм бойынша барлығы: 13154062,40
II-бөлiм. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
берген кепiлдiктер бойынша төлемдер
1. Германия кредит желiсi (немiс маркасы)
"Павлодартрактор" МК 1954468 1285834,21
"Қазжелдорснаб" МКК 4484906 2950596,05
АСНТА (Құрылысфарфор) 307341 202198,03
"Прибор-Алматроникс" ҒТБ 374458 246353,95
"Сарыарқа" БК 18273 12021,71
"Тұранагро" фирмасы 40287 26504,61
Жиыны: 7179733 4723508,56
2. "Мерхав" Израиль фирмасы (АҚШ доллары)
"Жемiс" РӨБ 5860000 5860000
3. Австрия кредит желiсi (австрия шиллингi)
"Рахат" БК 9508924,96 871578,82
"Рахат" БК (АҚШ долларымен) 378806,81 378806,81
Жиыны: 1250385,63
"Балхашмедь" ӨБ 249750,01 22891,84
Жиыны: 1273277,47
II-бөлiм бойынша барлығы: 11856786,03
1 және II-бөлiмдер бойынша барлығы: 25010848,43
III-бөлiм. Қазақстан Әлем Банкi кредиттерiне Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң берген
кепiлдiктерi бойынша төлемдер
"Рахат" БК-ның жобасы бойынша
қонақүй салу кезеңiнде кредит
және сақтандыру жарнасы үшiн
мiндеттi төлемдер (немiс маркасы) 15000000 9868421,05
"Қазақстан" СЭҚ (UBS) 7152253 7152253
III-бөлiм бойынша барлығы: 17020674,05
IV-бөлiм. Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Қайта
жаңарту және Дамыту Банкi алдындағы мүшелiк
жөнiндегi ережеге сәйкес мiндеттемелерi
бойынша төлемдер
Дүниежүзiлiк Қайта жаңарту және
Дамыту Банкiнiң акцияларына қол
қою (қол қою мерзiмi - 1993 жылғы
тамыз) 474096 4740960
I, II, III және IV- бөлiмдер
бойынша барлығы: 42505618,48