Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Қорғаныс тапсырмасын материалдық, қаржы-кредиттiк және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1 тамыз 1994 ж. N 864. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N 964 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының қорғаныстық қабiлетi мен қауiпсiздiгiн нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын орындаушы ұлттық, акционерлiк, мемлекеттiк холдинг компаниялары, кәсiпорындар мен ұйымдар меншiк нысандарына қарамастан мыналарды қамтамасыз етсiн: 
      Қарулы күштерге, ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарына өнiм берiп тұру жөнiндегi мемлекеттiк қорғаныс тапсырмасын мiндеттi түрде орындауды және контрактiлер жасасуды; 
      Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс мұқтажы үшiн жалпытехникалық мақсаттағы өнiмдердi, қару-жарақты, техниканы және материалдық қаражатты коммерциялық делдал ұйымдарды қатыстырмай сатуды. 
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мемлекеттiк қорғаныс мұқтажын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткеннен кейiн бiр апта мерзiм iшiнде өнiмдердi сатып алу және берiп тұрудың, жұмыстардың /қызметтердiң/ көлемдерiн министрлiктерге, ведомстволар мен контрактi жүйесiндегi ұйымдарға /орындаушыларға/ жеткiзiп отырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қорғаныс тапсырысының мемлекеттiк тапсырыс жасаушыларының мәлiмдеген қорғаныс өнiмiне алдын ала ақы төлеуi үшiн оларды басталған тоқсанның алғашқы онкүндiгiне тоқсандық қажеттiлiктерiнiң көлемiндегi бюджеттiк қаржымен қамтамасыз етсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне қару-жарақ, әскери және арнаулы техника, мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын орындауға қажет басқа да материалдық ресурстарды сатып алуға жұмсалатын ұлттық валютаны мемлекеттiк тапсырыс жасаушылар мен қорғаныс тапсырысын орындаушылардың шоттарындағы қаражат көлемiнде бiрiншi кезекте еркiн айналысқа жiберу ұсынылсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi: 
      пайдаланылмайтын қару-жарақты, әскери және арнаулы техниканы, басқа да материалдық ресурстарды, сондай-ақ қорғаныс кешенiнiң кәсiпорындары өндiретiн өнiмдердi сату жұмыстарын жандандырсын; 
      қару-жарақты, әскери және арнаулы техниканы, басқа да материалдық ресурстарды сатудан түскен қаржы қаражаттарын қорғаныс пен қауiпсiздiк мұқтажына қажет өнiмдер алуға және жұмыстарға /қызметтерге/ ақы төлеуге, сонымен бiрге қорғаныс кешенi кәсiпорындарын техникалық қайта жарақтандыруға және экономикалық жағынан ынталандыруға бағытталсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Экономика министрлiгi; 
      мемлекеттiк тапсырыс жасаушылармен және мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын басты орындаушылармен бiрлесе отырып қару-жарақты, әскери техниканы және басқа әскери мүлiктi сатудан түскен қаражатты жұмсау тәртiбiн анықтасын; 
      мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын орындаушыларды мақсаттық дотациялар мен субсидиялар бөлу, жеңiлдiкпен кредит беру, Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген басқа да жеңiлдiктер беру арқылы экономикалық жағынан ынталандырып отырсын. 
      7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Республикалық ұланы Қазақстан Дизайнерлер одағымен, "Легром" Мемлекеттiк холдинг компаниясымен және басқа мүдделi ұйымдармен бiрге 1994 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерi, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстерi органдары мен Республикалық ұланы үшiн мемлекеттiк стильдiң Кешендi дизайн-бағдарламасының жобасын, сондай-ақ киiм, жабдық пен айырым белгiлерiнiң жобалық, техникалық және технологиялық құжаттамаларын, тәжiрибелiк-эталондық үлгiлерiн және сынақтық эксперименттiк топтамасын әзiрлесiн. 
      8. Қазақстанның шикiзат өнiмдерiн өндiрушiлерiне жеткiзiлген және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен келiсiлген мемлекеттiк тапсырыс берушiлердiң тапсырмалары мен қорғаныс тапсырысының басты орындаушыларының өтiнiмдерi мемлекеттiк қорғаныс тапсырысына жатқызылсын. 
      9. Республикалық шаруашылық есептегi "Қазлегснабсбытторг" бiрлестiгiне уағдаластық негiзде жеңiл өнеркәсiп номенклатурасының шикiзат ресурстарының көлемiн заттай мүлiк жөнiндегi қорғаныс тапсырысы орналасқан кәсiпорындар мен ұйымдарда олардың меншiк нысандарына және ведомствоаралық бағыныстылығына қарамастан реттеп отыру тапсырылсын. 
      10. Мемлекеттiк контрактiлер жасасудан негiзсiз бас тартқан немесе қорғаныс тапсырысын орындамаған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын орындаушылар осы әрекеттерiмен Қазақстан Республикасының қорғаныстық қабiлетi мен қауiпсiздiгiне келтiрген нұқсанның және жасасылмаған немесе орындалмаған контрактiнiң толық көлемiнде қаржы жағынан жауапты болады деп белгiленсiн, оның көлемiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң келiсуiмен мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын жасаушылар анықтайды.
     11. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1992 жылғы 24 желтоқсандағы N 394 өкiмiнiң 4-тармағының күшi жойылды деп саналсын. 

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады