Мемлекеттiк басқару органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 3 тамыз N 874. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.11.02. N 1442 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының құрылымын жетiлдiру және оларды ұстауға жұмсалатын шығынды қысқарту туралы" 1994 жылдың 15 шiлдесiндегi N 1795 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитет таратылып, оның қызметi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берiлсiн.
     (2-тармақ) <*> .
      Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылды. Қаз. Рес. Мин. Каб.
               қаулысы. 1994 ж. N 1078 N, 29 қыркүйек
      3. 1994 жылдың 1 қыркүйегiнен министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер және ведомстволардың орталық аппараттары қызметкерлерiнiң саны 1667 адамға, олардың республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi органдары қызметкерлерiнiң саны 5568 адамға қысқартылсын.
      4. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының орталық аппаратының шектi мөлшерi, сондай-ақ министрлердiң орынбасарларының, мемлекеттiк комитеттер төрағаларының және ведомстволар басшыларының саны N 1-3 қосымшаларға сәйкес белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүргiзiлiп жатқан шараларға сәйкес министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және ведомстволар бойынша еңбекке ақы төлеу қорын анықтасын.
      5. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың және басқа да мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары орталық аппараты басшы қызметкерлерiнiң, мамандары мен қызметшiлерiнiң сандық нормативтерi N 4 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      6. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және ведомстволардың орталық аппараты құрылымын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн болып белгiленсiн.
      Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және ведомстволар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 2 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген орталық аппараттың құрылымын беретiн болсын.
      7. 1994 жылдың 1 қыркүйектен бастап министрлiктердегi, мемлекеттiк комитеттердегi, ведомстволардағы, облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмшiлiктердегi, олардың дербес басқармалары мен бөлiмдерiндегi ұстау шығындары республикалық, облыстық, Алматы және Ленинск қалалық бюджеттерi қаржысы есебiнен өтелетiн қызметтiк жеңiл автомобильдер саны 30 процентке қысқартылсын.
      Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi мемлекеттiк басқару органдарына қызмет көрсететiн, ұстау шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен өтелетiн жеңiл автомобильдер санының қысқартылуын қамтамасыз етсiн.
      8. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың орталық аппараты қызметкерлерiне қызмет көрсететiн қызметтiк жеңiл автомобильдер санының лимитi N 5 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      Осы қаулыда қарастырылған шараларды жүргiзу нәтижесiнде босаған жеңiл автомобильдер белгiленген тәртiп бойынша аукциондар арқылы сатылсын.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, қызметтiк бiр автомобильдiң айлық бензин лимитiн белгiлеп, оны 1994 жылдың 1 қазанынан бастап қолдануға енгiзу тапсырылсын.
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, мәслихат-жиналыстардың және әкiмдердiң келiсiмi бойынша 2 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне:
      басқару аппараты қызметкерлерiнiң саны мен еңбек ақы қоры;
      қызметтiк жеңiл автомобильдер саны;
      қызметтiк iссапарлар шығынының лимиттерiн бекiтуге беретiн болсын.
      11. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың басшылары мен әкiмдер:
      мемлекеттiк басқару органдары аппаратын қысқарту жөнiндегi жұмысты Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 1990 жылдың 15 желтоқсанындағы Заңына сәйкес босаған қызметкерлерге жеңiлдiктер мен өтемақылар бере отырып, еңбек заңдарына қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;
      аппараттың штат кестелерiн осы қаулының N 3 қосымшасында қарастырылған нормативтердi сақтай отырып, белгiленген сан және еңбек ақы төлеу қоры шегiнде бекiтуге;
      басқару аппаратын ұстауға арналған мемлекет қаржысын жұмсауға қатаң үнемдеу тәртiбiн қамтамасыз етуге;
      әкiмшiлiк үйлерi мен қызмет кабинеттерiн әрлеу, жабдықтау және iшкi жиhаздау кезiнде ысырапқорлыққа жол бермеуге;
      делегациялар мен жеке адамдарды қабылдауға мемлекеттiк қаржыны жұмсауды шектеуге, мұнда белгiленген нормаларды қатаң басшылыққа алуға мiндеттелсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен оның мекемелерiне:
      министрлiктердiң, мемлекеттiк, комитеттердiң, ведомстволардың, мәслихат-жиналыстардың, әкiмдердiң және басқа да мемлекеттiк басқару органдарының шоттарынан қаржы беру және басқа да банк операцияларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде және жергiлiктi қаржы органдарында тiркелген шығыс сметаларын көрсеткенде ғана жасау;
      еңбек ақыға, сыйақыға және материалдық көмекке, қызметтiк iссапарға қаржыны еңбек ақы қоры мен қызметтiк iссапар лимитi болғанда ғана беру;
      мемлекеттiк басқару органдарының ағымдағы шотынан делегациялар мен жеке адамдарды қабылдауға қаржы жұмсауды республиканың Қаржы министрлiгiнде және жергiлiктi қаржы органдарында тiркелген осы мақсатқа арналған шығындар сметасына сәйкес жүргiзу ұсынылсын.
      13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Еңбек министрлiгiне және Экономика министрлiгiне мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, 1994 жылдың 1 қазанына дейiн мемлекеттiк өкiмет, прокуратура, құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерiнiң құрылымы, еңбекке ақы төлеу шарттары және қызметтiк жеңiл автомобильдер санының лимитi туралы қаулылардың жобаларын қарап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне ұсыну тапсырылсын.
      14. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1994 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде республиканың министрлiктерiнде, мемлекеттiк комитеттерiнде және ведомстволарында қалыптасқан жүйенi зерттеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне республика экономикасын тұрақтандыруға және нарықтық қатынастарды тереңдетуге қажеттi жағдай жасайтындай экономиканы басқарудың жаңа жүйесiн ұсынатын болсын.
      15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi және олардың жергiлiктi органдары:
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, әкiмдердiң және оларға қарасты органдардың, мекемелер мен ұйымдардың басқару аппаратын ұстауға арналған қаржыны жұмсауда қаржы және касса тәртiбiнiң сақталуы мен қатаң үнемдеу режимi болуына бақылауды күшейтсiн;

     мемлекет қаржысын заңсыз шығындау фактiлерi анықталған
жағдайда оларды толық жойып, тиiстi лауазымды адамдарды жауапқа
тартатын болсын.
     16. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi
министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, Республика
Үкiметi бұрын қабылдаған шешiмдердi қазiргi қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарын 3 ай мерзiм iшiнде
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне беретiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 3 тамыздағы
                                           N 874 қаулысына
                                            N 1 қосымша
            Қазақстан Республикасы министрлiктерi, мемлекеттiк
            комитеттерi және ведомстволары орталық аппаратының
                             шектi саны
--------------------------------------------------------------------
Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер              !   Адам саны
мен ведомстволардың атауы                             !
--------------------------------------------------------------------
Геологияминi                                               68
Денсаулықминi                                             135
Сыртқыiсминi                                              333
Мәдениетминi                                               58
Ғылымминi                                                  76
Қорғанысминi                                              526
Бiлiмминi                                                 161
Баспасөзминi                                               81
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi                          305
<*>

Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi                  82
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi                    271
Ауылшарминi                                               277
Әлеуметминi                                                98
Еңбекминi                                                 122
Құрылысминi                                               165
Қаржыминi                                                 752
Экономминi                                                328
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi               65
Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi                      72
Экобиоресурсминi                                          187
Әдiлетминi                                                136
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитет                                       110
Мемжерком                                                  58
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитет      67
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi
қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитет 51
Мемстаткомы                                               167
Меммүлiккомы                                               94
Тiл жөнiндегi комитет                                      51
Мемқаржыбақылаукомы                                       170
Қазбасархив                                                24
Мемматрезервкомы                                           54
Қазгидромет                                                41
Қазкомстандар                                              51
Қазгеодезия                                                31
Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк                          30
Ұлттық патент ведомствосы                                  30
Ұлттық аэроғарыш агенттiгi                                 55
ЖАК                                                        30
--------------------------------------------------------------------
     Ескерту. 1 қосымшаға өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң
              22.12.1994 ж. N 1445 қаулысымен. 
                                       Қазақстан Республикасы    
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 3 тамыздағы
                                           N 874 қаулысына
                                            N 2 қосымша 
<*>

     Ескерту. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға
              қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
              аумақтық органдарының шектi саны 472 бiрлiкке
              көбейтiлсiн - ҚРМК-нiң 07.02.1995 ж. N 122
              қаулысына сәйкес.
  
            Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
            жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары
            қызметкерлерiнiң шектi саны
--------------------------------------------------------------------
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының          ! Адам саны
            атаулары                                 !
--------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Қаржыминiнiң қаржы, салық
және кеден органдары - барлығы                            27107

     оның iшiнде:
қаржы органдары                                            5904
салық инспекциялары                                       10970
кеден органдары                                            7013
қазынашылық                                                3220
Қазақстан Республикасы Мемқаржыбақылаукомының
аумақтық органдары                                         2805
Қазақстан Республикасы Мемстаткомының
статистика және талдау жөнiндегi басқармасы                 752
Қазақстан Республикасы Баспасөзминiнiң
баспасөз бостандығын қорғау жөнiндегi облыстық инспекциялары 47
Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының
аумақтық органдары                                          890
Қазақстан Республикасы Мемжеркомының
аумақтық органдары                                          626
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы кен-техникалық қадағалау комитетiнiң
басқармалары мен округтерi                                  661
Қазақстан Республикасы Мемстандартының
облыстық орталықтары                                        306
Қазақстан Республикасы Әдiлетминiнiң облыстық,
қалалық басқармалары                                        645
Қазақстан Республикасы Экобиоресурсминiнiң
Экология және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi 
органдары                                                  1822
Қазақстан Республикасы Еңбекминiнiң еңбектi
қорғау жөнiндегi инспекциялары                              353
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы облыстық
комитеттерi                                                 200
--------------------------------------------------------------------


                                       Қазақстан Республикасы 

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 тамыздағы N 874 қаулысына N 3 қосымша

            Қазақстан Республикасы министрлерi, мемлекеттiк
          комитеттерi төрағалары мен ведомстволары басшылары
                    орынбасарларының шектi саны
--------------------------------------------------------------------
Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен         ! Адам саны
ведомстволардың атауы                                !
--------------------------------------------------------------------
Геологияминi                                               2
Денсаулықминi                                              3
Сыртқыiсминi                                               4
Мәдениетминi                                               2
Ғылымминi                                                  2
Қорғанысминi                                               5
Бiлiмминi                                                   4
Баспасөзминi                                               2
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi                           5
<*>

Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi                  2
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi                     5
Ауылшарминi                                                4
Әлеуметминi                                                3
Еңбекминi                                                  3
Құрылысминi                                                3
Қаржыминi                                                  8
Экономминi                                                 5
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi               3
Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi                      4
Экобиоресурсминi                                           3
Әдiлет министрлiгi                                         3
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитет                                        3
Мемжерком                                                  1
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк
комитет                                                    1
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi
қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi                                                   1
Мемстаткомы                                                3
Меммүлiккомы                                               3
Тiл жөнiндегi комитет                                      1
Мемқаржыбақылаукомы                                        4
Қазбасархив                                                1
Мемматрезервком                                            1
Қазгидромет                                                1
Қазкомстандарт                                             1
Қазгеодезия                                                1
Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк                          1
Ұлттық патент ведомствосы                                  1
Ұлттық аэроғарыш агенттiгi                                 1
ЖАК                                                        1
     Ескерту. 3 қосымшаға өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
              22.12.1994 ж. N 1445 қаулысымен.  


                                        Қазақстан Республикасы           

Министрлер Кабинетiнiң

                                        1994 жылғы 3 тамыздағы

N 874 қаулысына N 4 Қосымша


             Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң,

            ведомстволардың және басқа мемлекеттiк өкiмет пен
            басқару органдары орталық аппаратының басшы 
            қызметкерлерi, мамандары мен қызметкерлерi санының
                        Нормативтерi

______________________________________________________________________
                               Қызметкерлердiң жекелеген
                               санаттарының қатынастары
----------------------------------------------------------------------
     1. Құрылымдық бөлiмдер адам саны төмендегiдей болғанда
        /бөлiм бастықтарын қоса есептегенде/ құрылады
секторлар                          адам саны 3-тен кем болмаса
бөлiмдер                          адам саны 4-тен кем болмаса
басқармалар                        адам саны 10-нан кем болмаса
бас басқармалар                    қызметкерлер саны 20-дан кем болмаса
     
     II. Құрылымдық бөлiмдер басшыларының орынбасарлары
         лауазымы мынадай жағдайда енгiзiледi:
бөлiм бастығының орынбасары        бөлiмде кемiнде /бастықты қоса  
                                   есептегенде/ 7 адам болса
Басқармалар бастықтарының          басқармаларда кемiнде /бастықты
орынбасарлары                      қоса есептегенде/ 10 адам болса;
                                   басқармалар бастықтары орынбасарларының
                                   қосымша лауазымы - одан кейiнгi
                                   әрбiр 10 адамға



                                   Қазақстан Республикасы

министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 тамыздағы Т 874 Қаулысына N 5 қосымша


            Қазақстан Республикасы министрлiктерi, мемлекеттiк

           комитеттерi мен ведомстволары орталық аппараты
           қызметкерлерiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк
                          жеңiл автомобильдер
                               ЛИМИТI

_________________________________________________________________
Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер         Автомобильдер
мен ведомстволардың атаулары                          саны
-----------------------------------------------------------------
Геологияминi                                         3
Денсаулықминi                                        4
Сыртқыiсминi                                         5
Мәдениетминi                                         3
Ғылымминi                                            3
Қорғанысминi                                         4
Бiлiмминi                                            5
Баспасөзминi                                         3
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi                     6
<*>

Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi            3
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi               7
Ауылшарминi                                          5
Әлеуметминi                                          4
Еңбекминi                                            4
Құрылысминi                                          4
Қаржыминi                                           25                  
Экономминi                                           6 
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi         4
Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi                4
Экобиоресурсминi                                     4
Әдiлетминi                                           4
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитет                                  4
Мемжерком                                            2
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк
комитет                                              2
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi
қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитет       2
Мемстатком                                           4
Меммүлiккомы                                         4
Тiл жөнiндегi комитет                                2
Мемқаржыбақылаукомы                                  5
Қазбасархив                                          2
Мемматрезервком                                      2
Қазгидромет                                          2
Қазкомстандарт                                       2
Қазгеодезия                                          2
Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк                    2
Ұлттық патент ведомствосы                            2
Ұлттық аэроғарыш агенттiгi                           2
ЖАК                                                  2
     Ескерту. N 5 қосымшадағы "5" цифры "6" цифрымен алмастырылды 
              - ҚРМК-нiң 10.02.1995 ж. N 143 қаулысымен.        
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады