Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 18 тамыз N 914. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.04.20. N 515 қаулысымен.

          I. Жалпы ережелер
      1. Iс Басқармасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң атқарушы-жарлық берушi органы болып табылады және оның қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа ала отырып қамтамасыз етедi.
      Iс Басқармасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң мына бағыттардағы жұмысын ұйымдастырады:
      экономикалық реформаларды дәйектi түрде өмiрге енгiзу, экономиканың, әлеуметтiк-мәдени саланың, сыртқы экономикалық байланыстардың жағдайына талдау жасау, оларды дамыту және болжамдар әзiрлеу, республиканың халық шаруашылығы салалары мен аймақтарының ынтымақтасуы арқылы шешiлетiн мәселелердi анықтау, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу;
      республикада заң үстемдiгiн қамтамасыз ету, құқықтық және қоғамдық тәртiптi, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн, ұлттық қауiпсiздiктi, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды нығайту;
      Қазақстан Республикасының Президентiмен, Қазақстан Республикасының Вице-Президентiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппаратымен бiрлесiп iс-қимыл жасау;
      атқарушы өкiмет пен басқарудың барлық органдарының қызметiн үйлестiру, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен оның Төралқасы шешiмдерiнiң жобаларын, әлеуметтiк-экономикалық саясатты қалыптастыратын заң жобаларын, тұжырымдамаларды, болжамдарды тереңдете әзiрлеу үшiн олардан дер кезiнде ақпарат алып тұру, осы жобаларды әзiрлеу мен сараптауға қатысу;
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiмен, Жоғарғы Кеңес депутаттарымен және жергiлiктi жерлердегi өкiлдiк органдарымен бiрлесiп iс-қимыл жасау;
      мемлекеттiң халықаралық қызметi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар дайындау, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық байланыстарын нақты жүзеге асыру шараларын әзiрлеу, олардың орындалуын қадағалау;
      республикада жүргiзiлiп жатқан экономикалық және әлеуметтiк өзгерiстер туралы қоғамдық пiкiрдi зерттеу, экономикадағы және қоғамдық өмiрдегi келеңсiз құбылыстардың алдын алу және оларды жою;
      заңдар мен басқа да актiлердi жүзеге асыру тетiгi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, оларды қолдану дағдысын талдау; министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, басқа да ұйымдардың және жергiлiктi атқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн орындауына бақылау жасау;
      республиканың Министрлер Кабинетi мен оның Төралқасының мәжiлiстерiн, халықаралық кеңестер мен кездесулердi, Премьер-министр мен оның орынбасарлары өткiзетiн басқа да шараларды ұйымдастыру-техникалық жағынан дайындау және ақпаратпен қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мәжiлiстерiнiң қаулыларын, хаттамаларын, Премьер-министрдiң өкiмдерiн рәсiмдеу, Үкiмет шешiмдерiн тиiстi министрлiктерге, жергiлiктi әкiмдерге, кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге жеткiзу;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қызметiн бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiп отыру;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне түсетiн хаттар мен арыздарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, олардың жазбаша және ауызша өтiнiштерiндегi ұсыныстарды қорыту және негiзделген шағымдар туғызатын себептердi жою жөнiнде шаралар қолдану, министрлiктердегi, мемлекеттiк комитеттердегi, ведомстволар мен жергiлiктi басқару органдарындағы, кәсiпорындардағы, ұйымдар мен мекемелердегi хаттармен жұмыс жүргiзудiң жай-күйiн тексеру;
      қазақ, орыс және басқа ұлт тiлдерiнiң қолданылу аясын кеңейтуге жағдай жасау;
      республика Үкiметiнiң кадр саясаты және мемлекеттiк басқару органдарының құрылымын жетiлдiру мәселелерiндегi бағытын нақты iске асыру;
      нарықтық қатынастардың дамуы жағдайына жұмыс iстеу үшiн кадрлар даярлау; Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын лауазымдарға кадрлар резервiн даярлау; республикалық басқару органдарының кадрларын есепке алуды ұйымдастыру, олардың құрамы мен алмасушылығын талдау;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне, оның құрылымдық бөлiмшелерiне шаруашылық, қаржы және материалдық-техникалық қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы бөлiмдерден, басқа да құрылымдық бөлiмшелерден және оған бағынысты ұйымдардан тұрады.
      Iс Басқармасының құрылымы мен штатын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы заңды ұйым болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады.

              II. Iс Басқармасының басшылығы

      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Iс Басқарушы басқарады.
      4. Iс Басқарушы Министрлер Кабинетi Төралқасының мүшесi болып табылады. Оның Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын орынбасарлары болады. Орынбасарлар арасында мiндеттердi Iс Басқарушы бөледi.
      5. Iс Басқарушы:
      Iс Басқармасының құрылымы мен штатын бекiтедi;
      Iс Басқарушының орынбасарларының мiндеттерiн белгiлейдi;
      өзi немесе орынбасарлары арқылы бөлiмдердiң, басқа құрылымдық бөлiмшелер мен бағынысты ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастырып, бағыт берiп отырады;
      Қазақстан Республикасын Министрлер Кабинетiнiң Жоғарғы Кеңеспен, Президент Аппаратымен, министрлiктер мен ведомстволардың басшыларымен, жергiлiктi өкiмет және басқару органдарымен тұрақты байланысты қамтамасыз етедi; қабылданған шешiмдердiң орындалуын қадағалау жұмыстарын үйлестiредi; Премьер-министрге қаулылардың, өкiмдердiң жобаларын және басқа материалдарды баяндап отырады;
      Iс Басқармасы аппараттарындағы iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;
      Iс Басқармасының кредиттерiн бөледi;
      Iс Басқармасының құрылымына кiретiн лауазымдарға жауапты қызметкерлер, бағынысты бөлiмшелердiң бастықтарын тағайындау туралы ұсыныстар жасайды және техникалық қызметкерлердi тағайындайды;
      емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң қызметiн, оның медициналық және санатория-сауықтыру мекемелерiне бақылау жасайды;
      Iс Басқармасы бойынша жарлықтар мен нұсқаулар шығарады;
      6. Iс Басқарушыға:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсыруы бойынша республиканың министрлiктерi мен ведомстволарына Үкiметтiң қарауына ұсынылатын мәселелердi әзiрлеу мен келiсу жөнiнде нұсқаулар беру;
      министрлiктерден, ведомстволардан, жергiлiктi әкiмдерден, кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне қажеттi материалдарды, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, Премьер-министрдiң өкiмдерiн орындау жөнiнде есеп талап ету;
      материалдарды, сондай-ақ заңдардың жобаларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын және Премьер-министрдiң өкiмдерiн белгiленген талаптарға және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзу тәртiбiне сай келмеген жағдайда министрлiктерге және ведомстволарға, жергiлiктi әкiмдерге қайтару;
      шаруашылық жағынан қамтамасыз ету мәселелерi бойынша отандық және шет елдiк ұйымдармен келiсiмдер (контрактылар) жасасу құқығы берiледi.

             III. Iс Басқармасының бөлiмдерi

      7. Iс басқармасының бөлiмдерi:
      Министрлер Кабинетiне министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, ведомстволардан, жергiлiктi әкiмдерден келiп түскен ұсыныстарды дер кезiнде қарайды және оларды қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендiре отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмдерiнiң жобаларын жасайды;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi шешiмдерiнiң жобаларын және халық шаруашылығының тиiстi салаларының жұмысын жақсарту мен дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және оның Төралқасының мәжiлiстерiнде, Қазақстан Республикасының Премьер-министрi мен оның орынбасарлары өткiзетiн кеңестерде қаралуға тиiстi мәселелер бойынша қажеттi материалдар мен ұсыныстар әзiрлейдi;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, жергiлiктi әкiмдердiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, оның Төралқасының шешiмдерiн, Премьер-министр мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауын қадағалайды; ақпараттық және талдау сипатындағы құжаттарды әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi мен оның Төралқасының, Премьер-министрдiң, Премьер-министрдiң орынбасарларының, сондай-ақ Iс Басқарушы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды;
      бөлiмдерге келiп түскен хаттарды, өтiнiштер мен шағымдарды қарап, олар бойынша ұсыныстар енгiзедi, азаматтарды қабылдайды;
      Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуы мен сәйкес келтiрiлуiн қамтамасыз етедi.
      8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының бөлiмдерi осы Ереженiң және Iс Басқарушы бекiтетiн бөлiмдер туралы ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
      9. Бөлiмдердiң, басқа құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Вице-Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-министрi мен оның орынбасарларының тапсырмаларының дер кезiнде және толық орындалуына, өз бөлiмшелерiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына жауап бередi, қызметкерлер арасында мiндеттердi бөледi, еңбектi ғылыми ұйымдастыруды және тиiстi тәртiптi қамтамасыз етедi, сондай-ақ iс жүргiзудiң Iс Басқармасында қолданылып жүрген нұсқауларға сәйкес болуына жауап бередi.
      10. Iс Басқармасының жауапты қызметкерлерiне өз қызметтерi аясында:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi мен оның Төралқасының мәжiлiстерiне, республиканың министрлiктерi мен ведомстволары, жергiлiктi әкiмдер өткiзетiн шараларға қатысу;
      министрлiктер мен ведомстволардың, жергiлiктi әкiмшiлiктер жанындағы аппараттардың қызметкерлерiн, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң өкiлдерiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс-әрекетi шеңберiнде туындайтын мәселелердi қарауға қатыстыруға және олардан заңдардың, жарлықтармен үкiмет шешiмдерiнiң орындалуы, сондай-ақ азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiнiң қаралуы туралы қажеттi ақпараттар сұрату;
      қойылатын талаптарға сай келмейтiн нормативтiк құжаттардың жобаларын қайтару жөнiнде белгiленген тәртiппен басшылыққа ұсыныс жасау, басқа мемлекеттiк басқару органдарының, жергiлiктi әкiмдердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қарауына жататын материалдарды қайтару құқығы берiледi.

           IV. Бағынысты кәсiпорындардың жұмысын

                     ұйымдастыру

     дербес балансы бар мынадай бағынысты кәсiпорындар Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының қарамағында
болады: өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi баспаханасымен қоса;
қонақ үй шаруашылығы бiрлестiгi "Алматы", "Жетiсу", "Қазақстан"
қонақ үйлерi филиалдарымен қоса.
     Аталған ұйымдардың қызметi олар туралы тиiстi ережелерге
сәйкес белгiленедi.
     
                                  
                                                          
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады