Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдауы және онда көзделген мiндеттемелердi орындауды ұйымдастыру жөнiнде

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 тамыз 1994 ж. N 918

      Биологиялық сан алуандықты сақтаудағы және биологиялық ресурстарды тиiмдi пайдаланудағы жауапкершiлiктi, 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму жөнiндегi Конференциясында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қол қойылған биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияның ауқымында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажеттiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдауы жөнiндегi Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi - Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдағаны жөнiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына - аталған Конвенцияның депозитарийiн мәлiм ететiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандылық туралы Конвенцияда көзделген мiндеттемелердi орындауын үйлестiру және бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiне жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының осы Конвенция ережелерiнен туындайтын мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi жанынан қоғамдық негiзде ведомствоаралық комиссия құрылсын.
      Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердiң орындалуына жауап беретiн тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ биологиялық сан алуандық саласындағы беделдi мамандар комиссия құрамында болуы тиiс деп белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi:
      үш ай мерзiм iшiнде ведомствоаралық комиссия туралы ереженi бекiтiп, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша оның жеке құрамын айқындасын;
      жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң сирек және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғау, биологиялық сан алуандықты сақтау мақсатында осынау жануарлардың тiршiлiк ететiн жерлерi мен өсiмдiктердiң өсiп-өнетiн аудандарындағы шаруашылық қызметiн реттеу шараларын қабылдап, жануарлар мен өсiмдiктердiң жойылып кету қаупi бар түрлерi мен сұрыптарының саны мен ареалдарын сақтауға, қорғауға және қалпына келтiруге қатысты заңдық нормативтер мен ережелер әзiрлеу мен қабылдауды жүзеге асырсын;
      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, үш ай мерзiм iшiнде қорықтық аймақтар мен объектiлерге iргелес орналасқан аудандарда шаруашылық қызметiн экологиялық-экономикалық негiзде ұтымды жүргiзудi, сондай-ақ жинақтамалар мен қорғалатын аумақтардағы өсiмдiктер мен жануарлардың гендiк қорларын сақтауды қамтамасыз етушi ұйымдар мен мекемелерге жеңiлдiктер беру және материалдық ынталандыру жүйесiн әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын;
      1994-1995 жылдары ұсынылған жобалардың экологиялық сарабын жүргiзудiң процедурасы толық көлемде енгiзiлсiн, мұның өзi зардаптардың алдын алу немесе мейлiнше азайту үшiн биологиялық сан алуандыққа елеулi дәрежеде қолайсыз ықпал жасай алады;
      Қазақстан Республикасының Конвенцияда көзделген мiндеттемелердi орындауына қатысты қажеттi құжаттар мен материалдарды әзiрлеп, Конвенцияның Хатшылығына табыс етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, облыстардың әкiмдерi, мүдделi министрлiктер мен ведомстволар республика аумағында биологиялық сан алуандықты сақтау мақсатында қорғалымдар, қорықтар, табиғи ұлттық парктер, генетикалық резерваттар және басқа да қорғалатын аумақтар мен объектiлер желiсiн ұйымдастыруды көздесiн. Қорғалатын табиғи резерваттардың, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциялардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiнде шаралар қабылдасын. Телiмдердi резервке алуды және олардың аумақтарында шаруашылық қызметiн шектеудi көздей отырып, объектiлердiң дамуы мен орналасуының республикалық және облыстық (аймақтық) схемаларын әзiрлеп, iске асыруды қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы Қазақстанның табиғи кешендерiнiң биологиялық сан алуандығын iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеудi күшейтсiн. 1994-1995 жылдары биологиялық сан алуандылықты, оның қоршаған ортадағы кең ауқымды экологиялық табиғи-ресурстық мониторингiсi құрамындағы мониторингiсiн қоса қамти отырып, тұрақты түрде сақтау мен ұтымды пайдаланудың Ұлттық бағдарламасын әзiрлесiн.
      8. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi республика аумағында генетикалық қорды сақтау және қолға үйретiлген жануарлардың аборигендiк тұқымдарын қалпына келтiру жөнiнде шаралар кешенiн, сондай-ақ селолық тауар өндiрушiлердiң биологиялық сан алуандықтың сақталуын қамтамасыз ететiн агроэкожүйелердiң биологиялық ресурстарын ұтымды пайдаланудың ғылыми негiздерiн әзiрлесiн.
      9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Ұлттық ғылым академиясы, Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, Қазақстанның табиғи жануарлар дүниесi мен өсiмдiктер әлемiне тән емес, әрi жат, араласуы мен бейiмделуi су және жер бетiндегi экожүйелерге белгiлi бiр дәрежеде зиян келтiруi мүмкiн түрлердiң жерсiнуiн болдырмау жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
      10. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi 1994 жылы биологиялық сан алуандықты сақтау және тұрақты түрде пайдалану саласында белгiленген тәртiп бойынша Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағдарламасын әзiрлеп, бекiтсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенциядан туындайтын мiндеттемелердi орындауына байланысты мемлекет мұқтажы үшiн министрлiктерге, ведомстволар мен облыстық әкiмшiлiктерге жыл сайын қаржы қаражатын бөлудi қарастырсын.
      12. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiк пен Қаржы министрлiгi басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан түсетiн сыртқы қаржылай және техникалық көмектi пайдалану бағыттарын айқындау кезiнде Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенция бойынша мiндеттемелердi қажеттi жобаларды ескеретiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады