Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 23 тамыз N 949

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әзiрбайжан Республикасында, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Грузия Республикасында, Қырғызстан Республикасында, Молдова Республикасында, Түркменстанда, Өзбекстан Республикасында, Украинада Қазақстан Республикасының Елшiлiктерiн ашу туралы" 1993 жылдың 9 қаңтарындағы N 1057 U931057_ Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны 10 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық шет ел валютасындағы жалақысы айына 700 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шет ел валютасындағы жалақысының негiзiнде штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге олардың АҚШ долларындағы еңбек ақы қорынан 1 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығын сметасын бекiтсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсаттарға 1994 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен қаражат бөлудi қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады