Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 2 қыркүйек N 983. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.06.12. N 813 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Мемлекеттiк басқару органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3

тамыздағы N 874 қаулысымен белгiленген үш орынбасар шегiнде бiр
бiрiншi орынбасар, құрамында 7 адамы бар алқа ұстауына рұқсат
етiлсiн.
     Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы бiр ай мерзiм iшiнде Министрлер 
Кабинетiне Комитет алқасының дербес құрамы туралы ұсыныстар беретiн
болсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 2 қыркүйектегi
                                          N 983 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
            Қазақстан Республикасының Статистика және талдау
           жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының
                            Құрылымы
     Әлеуметтiк-экономикалық талдау, есеп және статистиканы 
ұйымдастыру Бас басқармасы
     Ұлттық шоттар жүйесiнiң Бас басқармасы
     Өндiрiс және инвестициялар статистикасының жетекшi басқармасы
     Сыртқы экономикалық байланыс пен қызмет көрсету статистикасының
жетекшi басқармасы
     Әлеуметтiк және демографиялық статистиканың жетекшi басқармасы
     Ауыл және орман шаруашылығы статистикасының басқармасы
     Баға статистикасының басқармасы
     Төлем балансы статистикасы бөлiмi
     Жоспарлау-қаржы жұмысы және бухгалтерлiк есеп бөлiмi
     Iс Басқармасы

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады