Қымбат металдармен және асыл тастармен, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдармен жүргiзiлетiн операциялар туралы ережелердi бекiту жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 7 қыркүйек 1994 ж. N 1004. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1198 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қымбат металдармен және асыл тастармен, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдармен жүргiзiлетiн операциялар туралы қоса берiлiп отырған Ережелер бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары екi айлық мерзiм iшiнде ведомстволық шешiмдердi осы қаулымен бекiтiлген Ережелерге сәйкестендiрсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қатысуымен екi айлық мерзiм iшiнде қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге осы қаулыдан туындайтын өзгерiстердi енгiзу туралы ұсыныстар дайындап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсыратын болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1994 жылғы 7 қыркүйектегi    
N 1004 қаулысымен        
Бекiтiлген            

         Қымбат металдармен және асыл тастармен, сондай-ақ
           олардан жасалған бұйымдармен жүргiзiлетiн                                операциялар туралы
                         Ережелер <*>

      Ескерту. Бұл Ережелердiң күшi Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
              Кеңесi бекiткен тиiстi ережелер мен Ұлттық Банктiң 
              нормативтiк құжаттарын басшылыққа алатын Қазақстан 
              Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк құндылықтар 
              қоймасына қолданылмайды.    

                        I. Жалпы ережелер

      1. Бұл Ережелер "Алтын қоры мен алмас қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заң және нормативтiк актiлерiне сәйкес жасалды және қымбат металдарды, олардың тұздарын, балқымалары мен басқа да қоспаларын, асыл тастарды алудың, жұмсаудың, есепке алудың, сақтаудың, тасымалдаудың, олардың сынықтары мен қалдықтарын жинау мен өткiзудiң тәртiбiн, сондай-ақ Ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк шараларын белгiлейдi. 
      Бұл Ережелер синтетикалық және жасанды алмастарды, зүбәржаттарды, корундтарды, сондай-ақ олардан жасалған ұнтақтар мен аспаптарды пайдалануға байланысты операциялар мен процестерге қолданылмайды. 
      2. Шикiзат, жартылай шикiзат, балқыма, тұздар, ерiтiндiлер түрiндегi қымбат металдармен және асыл тастармен, қымбат металдар мен асыл тастардың аяқталмаған өнiмiмен, дайын бұйымдарымен, құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар материалдармен, аспаптармен, жабдықтармен, приборлармен, бөлшектермен, тораптармен, сондай-ақ сынықтар мен қалдықтардың барлық түрлерiмен заңдарда рұқсат берiлген кез келген операциялар жүргiзетiн барлық меншiк нысанындағы және бағыныстағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, оның iшiнде Қорғаныс министрлiгiнiң бөлiмшелерi, кедендер, ломбардтар, сондай-ақ жеке адамдар осы Ережелермен белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi. 
      3. Министрлiктер, ведомстволар, корпорациялар, компаниялар, кәсiпорындар өз жұмыс ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Ережелердiң негiзгi қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк сынақ қадағалау инспекциясының, "Алтын алмас" ұлттық акционерлiк компаниясының, iшкi iстер органдары жанындағы күзет бөлiмшелерiнiң (тиiстi бағыттар бойынша) келiсуiмен қымбат металдар мен асыл тастарды алудың, жұмсаудың, есепке алу мен сақтаудың тәртiбi жөнiнде өз нұсқамаларын әзiрлеп, бекiтедi. 
      4. Қымбат металдармен және асыл тастармен операциялар жүргiзетiн барлық заңды ұйымдар мен жеке адамдар: 
      а) өздерi орналасқан жерде тiркелiп, қымбат металдар мен асыл тастарды пайдалануға байланысты қызмет құқығына лицензия алуға мiндеттi. 
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу - белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi. 
      Лицензиялар беру тәртiбi "Қазақстан Республикасында бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалатын бұйымдар өндiруге, өңдеуге және сатуға байланысты қызметтi реттеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., N 8, 213-бап) 1992 жылғы 7 мамырдағы N 1311 қаулысымен бекiтiлген арнайы ережемен реттеледi. 
      Меншiктiң барлық нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге лицензиялар бойынша қымбат металдар мен асыл тастарды заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында одан әрi өңдеу және сату үшiн алып келуге рұқсат етiледi. 
      Қымбат металдар мен асыл тастардың, құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар бұйымдар мен материалдардың экспорты мен импорты заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi; 
      б) қымбат металдардың, асыл тастар мен олардың қалдықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, олардың келiп түсуiнiң, жұмсалуының және қалдықтарының толық және анық есебiн жүргiзуге, белгiленген мерзiмде барлық сақталу орындарында және тiкелей өндiрiсте аталған құндылықтарға түгендеу жүргiзуге, осы түгендеудiң нәтижелерiн дер кезiнде есепте көрсетiп отыруға мiндеттi; 
      в) қымбат металдар мен асыл тастарды қатаң үнемдеуге және олардың келiп түсуi, жұмсалуы мен қалдықтары туралы есеп-қисапты жасау мен берудiң белгiленген тәртiбiн сақтауға мiндеттi; 
      г) қымбат металдар мен асыл тастардың сынықтары мен қалдықтарының барлық түрiн толық жинауды және алдын ала өңдеудi, оларды ұқсатушы кәсiпорындарға дер кезiнде өткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      5. Қымбат металдарды, асыл тастарды және құрамында осылар бар өнiмдердi, материалдар мен бұйымдарды өндiретiн, алатын, шығаратын, ұқсататын немесе сақтайтын кәсiпорындар, цехтар, учаскелер мен объектiлер қымбат металдар мен асыл тастардың аман сақталуын, толық алынуы мен технологиялық шығындардың мейлiнше аз болуын қамтамасыз ететiн арнаулы ұйымдық және инженерлiк-техникалық шаралар орындалған жағдайда ғана пайдалануға берiледi. 
      6. Құрамында қымбат металдар немесе асыл тастар бар сатылатын шикiзатты өңдеу - шикiзат берiп тұрушы кәсiпорындар мен тұтынушылар арасында жасалатын шарттарға (контрактiлерге) сәйкес жүргiзiледi. 
      Шарттар жасау тәртiбi мен олардың орындалуына байланысты мәселелер "Өнiм берiп тұру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 19 маусымдағы N 536 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 24, 374-бап) бекiтiлген өнiм берiп тұру туралы Ережемен, кейiнгi өзгертулерiмен және толықтырулармен қоса реттеледi. 
      7. Қымбат металдармен және асыл тастармен жүргiзiлетiн операцияларға немесе өзге iс-әрекеттерге тiкелей қатысатын кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң қызметкерлерiмен Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiппен материалдық жауапкершiлiк туралы шарттар жасалады. 
      8. Қымбат металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдардың, оларды өндiрудiң, ұқсатудың, қалдықтарын жинау мен тапсырудың, сақтау мен тасымалдаудың барлық кезеңiнде аман сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарға басшылық жасауды кәсiпорын басшылары режим және күзет жөнiндегi өздерiнiң орынбасарлары немесе бұйрықпен тағайындалған адамдар арқылы жүзеге асырады. 
      Технологиялық режимдердiң сақталуы жөнiндегi жауапкершiлiк бас инженерлер мен бас мамандарға, цехтар мен объектiлердiң, учаскелердiң басшыларына, ауысым бастықтарына және учаске мастерлерiне, сондай-ақ өндiрiс процесiнде қымбат металдар мен асыл тастар пайдаланылатын технологиялық операцияларды тiкелей орындаушыларға жүктеледi. 
      Осы адамдар табиғи зiлзала апаттары немесе өздерiне байланысты емес себептерден басқа жағдайларда шығындардың белгiленген нормативтерден асып кеткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. 
      9. Қымбат металдармен және асыл тастармен жасалатын операцияларға мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жасайтын органдардың ("Алтын қоры мен алмас қоры туралы" заңның 14-бабы), Қазақстан Республикасы Прокуратурасының, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк сынақ қадағалау инспекциясының өкiлдерi қымбат металдарды, олардың тұздарын, балқымаларын, басқа қоспалары мен асыл тастарды өндiру, алу, шығару, ұқсату, қолдану, пайдалану, олардың сынықтары мен қалдықтарын жинау және өткiзу, беру, босату, есепке алу, тасымалдау мен сақтау мәселелерi бойынша меншiк нысандары мен бағыныстылығына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жұмысын тексерiп отырады. 
      Кәсiпорындардың, ұйымдардың, учаскелер мен технологиялық қайта өңдеу, Қорғаныс министрлiгiнiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң, кедендердiң, ломбардтардың және т.б. басшылары аталған өкiлдердiң қарауына қымбат металдармен және асыл тастармен iстелетiн жұмыстың барлық салалары бойынша жоспарлау, техникалық, есеп беру және есепке алу құжаттамасының (бастапқысын қоса) барлық түрiн бөгетсiз берiп, олардың режимдiк бөлiмшелерге қызмет куәлiктерi арқылы киiм ауыстырмай және тексерiссiз кiруiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

              II. Қымбат металдар мен асыл тастарды 
                       алу тәртiбi 

       10. Қымбат металдар мен асыл тастар бiр орталықтан бөлiнетiн және лимиттелетiн материалдық ресурстарға жатады. 
      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк құндылықтар қоймасынан қымбат металдар мен асыл тастарды босату тәртiбi "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң Мемлекеттiк қоймасындағы қымбат металдар мен асыл тастарды бөлу және пайдалану тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Төралқасының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., N 8, 200-бап) 1992 жылғы 13 сәуiрдегi N 1283 қаулысымен бекiтiлген Ережесiмен белгiленедi. 
      Тұтынушылардың қымбат металдар мен асыл тастарды алуына Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен келiсiм, Экономика министрлiгiнiң ұсыныстары негiзiнде жасалған барлық меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қымбат металдар мен асыл тастарды босату жөнiндегi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы негiз болып табылады. 
      12. Барлық меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қымбат металдар мен асыл тастарды, олардың тұздарын, ерiтiндiлерiн, балқымалары мен басқа қоспаларын тұтынудың көлемiн Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiмен келiседi және жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiне қымбат металдарға, олардың тұздарына, балқымаларына, басқа қоспаларына және асыл тастарға тапсырыстар, сондай-ақ сынықтардың, қалдықтардың, рекуператтардың пайда болуының барлық көздерiн ескере отырып, оларды қайта өңдеуге қайтару жөнiнде толық есеп тапсырады. 
      Жоспарланып отырған жылдың 1 наурызына дейiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Экономика министрлiгiне санақ немесе түгендеу нәтижелерi бойынша қымбат металдардың, олардың тұздарына, балқымаларына, басқа қоспаларына және асыл тастардың жыл басындағы нақты қалдықтарын ескере отырып, оларға деген қажеттiлiк пен мұқтаждықтың нақтыланған есеп-қисабы мен ерекшелiгi туралы сипаттаманы тапсырады. 
      13. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi қымбат металдар мен асыл тастарды босату, оларды сынықтар мен қалдықтар түрiнде қайтару лимитiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткеннен кейiн бiр ай мерзiм iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жоспарланып отырған жылға әр тоқсанға жiктеп, олардың қарамағына босатылған қымбат металдар мен асыл тастардың және оларды қалдықтар түрiнде қайтарудың мөлшерiн бөлу туралы хабарлама жiбередi. 
      14. Өздерiне бөлiнген қымбат металдар мен асыл тастардың мөлшерi туралы хабарламалар алғаннан кейiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Қазақстан Республикасының өндiрушi-зауыттарымен қымбат металдардан өздерiне қажеттi өнiмдер жасап шығару жөнiнде немесе республикада қажеттi өндiрiстiк қуаттар болмаған және осы мәселе бойынша үкiметаралық уағдаластықтар болған жағдайда шетелдегi өңдеушi-кәсiпорындар мен шарттар жасасады. 
      15. Қымбат металдар мен асыл тастарды Мемлекеттiк құндылықтар қоймасынан босату Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiне олардың құнын алдын-ала төлегеннен кейiн жүзеге асырылады. Үстiмiздегi жылы берiлетiн құндылықтар үшiн ақы төлеудiң шектi мерзiмi 10 желтоқсан, ал оларды берудiң шектi мерзiмi - 25 желтоқсан. 
      16. Барлық меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қымбат металдар мен асыл тастарды жұмсауы, шығынның қатаң белгiленген мақсаттарға (өнiм шығару, зерттеу жүргiзу және басқа жұмыстарға) бекiтiлген қажеттiлiктiң белгiленген нормаларының шегiнде жүргiзiлуге тиiс. 
      17. Қымбат металдар жұмсаудың нормаларын "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының келiсiмiмен министрлiктердiң, ведомстволардың, корпорациялардың және т.б. басшылары, ал оларды сынықтар мен қалдықтар түрiнде қайтару нормаларын "Алтыналмас" ұлттық акционерлiк компаниясы бекiтедi. 
      Қымбат металдар жұмсаудың жиынтық нормалары бұйымдарға, қалдықтар мен залалға кететiн шығынды көрсетiп, таза металға шаққанда өнiм өлшемiне граммен бекiтiлуге тиiс. 
      18. Шығарылатын өнiмге арналған жиынтық нормалардың құрамына енетiн қымбат металдар мен асыл тастарды жұмсаудың әрбiр бөлшек пен әрбiр операцияға қажет нормалары тиiстi цехтарға, учаскелерге, лабораторияларға, жұмыс орындарына, ал бухгалтерияға - осы өнiмге арналған жиынтық жұмсау нормалары да дер кезiнде хабарлануға тиiс. 
      19. Қымбат металдарды ұтымды пайдалану мақсатында қымбат металдардың ластанбаған қалдықтарынан (бөлiндi, жоңқа, кесiндi және т.б.) қажеттi шала өнiмдер жасау және оларды өздерiнiң өндiрiсiнде тиiмдi пайдалану үшiн оларды өнiм шығаруға пайдалануға болады. 
      Мұндай қалдықтар қайталама шикiзат ретiнде қарастырылады және жұмсау нормаларынан алып тасталуға тиiс. 
      20. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы бойынша алынған қымбат металдар мен асыл тастарды өз сұраныстары бойынша өткiзiлген құндылықтардан басқа жағдайларда өзге шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге беруге, сондай-ақ қымбат металдар мен асыл тастар қорларын тысқары ұйымдардың сұраныстарын орындау мақсатында пайдалануға тыйым салынады. 
      Қымбат металдар мен асыл тастардың пайдаланылмаған қалдықтары статистикалық есеп беруде көрiнiс тауып, келесi жылға бөлiнген қорлардың есеп-шотында көрсетiледi, ал шаруашылық жүргiзушi субъект таратылған немесе қайта құрылған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң Мемлекеттiк құндылықтар қоймасына өткiзiлуге тиiс. 
      21. Қымбат металдар мен асыл тастарды ұтымды және үнемдi пайдаланбағаны үшiн тиiстi жеке адамға немесе кәсiпорын, мекеме яки ұйым басшысына, сондай-ақ қымбат металдар мен асыл тастар қолданатын тиiстi цехтардың, бөлiмдердiң, лабораториялардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi. 

           III. Қымбат металдар мен асыл тастар қалдықтарын                             жинау және тапсыру

        22. Барлық меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қымбат металдар мен асыл тастарды алудың барлық көздерiнен пайда болған сынықтар мен қалдықтардың (дайын алмас бұйымдарымен қоса) барлық түрiнiң өнiмдерiн қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауға тиiс. 
      23. Экономика министрлiгiне "Алтыналмас" ұлттық акционерлiк компаниясының келiсiмiмен жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қымбат металдарды нақты жұмсауын ескере отырып, қымбат металдарды сынықтар мен қалдықтар түрiнде тапсырудың жылдық жоспарына iшiнара өзгерiстер енгiзу құқығы берiледi. 
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жылдық жоспарды өзгерту туралы ұсыныстарды тиiстi есеп-қисаптармен бiрге есептi кезең аяқталған соң 25 күннен кешiктiрмей тапсырады. 
      24. Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қымбат металдарды, асыл тастарды немесе құрамында осылар бар материалдарды пайдаланатын жұмыс орындарын тиiстi қорғау құралдарымен (сүзгiштермен, шаң-тозаң аулағыштармен, қаптамалармен, тұндырмалармен, тосқауыл қалқандармен және басқалармен), сондай-ақ қалдықтарды толық жинап алуды, ысырапты азайтуды және қымбат металдар мен асыл тастарды аман сақтауды қамтамасыз ететiн ыдыстың қажеттi мөлшерiмен (жәшiктермен, бөшкелермен, шөлмектермен және т.б.) жабдықтауға мiндеттi. 
      Құрамында пайдаланылған фотопластинқаға түсiрiлген суреттi сақтау үшiн қолданылатын химиялық ерiтiндi мен сақталған күмiсi бар және басқа да ерiтiндiлердi төгiп тастауға, кинофотоматериалдарды жоюға немесе өртеп жiберуге, сондай-ақ құрамындағы қымбат металдарды алдын-ала бөлiп алмаған басқа да материалдар мен приборларды жоюға тыйым салынады. 
      25. Қымбат металдардың сынықтары мен қалдықтарын алдын-ала өңдеу, оларды дайындаушыларға жөнелту, сондай-ақ сынықтар мен қалдықтар құрамындағы қымбат металдар үшiн есеп айырысу "Iшiнде бағалы металдар бар қайталама ресурстар мен қалдықтарды жинау мен ұқсатуды ұйымдастыру туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 33, 506-бап) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 тамыздағы N 703 қаулысымен бекiтiлген ережеге сәйкес жүргiзiледi. 
      26. Қайталама қымбат металдарды өңдеу және алмас бұйымдарын қайта алу республиканың немесе басқа республикалардың мамандандырылған кәсiпорындарында мiндеттi түрдегi берме шартымен бөлiп алынған қымбат металдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк құндылықтар қоймасына тапсыру немесе қымбат металдардан алынған өнiмдi республикаға қайтару жолымен жүргiзiледi. 
      27. Қымбат металдардың қалдықтарын толық жинап алу және оларды өңдеуге тапсыруды қамтамасыз ету жөнiндегi жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес кәсiпорын басшысына, бас есепшiге, сондай-ақ қымбат металдарды барлық түрiнде жұмсайтын бөлiмдер, цехтар басшыларына жүктеледi. 
 

              IV. Қымбат металдар мен асыл тастарды сақтау 
                   және оларды тасымалдау 
 

        28. Қымбат металдар мен асыл тастарды, сондай-ақ құрамында осылар бар бұйымдарды, материалдарды, сынықтар мен қалдықтарды сақтау - олардың барлық сақтау, пайдалану, қажетке жарату, тасымалдау орындарында талан-таражаға түсуден, өртенуден, табиғи зiлзаладан, бұзылудан толық аман сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. 
      29. Оңай жолмен алынатын қымбат металдармен немесе құрамында 5 проценттен астам қымбат металдар бар өнiмдермен операциялар жасалатын барлық үй-жайлар режимдiк үй-жайлар болып табылады. Осындай объектiлердiң тiзбесiн, сандық құрамын және күзет түрiн, сондай-ақ инженерелiк-техникалық қорғау құралдарын жергiлiктi iшкi iстер органдарының өкiлдерi қатысатын кәсiпорын басшысы немесе оның режим және күзет жөнiндегi орынбасары, күзет бөлiмшесiнiң бастығы (командирi) және кәсiпорынның, ұйымның бiрiншi бөлiмiнiң бастығы құрамындағы комиссия айқындайды. 
      30. Қымбат металдар мен асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды сақтау осы заманғы техникалық күзет құралдарымен арнайы жабдықталған үй-жайларда материалдық жауапкершiлiк туралы шарттар жасалған материалдық жауапкершiлiк жүктелген адамдардың басшылығымен жүзеге асырылады. 
      Материалдық жауапкершiлiк жүктелген жұмыстарда пасықтық қылмыстары үшiн сотталған адамдарды, сондай-ақ сот үкiмi бойынша белгiлi бiр қызметтердi атқаруға немесе белгiлi бiр қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдарды пайдалануға рұқсат етiлмейдi. 
      31. Қымбат металдар мен асыл тастар отқа жанбайтын шкафтарда, темiр жәшiктерде немесе сейфтерде сақталуға тиiс, олардың есiгi кiлттелiп, мөрленуге тиiс. Қажет болуына қарай олар материалдық жауапкершiлiк жүктелген адамның, ал ол жоқта кәсiпорын басшысының рұқсатымен комиссияның қатысуымен ашылады. Қымбат металдар, асыл тастар, сынықтар мен қалдықтар, оның iшiнде тозған тораптар, бөлшектер, сондай-ақ отқа жанбайтын шкафтар, темiр жәшiктер, сейфтер сақталатын қоймалар жұмыс күнi аяқталған соң құлыпталып, мөрленуге тиiс. Цехтардың, учаскелердiң және барлық сақтау орындарының кiлттерi жұмыс аяқталған соң мөрленген күйiнде қолхатпен күзетке тапсырылады. 
      32. Сақтау орындарынан қымбат металдар мен асыл тастарды босату кәсiпорын басшысының, бас (аға) есепшiнiң және тиiстi материалдық жауапты адамның рұқсатымен жүзеге асырылады. 
      33. Жұмыстарды орындаушыға жазып берiлген қымбат металдар мен асыл тастар жеке құлыпталатын жәшiкте сақталуға тиiс. Жұмыс күнi аяқталған соң қымбат металдар мен асыл тастар салынған осы жәшiк мөрленген күйiнде қоймаға немесе сейфке тапсырылады. Өндiрiстiк үй-жайлардағы ашық сөрелерге қойылған қымбат металдар мен асыл тастарды қараусыз қалдыруға тыйым салынады. 
      34. Қымбат металдарды таза немесе байытылған күйiнде қабылдауға, беруге, алуға, өңдеуге және жұмсауға байланысты барлық операцияларды комиссия жүргiзедi. 
      35. Жабдықтың, аспаптың құрамдас бөлiгi болып табылатын қымбат металдар мен асыл тастар, сондай-ақ құрамында қымбат металдар бар тұздар мен қышқылдар отқа жанбайтын шкафтарда, сейфтерде немесе темiр жәшiктерде сақтау мүмкiн болмаған жағдайда өндiрiстiк үй-жайларда немесе материалдар яки химиялық реактивтер қоймаларында сақталуы мүмкiн. 
      36. Қымбат металдар мен асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар қабылданатын және босатылатын барлық қоймалар мен көмбелер таразылармен және басқа да өлшеуiш приборлармен қамтамасыз етiледi. Таразылар мен кiрлердiң мемлекеттiк уәкiлдiң уақытысында тексерiлгенi туралы куәлiгi болуға тиiс. 
      Қымбат металдар, өнiмдер, шикiзаттар, сынықтар және қалдықтар метрологиялық дәлдiктердi төмендегiдей мөлшерлерге сай келетiн таразыларда өлшенуге тиiс: 
      200 грамға дейiн тартатын таразыларда - мемлекеттiк стандарты 2 кластық 24104-88 Е дәлдiгiмен; 
      200 грамнан артық тартатын таразыларда - мемлекеттiк стандарты 3 кластық 24104-88 Е дәлдiгiмен. 
      Қолданылатын таразылардағы таразылау дәлдiгiнiң кемшiлiгi 24104-88 Е мемлекеттiк стандарты бойынша көрсетiлген мүмкiндiктен артық ауытқымауға тиiс. 
      Құрамында 5 проценттен аз қымбат металдар бар өндiрiс заттарын, шикiзаттарды, сынықтар мен қалдықтарды таразылау - өлшенетiн массаның + - 0,05 процентiне тең болатын таразыларды өлшенуге тиiс. 
      Асыл тастар 1000 каратқа дейiнгi массада - 0,01 карат, 1000 караттан астам массада - 0,05 карат дәлдiкпен арнаулы немесе талдама таразыларда өлшенуге тиiс. 
      Қымбат металдар мен асыл тастарды өлшеуде жiберiлген артық-кем алшақтық есеп-қисап құжаттарында көрсетiледi. Таразылау дәлдiгi мөлшерiнде артық кеткен алшақтық - кiрiске алынып, кемдiк - өндiрiстiк шығындар есебiне жатқызылады. 
      37. Қымбат металдар мен асыл тастар және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң арнаулы байланысы арқылы немесе аман сақталуына кепiлдiк беретiн күзеттiң бас-көз болуымен арнаулы көлiк арқылы кәсiпорын қызметкерлерi жүзеге асыруға тиiс. 
      38. Құрамындағы қымбат металдар 5 проценттен аз материалдарды тасымалдау - жөнелтiлген материалдардың кұны бағаланып<*>, почта сәлемдемелерiмен, темiр жол немесе көлiктiң басқа түрi арқылы жүргiзiлуi мүмкiн. 
      Ескерту. Бұл бап құрамында қымбат металдары бар темiрлер мен 
               концентраттарды тасымалдауда қолданылмайды. 
      39. Қымбат металдар мен асыл тастарды сақтау ережесiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес басшыға, директордың режим жөнiндегi орынбасарына, сондай-ақ цехтардың, бөлiмдердiң, лабораториялардың, учаскелердiң т.б. жетекшiлерiне жүктеледi. 
 

             V. Қымбат металдар мен асыл тастарды есепке алу
 

          40. Қымбат металдар мен асыл тастар өндiретiн, өңдейтiн, жұмсайтын және олардың қалдықтарын жинайтын және ұқсататын, сондай-ақ оларды қабылдаумен, алумен, сақтаумен және өткiзумен айналысатын барлық меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде (кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда, жеке адамдарда) қымбат металдар мен асыл тастардың барлық ұқсату iстерi мен операцияларындағы қозғалысына, аман сақталуына, тиiмдi түрде алынуына және бекiтiлген нормалар мен мақсатты мiндетi бойынша қажеттiлiктер шеңберiнде жұмсалуына қатаң бақылау жасауды қамтамасыз ететiн олардың бухгалтерлiк және жедел есебi ұйымдастырылуға тиiс. 
      41. Жедел есеп кәсiпорындардағы компьютерлендiрiлген және механикаландырылған есеп құралдары арқылы журналдарда, карточкаларда, дискеттерде және басқа құжаттарда жүргiзiледi. Есептi жүргiзу әдiстерiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өндiрiстi ұйымдастырудың жергiлiктi жағдайлары мен технологиялық процестердiң ерекшелiктерiне қарай жасайды. Барлық сақтау, өңдеу және жұмсау орындары бойынша қымбат металдар мен асыл тастарды, шикiзат түрлерiне қарай сынықтар мен қалдықтардың, шала өнiмдердiң, құрамында осылар бар бұйымдардың қозғалыс маршруттары мен тәртiбi жасалады және бекiтiледi. 
      42. Бастапқы құжаттар: iлеспе қағаздар, актiлер, талаптамалар, лимит карталары, есеп берулер негiзiнде кәсiпорын бухгалтериясы қымбат металдар мен асыл тастар сақталатын, өңделетiн немесе пайдаланылатын орындарда механикаландырылған есеп құралдарын пайдалана отырып, әрбiр материалдық жауапты адамға байланысты таза күйiндегi грамм салмақпен алғанда әрбiр металдың түрi немесе каратпен алғанда асыл тастар бойынша олардың қозғалысының айналыс ведомостарын жасайды. 
      Қажет болған жағдайда қымбат металдардың есебiн лигатуралық салмақта (өнiмдердiң: құйма, тұз, қышқыл және басқалардың жалпы салмағында) қаз-қатар жүргiзуге болады. 
      43. Қымбат металдар мен асыл тастарды сақталу /қоймаларда, көмбелерде және басқа жерлерде/ және пайдалану орындарында есепке алу бiр үлгiдегi ведомствоаралық әдiстердегi /қойма есебi карточкалары, сорттық есеп кiтаптары, журналдар және т.б./ қатаң есеппен берiлетiн есеп құжаттары немесе дискеттер арқылы жүргiзiледi, олар бухгалтерияда тiркелiп, материалдық жауапты адамдарға қол қойғызылып берiледi. 
      Қымбат металдар мен асыл тастар есебiн жүргiзу үшiн пайдаланылатын кiтаптар, журналдар және т.б. алдын-ала нөмiрленуге, тiгiлуге, басшылардың қолы қойылып, мөрленуге тиiс. 
      Есеп есепке алынатын құндылықтардың барлық реквизиттерi: атауы, мөлшерi, құрамы, партия нөмiрi, лигатуралық және таза салмағы, т.б. көрсетiлiп, әрбiр номенклатуралық-есепке алу айқындамасы бойынша жүргiзiледi. 
      44. Зергерлiк немесе басқа бұйымдар жасайтын кәсiпорындарда жедел есепке алу барлық кезеңдердегi қозғалысы кезiнде және дайын өнiм күйiнде келiп түскен немесе жасалу сәтiнен бастап атаулары, түрлерi, бедерлеу нысандары және басқа да өлшемдерi, бойынша қымбат металдар мен асыл тастардың данасы мен массасының жалпы мөлшерiн көрсетудi көздеуге тиiстi. 
      45. Барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жабдықтардың, бұйымдардың, материалдардың және өндiрiстiк, шаруашылық қызметте пайдаланылатын басқа өнiмдердiң құрамында бар қымбат металдардың алғашқы есебiн /баланс жасау алдындағы есептi/ бастапқы үлгiлiк ведомствоаралық әдiстерiн немесе механикаландырылған есеп құралдарын пайдаланып жүргiзуге мiндеттi. 
      Деректер есеп құжаттарына 2.608-78 мемлекеттiк стандартына сәйкес технологиялық құжаттамаларда /төлқұжаттар, нұсқамаларда, жапсырма қағаздарда/ көрсетiлген мәлiметтер негiзiнде, немесе бұл мәлiметтер болмаған жағдайда /шетелдiк, ескiрген жабдық/ комиссиясының қатысуымен ұқсас өнiмдер принципiне орай жасақталу тiзбесi бойынша немесе өндiрушi-зауыттарға сұрау салу арқылы жазылады. 
      46. Кәсiпорынға келiп түскен құндылықтары бар сәлемдемелер сол күнi журналға тiркеледi. Кәсiпорынға келетiн құндылықтар салынған сәлемдемелердi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияның қатысуымен материалдық жауапты адам ашады. Бұл орайда қымбат металдардың массасы, құрамы және сапасы айқындалады. Құндылықтарды қабылдау актiмен хатталып, онда қабылданып отырған құндылықтардың және жiберушiнiң барлық реквизиттеры көрсетiледi /массасы мен сапасы цифрлармен және жазбаша көрсетiледi/. 
      Егер қымбат металдар мен асыл тастардың нақты массасын анықтау мүмкiн болмаса, ол қабылдау актiлерiнде төлқұжаттардың және басқа қабылдау құжаттарының негiзiнде көрсетiледi. 
      Қабылдау құжаттарында материалдық жауапты адамның: "Жоғарыда аталған барлық құндылықтар комиссияның қатысуымен тексерiлiп, мен оларды жауапкершiлiкпен сақтауға қабылдап алдым", - деген жазуы болуға тиiс. Материалдық жауапты адамның жазуы комиссия мүшелерiнiң қолымен куәландырылады. 
      47. Кассалардан, қоймалардан және басқа да орталық сақталу орындарынан қымбат металдар мен асыл тастарды, осылар құрамында бар өнiмдердi, шикiзаттарды, бұйымдарды кәсiпорындардың жекелеген бөлiмдерiнiң сақтау орындарына (цехтар, лабораториялар, учаскелер) босату - кәсiпорын басшылығы мен бухгалтериясының рұқсат қолдары қойылған құжаттар: талаптамалар, лимит карталары бойынша жүргiзiледi. 
      Бұл құжаттардағы құндылықтардың саны мен массасы цифрлармен және жазбаша көрсетiледi. Қымбат металдар мен асыл тастарды, осылар құрамында бар бұйымдар мен қалдықтарды бөлiмдер мен есеп берушi адамдар арасында өткiзу - құндылықтардың саны мен массасы цифрлармен және жазбаша көрсетiлген қабылдау-өткiзу құжаттары толтырылған жағдайды сақтау орындары арқылы ғана жүргiзiледi. 
      48. Жедел есеп деректерiнiң негiзiнде әрбiр өңдеу iсi мен жұмыс түрiне қымбат металдар мен асыл тастардың нақты өңделуi немесе жұмсалуы туралы нормативтiк өлшемдердiң шығын көздерiндегi баптар бойынша: "барлығы", "соның iшiнде бұйымдарға", "қалдықтар мен шығындарға" - салыстыру нәтижелерi (үнемдеу, артық жұмсау) бөлiп көрсетiлiп, есеп-қисаптар жүргiзiледi. 
      Нақты шығындар жұмыс атқарушыға берiлген қымбат металдар мөлшерiнiң және жасалған өнiм мен пайда болған қалдықтардың массасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi. 
      Есептердi бөлiмше басшысы немесе ол өкiлеттiк берген адам жасап, оларға кәсiпорынның бас технологы немесе оның орынбасары қол қояды. Есептерде шикiзаттың, өнiмдердiң, аяқталмаған өндiрiстiң, қылдықтардың қозғалысы көрсетiлуге тиiс. Нақты шығынның нормативтiк шығыннан ауытқуы болған жағдайда есепке ауытқу себептерi туралы түсiнiктемелер тiркелуге тиiс. 
      Есептер жасаудың мерзiм аралығы салалық нұсқамалармен, олар болмаған жағдайда тоқсанынан бiр реттен кем емес болып белгiленедi. 
      49. Өндiрiс процесiнде пайдаланылған қымбат металдар мен асыл тастарды есептен шығару олардың өнiм шығарудағы немесе бөлшектер, тораптар жасаудағы, өнiм жинақтаудағы, жөндеу қажеттерiндегi нақты шығындары бойынша бекiтiлген шығын мөлшерi көлемiнде жүзеге асырылады. 
      Бөлшектер, бұйымдар жасауға жұмсалған өлшеуге болатын қымбат металдар өздерi жасалған жартылай шикiзаттар бойынша (таспа, жолақ, сым және өзгелерi) шығын ретiнде есептен шығарылып, тиiстi бұйымдар мен бөлшектердiң өлшемдерi бойынша кiрiске алынады. 
      Жөндеу қажеттерiне және тәжiрибелiк ғылыми-зерттеу, лабораториялық жұмыстарға жұмсалатын қымбат металдар шығыны актiлер негiзiнде әрбiр технологиялық процестер мен бұйымдар бойынша бөлек және жалпы нақты шығындар мен жинақталған шығыстар мен қалдықтар көрсетiлiп, комиссиялық тұрғыда жасалып, басшы бекiтетiн актiмен хатталады. 
      50. Қымбат металдар мен асыл тастарды нақты шығындарын айқындамай нормалар бойынша есептен шығаруға болмайды, бұл құжатпен (өлшеу актiлерiмен, көлемдерiн өлшеумен, химиялық талдау деректерiмен және өзгелерiмен) расталуға тиiстi. 
      51. Тозу деңгейiне қарамастан, құрал-саймандар, жабдықтар, бөлшектер құрамындағы өлшеуге келмейтiн қымбат металдар, асыл тастар осы бұйымдарға берiлген төлқұжаттарда, техникалық шарттарда немесе басқа бастапқы құжаттарда көрсетiлген өздерiнiң бастапқы салмағы бойынша ескерiледi. Оларды шығынға шығару толық жарамсыз болған кезде шығынды шығару актiсiн жасау арқылы жүргiзiледi, онда есепке алу деректерi бойынша сынық пен қалдық күйiнде кiрiске алынуға тиiс қымбат металдардың массасы көрсетiледi. 
      52. Сақтау орындарынан қымбат металдар мен асыл тастар жұмыс атқарушыларға есеп беру талабымен ғана берiледi. Есеп берушi адамдардан есептен шығару - қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған бөлшектердi, бұйымдарды, қалдықтарды, шикiзат, жартылай шикiзат және қалдық, тозған, мұқалған, сынған құрал-сайман және өзгелер түрiнде сақтау орындарына тапсырғаннан кейiн жүзеге асырылады. 
      53. Кәсiпорын бухгалтериясының қызметкерлерi тексерiлетiн құжаттардағы жазулардың дұрыс-бұрыстығын өз қолдарымен растай отырып, өндiрiстiк қайта жасауда және сақтау орындарында қымбат металдар мен асыл тастарға жедел есеп жүргiзудiң дұрыстығына мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет болса да тексеру жүргiзiп отыруға мiндеттi. Қойма есебiн жүргiзудiң дұрыстығы апта сайын тексерiлiп, ол қымбат металдар мен асыл тастарды есепке алып отырумен айналысатын тиiстi материалдық жауапты адамдардың қатысуымен жүзеге асырылады. 
      54. Қымбат металдар мен асыл тастарды дұрыс және анық бухгалтерлiк, жедел есеп алуды қамтамасыз ету және дұрыс және дер кезiнде түгендеу үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қымбат металдар мен асыл тастар пайдаланылатын кәсiпорын басшыларына, бас есепшiлерiне және бөлiмше басшыларына жүктеледi. 
 

              VI. Қымбат металдарды, асыл тастарды және 
                олардан жасалған бұйымдарды түгендеу 
 

        55. Қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды түгендеу - мекен-жайлар мен құралдар толық тазартылған жағдайда олардың барлық түрлерi мен орындарында, аффинаждық зауыттарда, пайдалану кәсiпорындарында, сондай-ақ қымбат металдар мен асыл тастарды жинайтын және олардың қалдықтары мен сынықтарын өңдейтiн кәсiпорындарда жылына екi рет: 1 қаңтардағы және 1 шiлдедегi жағдай бойынша: 
      қымбат металдар мен асыл тастар бос немесе оңай алынатын күйде кездесетiн зергерлiк, гальваникалық өндiрiстерде - ай сайын; 
      құрамында қымбат металдар бар шикiзаттарды жолай пайдаланып-өңдейтiн, аяқталмаған өндiрiстiң қалдықтарын ай сайын жедел шығаратын, түгендеу 1 қаңтарға толық тазартылып жеткiзiлетiн кәсiпорындарда; 
      қымбат металдар мен асыл тастарды аспаптарда, жабдықтар мен басқа да бұйымдардың құрамында пайдаланатын кәсiпорындарда "Бухгалтерлiк есеп және баланс туралы Ережемен" бекiтiлген мерзiмдерде оларды түгендеу - осы материалдық құндылықтармен түгендеумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. 
      Түгендеу саны министрлiктер, ведомстволар, бiрлестiктер, кәсiпорындар басшыларының қалауы бойынша көбейтiлуi мүмкiн. 
      Жоспарсыз түгендеулер бақылау органдарының талабымен жүргiзiлуi мүмкiн. 
      Материалдық жауапты адам ауысқанда iстi қабылдау-өткiзу күнi, табиғат апатынан, өрттен және басқаларынан кейiн және ұрлану фактiсi анықталғанда қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды мiндеттi түрде түгендеу керек. 
      Есептi кезең iшiнде қандай да болмасын құндылықтар ертерек жоспардан тыс тексеруге алынған, жоспарсыз түгендеулер мен тексерулер жүргiзiлген, күтпеген жайлар, туындауға байланысты жағдайда да түгендеу белгiленген мерзiмдерде өткiзiледi. 
      Кәсiпорынға тиесiлi емес құндылықтар да (бұған дейiн есептелмеген, сондай-ақ қайта өңдеу үшiн алынып, жауапкершiлiкпен сақтауда жатқан) түгенделуге жатады. 
      56. Түгендеу жүргiзу үшiн бас (аға) есепшiнiң не оның өкiлеттi адамның мiндеттi түрде қатысуымен кәсiпорын басшысының немесе оның орынбасарының бұйрығымен кәсiпорын қызметкерлерiнiң iшiнен комиссия құрылады. Осы бұйрықпен түгендеудiң тәртiбi, басталу және аяқталу мерзiмi, оның нәтижелерiн есеп деректерiмен салыстыру және оларды есепке алу мен есеп беруде көрсету ретi белгiленедi. 
      Есебiнде түгенделетiн құндылықтар бар материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясының құрамына енгiзiлмейдi. Жұмыс көлемiнiң көп болуы себептi бiр түгендеу комиссиясы жеткiлiксiз болатын кәсiпорындарда орталық түгендеу комиссиясы мен жергiлiктi комиссия тағайындалып, оларға жекелеген бөлiмшелерде түгендеу жүргiзу жүктеледi. Жергiлiктi комиссиялардың құрамына мiндеттi түрде кәсiпорын бухгалтериясының қызметкерлерi енгiзiледi. Жергiлiктi комиссиялардың жұмысын орталық комиссия ұйымдастырады және бақылайды. 
      57. Түгендеу басталғанға дейiн құндылықтар сақталатын және өңделетiн жерлердегi өндiрiстiк үй-жайлар мен технологиялық жабдықтар толық тазартылады, кiрiс пен шығыс бойынша барлық құжаттарды өңдеу аяқталады, есепке алу құжаттарында тиiстi жазулар жазылады, түгендеу күнiндегi есептiк қалдықтар тiркеледi. 
      Материалдық жауапты адамдардан құндылықтардың кiрiсiне немесе шығысына қатысты барлық құжаттардың бухгалтерияға тапсырылғаны және оларда кiрiске алынбай яки шығысқа шығарылмай қалған ешқандай құныдылықтардың жоқ екенi туралы белгiленген нысанмен жазылған қолхат алынады. 
      58. Түгендеудiң бiр күнде аяқталуы мүмкiн болмайтын жағдайда оны ерте бастап, 1 күн кейiн аяқтауға болады. Мұндай кездерi нәтижелер 1 күн жағдайы бойынша үйлестiрiлуге тиiс. Егер түгендеу бiр күнде аяқталмаса, үй-жай материалдық жауапты адамның және комиссия төрағасының мөрлерi басылып, жабылады. 
      59. Қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды түгендеу - осы құндылықтар қолында сақталатын материалдық жауапты адамдардың қатысуымен табиғи күйiндегi қалдықтар бойынша есеп құжаттарының деректерiмен салыстыру арқылы жүргiзiледi. 
      Қымбат металдардың, асыл тастардың және олардан жасалған бұйымдардың бар-жоғы - белгiленген өлшем бiрлiктерiн басшылыққа ала отырып, салмақтап өлшеу, есептеу, көлемiн өлшеу және басқа жолдармен анықталады, бұл орайда түгендеу тiзiлiмдерiнде түгенделiп отырған құндылықтардың барлық реквизиттары: түрi, атауы, көлемi және т.б. көрсетiледi. Өлшеу басталмай тұрып метрологиялық қызмет таразылардың тұрақтылығы мен сезiмталдығы тексерiлiп, оның нәтижесiн тиiстi журналға жазып қояды. 
      Толық жасалып болмаған бөлшектер мен бұйымдардың құрамында кездесетiн және өлшенуi қиын қымбат металдардың, асыл тастардың массасы есепке алу деректерi бойынша немесе бөлшектi (бұйымды) жасауға жұмсалатын нормалар бойынша олардың дайын болу күйiн ескере отырып анықталады. 
      Түгендеу сәтiнде табиғи күйiнде тексеру мүмкiн емес жабдықтар мен бұйымдардың құрамында қымбат металдар мен асыл тастардың бар-жоғы есепке алу немесе техникалық құжаттар бойынша анықталады. 
      Түгендеу кезiнде бұзылудан сақтайтын мөрленген арнаулы ыдыста сақтаулы тұрған тұздарда, қышқылдарда, ерiтiндiлерде қымбат металдардың бар-жоғы да есепке алу, техникалық құжаттамалардың яки өнiм жiберушi құжаттардың негiзiнде анықталып, түгендеу тiзiлiмiне жазылады. 
      Басқа кәсiпорындарға өңдеуге берiлген немесе жолда келе жатқан, бiрақ кәсiпорынның есебiнде тұрған қымбат металдар, асыл тастар немесе олардан жасалған бұйымдар құжаттар бойынша тексерiледi. 
      Түгендеу кезiнде келiп түсетiн құндылықтар комиссияның қатысуымен қабылданып, бөлек тiзiлiмге жазылады. 
      Түгендеу өткiзу сәтiнде ашылмай жатқан қымбат заттар салынған сәлемдемелер болса, олар ашылуға тиiс, оларда құндылықтардың бар-жоғы комиссияның қатысуымен саны мен салмағы бойынша тексерiлiп, бөлек тiзiмге жазылады. 
      Басқа кәсiпорындарға тиесiлi құндылықтар да бөлек түгендеу тiзiлiмiне жазылады. 
      60. Түгендеу деректерi аталған құндылықтардың орналасу немесе сақталу орындары және олардың сақталуына жауапты адамдар бойынша бөлек жасалған салыстыру ведомстволарында - түгендеу тiзiлiмдерiнде көрсетiлуге тиiс. 
      61. Түгендеу аяқталған соң тиiстi түрде хатталған түгендеу актiлерi, түгендеу тiзiлiмдерi - салыстыру ведомостары түгендеу нәтижелерiн анықтап, есепке алу құжатында көрсету үшiн бухгалтерияға тапсырылады. Ведомостарды хаттау және тексеру барысында табылған қателер түзетiлiп, тиiстi түгендеу комиссияларының барлық мүшелерi мен материалдық жауапты адамның қол қоюымен расталуға тиiс. 
      Кәсiпорынға тиесiлi емес құндылықтар бойынша түгендеудiң нәтижелерi түгендеу тiзiлiмiнiң көшiрмесi тiркелiп, олардың иелерiне хабарланады. 
      62. Түгендеу комиссиясы барлық кем-кетiктер, шығындар, қалдықтар бойынша тиiстi қызметкерлерден жазбаша түсiнiктеме алуға тиiс. Түгендеу комиссиясы тапсырылған түсiнiктемелер мен материалдар негiзiнде бухгалтерлiк есеп деректерiнен ауытқушылық себептерiн анықтап, оларды реттеу жөнiндегi өз байламдары мен ұсыныстарын енгiзедi, олар кәсiпорын басшысы бекiтетiн актiде тiркеледi. 
      63. Түгендеу нәтижелерi ол аяқталғаннан кейiн он күн iшiнде есепте көрсетiлуге тиiс. 
      Нақты және есепке алу деректерi арасында анықталған ауытқушылықтар мына тәртiппен реттеледi: 
      а) қымбат металдардың, асыл тастардың және олардан жасалған бұйымдардың артық қалдықтары кiрiске алынып, кейiннен олардың пайда болу себептерi анықталуға тиiс; 
      б) өнiм жасау кезiнде және лабораториялық ыдыстың және алмас аспабының тозуына байланысты пайда болған, шығындардың бекiтiлген нормалары көлемiндегi, қымбат металдардың, асыл тастардың және олардан жасалған бұйымдардың кем-кетiгi өндiрiс шығыны ретiнде есептен шығарылады; 
      в) шығындардың бекiтiлмеген нормалары болмаған жағдайда, қымбат металдардың, асыл тастардың және олардан жасалған бұйымдардың кем-кетiгi жекелеген жағдайларда нормалар бекiтiлмеуi мүмкiн ғылыми-зерттеу, тәжiрибе және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiндегi шығындардан басқа, нормадан тыс шығындар ретiнде қарастырылады; 
      г) қайта сорттау нәтижесiнде болатын артық және кем өнiмдердiң өзара есебiн алуға ерекшелiк ретiнде бiр ғана атаудағы құндылықтарға қатысты, бiр ғана тексерiлген кезеңге, тексерiлiп отырған бiр адамға ғана байланысты жол берiлуi мүмкiн. 
      Қайта сорттаудан болатын артық және кем қымбат металдар мен асыл тастарды есепке алғанда олардың жетiспейтiн мөлшерi артық өнiмдерден көп болған жағдайда айырмасы кiнәлi адамдардың мойнына жазылуға тиiс; 
      д) қымбат металдардың, асыл тастардың және олардан жасалған бұйымдардың кем-кетiгi және қалыптан тыс шығындары өнеркәсiп өнiмдерiн, зергерлiк, тiс салу және басқа бұйымдар өндiру шығындары, сондай-ақ шығын нормалары бекiтiлген ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзуге жұмсалды деп есептен шығарылмауға тиiс. Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары осы шығындар мен кем-кетiктiң себептерiн анықтайды, ал осы шығындар мен кем-кетiкке кiнәлi адамдар белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады; 
      е) қымбат металдар мен асыл тастардың кем-кетiгi мен қалыптан тыс шығындарына нақты кiнәлi адамдар анықталмаған жағдайда "Бухгалтерлiк есеп беру және баланс туралы ережеде" көзделген тәртiппен өндiрiс пен айналым шығындары ретiнде баланстан алынып тасталуы мүмкiн. 
 

           VII. Қазақстан Республикасының заңдарын, қымбат 
          металдармен және асыл тастармен жасалатын 
          операциялар туралы нормативтiк актiлердi 
                бұзғаны үшiн жауапкершiлiк 
 

        64. Қымбат металдардың, асыл тастардың және олардан жасалған бұйымдардың ұрлануына, жетiспеуiне, мөлшерден тыс шығынға ұшырауына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық және тәртiпке шақыру тұрғысында жауапқа тартылады. 
      65. Тиiстi лицензиясыз немесе лицензия шарттарын сақтамай, мемлекеттiк монополияны бұза отырып, қымбат металдар мен асыл тастарды сатып алу және сату жөнiндегi келiсiм-шарттарды қоса алғанда, олармен операциялар жасаушы заңды ұйымдар мен жеке адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi. 
      66. Кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда және өзге заңды ұйымдарда (меншiк түрi мен ведомстволық бағыныстығына қарамастан) бақылаушы мемлекеттiк органдардың тексерулерiмен және ревизияларымен анықталған қымбат металдар мен асыл тастардың барлық түрлерiнiң артық мөлшерi олардың пайда болуының себептерi анықталғаннан кейiн тиiстi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң баланстарынан шығарылады. 
      Артық мөлшердiң пайда болуында заңды бұзғаны немесе әдейi осылай жасаған не болмаса дер кезiнде есептен шығармаған кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. 
      67. Қымбат металдардың, асыл тастардың және құрамында осылар бар материалдардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес тиiстi кәсiпорындардың, ұйымдардың және олардың бөлiмшелерiнiң басшыларына жүктеледi. 
      68. Кәсiпорындардың, ұйымдардың басшылары қымбат металдардың, асыл тастардың режимi мен сақталуының жәй-күйiне жүйелi түрде, жарты жылда бiр реттен кем емес тәртiппен талдау жасап отыруға және жыл сайын қымбат металдардың, асыл тастардың және құрамында осылар бар материалдарды өндiрудiң, қайта өңдеудiң, сақтаудың және тасымалдаудың барлық кезеңдерiнде аман сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде жергiлiктi iшкi iстер органдарымен бiрлескен iс-шаралар кешенiн әзiрлеуге мiндеттi. 
      Кәсiпорындардың, ұйымдардың басшылары қымбат металдардың немесе асыл тастардың ұрлануы, жетiспеу фактiлерi яки қалыптан тыс шығындары туралы аумақтық iшкi iстер органдарына тез арада хабарлап, тиiстi тексерулер жүргiзуде оларға қажеттi көмек көрсетуге мiндеттi. 
 

             VIII. Тартып алынған қымбат металдар мен асыл 
                  тастарды пайдалану тәртiбi 
 

        69. Iшкi iстер органдары талан-таражаға салушылардан тартып алған қымбат металдардың құймалары, қорытпалары, ұнтақтары, ерiтiндiлерi, дайындамалары, тұздары, шикiзаттары және өңделген түрдегi асыл тастар "Алтын қоры және алмас қоры туралы" Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң Мемлекеттiк құндылықтар қоймасына өткiзiлуге тиiс. 

     Тартып алынған құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар шикiзаттар, материалдар, аралық өнiмдер, сынықтар мен қалдықтар жақын маңдағы аффинаж зауытына немесе тиiстi саланың қайта өңдеу кәсiпорынына өткiзiлуге тиiс.
     Ұрлау фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады