Каспий теңiзiнiң жағалаулық аймағындағы елдi мекендер мен шаруашылық объектiлерiн су басудан және су астында қалудан қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 7 қыркүйек 1994 ж. N 1005
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитет тапсырған "Қазақстан Республикасының шегiнде Каспий теңiзiнiң жағалаулық аймағындағы халық шаруашылығы объектiлерi мен елдi мекендердiң тұрақты тiршiлiк қызметi мен қорғалуын қамтамасыз ету" туралы техникалық-экономикалық баяндамасы (ТЭБ) мақұлдансын.
Аталған ТЭБ Каспий теңiзiнiң жағалаулық аймағындағы елдi мекендер мен шаруашылық объектiлерiн су тасқыны мен су астында қалудан қорғауға байланысты Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн барлық шараларды әзiрлеу мен iс жүзiне асыруға арналған ғылыми-техникалық негiздiң алғы жобасы ретiнде бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай iшiнде ТЭБ-тегi тiзбеге сәйкес 1995 жылы және одан кейiнгi жылдары салынатын бiрiншi кезектегi объектiлердiң қаржыландырылуын қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгiзетiн болсын.
Атырау және Маңғыстау облыстарының әкiмдерiмен, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитетпен, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен бiрлесiп екi ай iшiнде Каспий теңiзi деңгейiнiң кетерiлуiне байланысты әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық проблемаларды шешу бойынша 1995-2000 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитеттiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарманың, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң, басқа да мүдделi министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде 1995-2000 жылдары Каспий теңiзiнiң проблемалары жөнiнде ғылыми-техникалық жұмыстарды қамтамасыз ететiн болсын.
4. Атырау облысының әкiмi Каспий теңiзiнiң жағалаулық аймағындағы ауыл шаруашылығы жерлерiнiң едәуiр ысырап болуына байланысты және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң келiсiмi бойынша осы шығындардың орнын iшiнара толтыру мақсатында бiр ай iшiнде Атырау облысы үшiн Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының аумағаның уақытша ауыл шаруашылығы жерлерiн бөлу туралы ұсыныс енгiзетiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Атырау және Маңғыстау облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, 1995 жылдың 1 қаңтарына дейiн жұмыс iстеп тұрған және тоқтатылған мұнай скважиналарының сағаларын тұйықтау жөнiндегi 1995-2000 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасын әзiрлеп, оны iс жүзiне асыруға кiрiсетiн болсын. 1995 жылдан бастап мұнай скважиналарының құрылысын салу, сынау мен пайдалану бұрғылау ерiтiндiлерiн, қожылар мен мұнай өнiмдерiн ағызуға және сақтауға пайдаланылатын жер қамбаларсыз жүзеге асырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз