1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны 165 адам болатынын негiзге ала отырып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлiгiне министрдiң бiр бiрiншi орынбасары мен екi орынбасарын, сондай-ақ құрамы 12 адамнан тұратын алқа мүшелерiн ұстауға рұқсат етiлсiн. <*> Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995. 06.06. N 784 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн қызмет бабында 4 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 қыркүйектегi N 1053 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы 1. Тұрғын үй-азаматтық, өнеркәсiптiк, инженерлiк жүйелер мен стандарттау жетекшi басқармасы <*> 2. Құрылыс департаментi <*> 3. Тұрғын үй саясаты жетекшi басқармасы <*> Ескерту. 1,2,3 тармақтарға өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 09.01. 1995 ж. N 22 қаулысымен. 4. Ғылыми-техникалық прогресс және сыртқы байланыс кадрларды даярлау және қайта даярлау жетекшi басқармасы <*> Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 09.01.1995 ж. N 22 қаулысына сәйкес. 5. Сәулет және қала құрылысы жетекшi басқармасы <*> 6. Өнеркәсiптiк құрылыс материалдары, құрылыс индустриясы, машина жасау және механикаландыру департаментi <*> Ескерту. 4,5 тармақтарға өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 09.01.1995 ж. N 22 қаулысымен. 7. Құрылыстағы сметалық нормалар мен баға белгiлеу жетекшi басқармасы 8. Қаржы және есеп жетекшi басқармасы 9. Құрылыс экономикасының жетекшi басқармасы 10. Iс басқармасы 11. Арнаулы жұмыс жөнiндегi сектор 12. Жаңа технологиялар және технологиялық нормалар жетекшi басқармасы. <*> 13. Жинақтау, талдау және жергiлiктi органдар бөлiмi. <*> Ескерту. Осы қосымша 12 және 13 тармақпен толықтырылған - ҚРМК-нiң 09.01. 1995 ж. қаулысымен.