Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 3 қазан 1994 ж. N 1100. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1098 қаулысымен бекiтiлген Халық шаруашылығында статистиканы, бастапқы есеп пен бухгалтерлiк есептi қайта құру жөнiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанына Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрi құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрi бiрлестiктердiң, ұйымдардың, мекемелердiң, компаниялардың, кәсiпорындардың, оның iшiнде шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорындардың, банк мекемелерiнiң, қоғамдық ұйымдар мен ведомстволық бағыныстылығына, меншiк және шаруашылық жүргiзу түрлерiне қарамастан басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiртұтас мемлекеттiк есебi негiзiнде құрылады және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiтетiн ақпараттық-анықтамалық және экономикалық көрсеткiштерi бар статистикалық карточка негiзiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрiн пайдалануға енгiзудi екi кезеңмен қамтамасыз ететiн болсын, ол үшiн: 
      - 1994 жылы: 
      ведомстволық бағыныстылығына, меншiк және шаруашылық жүргiзу нысандарына қарамастан белгiленген тәртiппен тiркеуден өткен Қазақстан Республикасының барлық Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiн қайта есептеу жүргiзiлсiн; 
      - Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерi туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы деректердi тұжырымдап, пайдалануға енгiзсiн; 
      - Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрiнiң Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерi мен ведомстволарының шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң тiзiмдерiмен және тiркеулерiмен бiрге олармен келiсiлген тәртiппен өзара ақпараттық қатынасын қамтамасыз етсiн; 
      - 1995 жылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының өнiмдер мен көрсетiлген қызметтi халықаралық сыныптаушы Статистикалық бюросынан алған бойда Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерi туралы экономикалық сипаттағы деректердi жинақтап, пайдалануға енгiзсiн.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1994 жылғы 3 қазандағы     
N 1100 қаулысымен        
Бекiтiлген            

         Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi 
      және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрi
                      туралы 
                      Ереже

         1. Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрi (ШЖСМР) дегенiмiз автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады, оның деректерiнiң базасында Қазақстан Республикасы шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлер туралы ақпараттық-анықтамалық мағлұматтар болады. 
      Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң ұстаушысы болып табылады. 
      2. Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң мемлекеттiк регистрi мынадай мақсатта құрылады: 
      Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiн бiртұтас мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз етедi; 
      ақпараттық-анықтамалық және экономикалық көрсеткiштер негiзiнде субъектiлердiң қызметiне жаппай статистикалық бақылау жүргiзедi; 
      ШЖСМР негiзiнде бiр жолғы есеп, санақ жүргiзудi, iшiнара тексерудi ұйымдастырады; 
      мемлекеттiк, аумақтық органдардың және шаруашылық басқармаларының ақпараттық жүйеде өзара iс-әрекетi кезiнде шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң теңесуiн және осы өзара iс-әрекет негiзiнде республиканың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын талдау үшiн барынша толық ақпарат алуды қамтамасыз етедi; 
      автоматтандырылған жиынның, өңдеудiң, сақтаудың кешендерiнде пайдаланылатын нормативтiк-анықтамалық ақпаратты жинайды, статистикалық ақпараттардың маңызын арттырады және ұсынады. 
      3. Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистр субъектiлерi кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi және шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорындарды, банк мекемелерiн, қоғамдық ұйымдарды және олардың ведомстволарына бағынбайтын өзге де тәуелсiз шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi, меншiк және белгiленген тәртiпте мемлекеттiк тiркеуден өткен құқығы бар және құқығы жоқ заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзушi нысандарын қамтитын бiрлестiктер болып табылады. 
      4. Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрiнiң негiзгi құрылысы банкiлердiң мемлекеттiк статистика органдары шеңберiнде таралған деректерi болып табылады, оның деректерiнiң негiзiне қосылған субъектiлер туралы ақпараттық-анықтамалық және экономикалық сипаттағы ауық-ауық жаңартылған мағлұматтар болады. 
      ШЖСМР-дi жүргiзетiн автоматтандырылған ақпараттық жүйе: 
      оған енгiзiлген ақпараттың қалыптасуын, сақталуын, жаңартылуын, iрiктелуi мен ұсынылуын жүзеге асырады, сондай-ақ бағдарламалық-технологиялық, компьютерлiк және телекоммуникациялық құралдар кешенiмен қамтамасыз етiледi; 
      Қазақстан Республикасының және өзге елдердiң министрлiктерi мен ведомстволарының тiркеулерiмен және тiзiмдерiмен өзара iс-әрекет жасайды. 
      5. Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрiнiң ақпараттық қорын мынадай тәртiпте қалыптастырып, жүргiзу белгiленедi: 
      - ШЖСМР субъектiлерiнiң есебiн алу үшiн құрылтайшы құжаттар жиынтығы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тiркелуiн жүзеге асыратын органдардағы мемлекеттiк регистр туралы деректерi бастапқы ақпарат болып табылады; 
      - ШЖСМР-дiң ақпараттық қорында мыналар болады: 
      субъектiнiң барлық қызмет атқару мерзiмiне теңестiрiлген коды; 
      субъектiнiң салалық және ақпараттық тиесiлiлiгi туралы мағлұматтар, оған бағыныстылық, меншiк нысаны, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, үлгiсi; 
      субъектiнiң мекен-жайы, телефондардың, факстардың, телекстердiң, телетайптардың нөмiрлерi; 
      субъектiнiң құрылтайшылары туралы мағлұмат; 
      субъектiнiң негiзгi экономикалық көрсеткiштерi; 
      - ШЖСМР субъектiлерiн теңестiру мақсатында оларға кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы республикалық жүйеленуiнде теңестiрiлген коды, сондай-ақ олардың сапалық және аумақтық тиесiлiлiгiн, типiн, меншiктiк нысанын, ұйымдастыру-құқықтық нысанын белгiлейтiн кодтар берiледi. 
      Субъектi бұл үшiн мемлекеттiк регистр кезiнде тiркейтiн ұйымның жөнелтпе хаты бойынша статистикалық органға өзi тұратын органнан субъектiнiң статистикалық карточкасын ресiмдеу үшiн қажеттi құрылтайшы құжаттар (жарғы немесе ереже, құрылтайшы шарт немесе хаттама), ақпараттық-анықтамалық және экономикалық көрсеткiштер ұсынады; 
      - аталған кодтар берiлген соң субъектiге статистикалық орган бастықтарының қолы қойылып, оның мөрiмен бекiтiлген субъектiге арналған статистикалық карточка берiледi. Сонымен бiр мезгiлде субъектiнiң теңестiрiлген коды мемлекеттiк регистр туралы куәлiкке жазылады. 
      Субъектiнiң мемлекеттiк статистика органдары берген статистикалық карточкасы регистр туралы куәлiкпен тең дәрежеде банкiлерде есеп-шот ашқан кезде заңды тұлғалардың барлығы ұсынатын негiзгi құжат болып табылады; 
      - субъектiлер ШЖСМР-дiң енгiзiлуге жататын өзгерiстер туралы мағлұматтарды қайтадан мемлекеттiк регистр кезiнде тiркейтiн органдардың жөнелтпе хаты бойынша статистика органдарына ұсынуға мiндеттi. 
      ШЖСМР субъектiсiн таратқан кезде тарату комиссиясы немесе өзге өкiлеттi орган он күн iшiнде бұл туралы таратылатын субъектiнiң тұрған жерiндегi мемлекеттiк статистика органын хабардар етедi; 
      - ШЖСМР-ге енгiзiлуге жататын мәлiметтердi тапсырмау, дер кезiнде тапсырмау немесе бұрмалау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке апарып соғады. 
      6. ШЖСМР-дi пайдаланушылар заңды да, жеке де тұлға бола алады. ШЖСМР-дiң ақпараттық негiзiн көруге рұқсат ету және оны қолданушыларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету "Қазақ ССР-iнiң Статистика және талдау жөнiндегi, облыстық және Алматы қалалық басқармасының мәселелерi" туралы Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 28 ақпандағы N 141 қаулысында белгiленген тәртiпте қамтамасыз етiледi. 
      7. ШЖСМР-дi құру мен жүргiзудi мемлекеттiк статистиканың аумақтық органдарының қатысуымен бiртұтас нұсқаулар және бағдарламалық-технологиялық құралдар негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемстаткомы қамтамасыз етедi. 
      ШЖСМР-дi құру және жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Мемстаткомы: 
      ақпараттық қорды толықтырудың бiртұтас әдiстемелiгi мен бағдарламалық-технологиялық қамтамасыз етiлуiн бекiтедi, ШЖСМР субъектiлерiнiң есебiн ұйымдастырады; 
      техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты ШЖСМР-дiң ақпараттық негiзi ретiнде жалпы республикалық жүйелеу мемлекеттiк эталондарын автоматтандырып жүргiзудi қамтамасыз етедi; 
      ШЖСМР-дiң экономикалық көрсеткiштер жөнiндегi ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу кешендерiнiң деректiк негiздерiмен, басқа министрлiктердiң тiзiмдерiмен, тiркеулерiмен және олармен келiсiлген тәртiппен ведомстволармен өзара iс-әрекеттерiн қамтамасыз етедi; 
      ақпараттық негiздердiң және ШЖСМР субъектiлерiнiң коммерциялық құпияларын сақтауға жауап бередi. 
      8. ШЖСМР-дi құру мен жүргiзу жөнiндегi жұмысты қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен бөлiнген қаражат есебiнен жүзеге асырылады. 
      9. ШЖСМР-дi тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады