Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 3 қазан N 1101. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1808 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны 187 адам шегiнде бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар

министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң
бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 15 адамы бар
алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
<*>

     Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
              06.06. N 792 қаулысымен.
     3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 жеңiл қызмет автомобиль
лимитi белгiленсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 3 қазандағы
                                           N 1101 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
                       министрлiгi орталық аппаратының
                                Құрылымы
     Табиғат ресурстарын қорғау мен пайдалануды мемлекеттiк бақылау
     бас басқармасы
     Мемлекеттiк экологиялық сараптау мен радиациялық экология
     бас басқармасы
     Ғылыми-экологиялық проблемалар, экономика және табиғатты
     пайдалануды ұйымдастыру бас басқармасы
     Қаржы-экономикалық, бухгалтерлiк және кадрмен қамтамасыз
     ету бас басқармасы
     Халықаралық ынтымақтастық және ақпарат бөлiмi
     Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және инвестициялау
     бөлiмi
     Орман шаруашылығы комитетi
     Балық қорын қорғау және балық шаруашылығы су қоймаларында
     табиғатты пайдалануды бақылау жөнiндегi бас басқарма 
     (Қазбалыққорғау)
     Хайуанаттар әлемiн қорғау жөнiндегi бас басқарма 
     (Қазхайуанатқорғау)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады