"Қазақ КСР-iнде Ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" және "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi несиелеу және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуы жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң есебi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 7 қыркүйектегi N 143-XIII қаулысын iс жүзiне асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 6 қазан 1994 ж. N 1118. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 7 қыркүйектегi N 143-XIII қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен облыс әкiмдерi республиканың басқа да министрлiктерiмен, комитеттерiмен, банктерiмен, компанияларымен және ведомстволарымен бiрлесiп ауыл шаруашылығындағы дағдарыс жағдайынан шығуға, көп укладты село экономикасын және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыруға, аграрлық өнеркәсiптiк кешендi тұрақты түрде дамыту мен халықты азық-түлiкпен жабдықтауды жақсарту үшiн қажеттi жағдайлар жасауға бағытталған қосымша шаралар қабылдайтын болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстарды комитетiмен, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясымен, "Астық", "Тағам", "Асыл" және "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компанияларымен бiрлесiп:
      мемлекеттiк ресурстар үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен сатып алуды ынталандыратын дайындау жүйесiн;
      село халқын ауызсумен жабдықтауды жақсарту жөнiндегi шараларды;
      - республикада ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң нарқын қалыптастыру;
      - республиканың шөл және шөлейт шалғай аудандарындағы ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiн қолдау;
      - мал тұқымын асылдандыру iсiн, тұқым шаруашылығын дамытуды ынталандыру, жануарлар мен өсiмдiктердiң жинақталған ендiк қорын сақтау мен көбейту;
      - шаруа қожалықтарын дамыту бағдарламаларын iс жүзiне асыруда "Агро" Қазақстан фермерлерiнiң ассоциациясына практикалық көмек көрсету жөнiндегi шараларды;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне, Қаржы министрлiгiне, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясына, "Кең дала", "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компанияларына, басқа да мүдделi мемлекеттiк акционерлiк және холдинг компаниялары мен Қазтұтодағына (келiсiм бойынша) ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiн мұнай өнiмдерiмен және босалқы бөлшектермен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатып алу жүйесi арқылы және фьючерлiк контрактiлер мен кепiлдiкке тапсыру негiзiнде село халқын көмiрмен, газбен және аса қажет халық тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету тетiгiн әзiрлеп, 1994 жылдың 15 қарашасына дейiн Үкiметтiң бекiтуiне ұсыну тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi:
      шетел кредиттерiн бiрiншi кезекте "Агроөнеркәсiп кешенiнiң салалары үшiн шетелдiк технологияларды, техника мен басқа да өнiмдердi сатып алуды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 желтоқсандағы N 1312 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 50, 606-бап) белгiленген тәртiппен ауыл шаруашылығы өндiрiсiне жаңа прогресшiл технологияларды, машиналарды, өсiмдiктердiң сорттары мен жануарлардың тұқымдарын енгiзуге бағыттайтын болсын;
      қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне белгiленген тәртiппен импортқа және экспортқа шығарылған ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен тамақ өнiмдерiне кеден баж салықтарының мөлшерлерiн қайта қарау жөнiнде, сондай-ақ сыртқы экономикалық байланыстарды ырықтандыру, республиканың тауар өндiрушiсi мен ауыл шаруашылығы нарқын қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн квоталау мен лицензиялау тәртiбi жөнiнде ұсыныстар енгiзетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы "Қазақ КСР-iнде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" Қазақ КСР-i Заңын орындау мақсатында село, автомобиль жолдары құрылысы мен оны ұстауды қамтамасыз ету туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 20 маусымдағы N 386 қаулысында (Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., N 15, 98-бап) бекiтiлген тәртiппен барлық село жолдарын, "Қазақстан жолдары" компаниясының балансына беру жөнiндегi "Қазақ КСР-iнде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк басым дамыту туралы" Заңның 16-бабының орындалуын қамтамасыз етiп, Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 22 тамыздағы N 334 өкiмiмен құрылған осы Заңның жаңа редакциясының жобасын әзiрлеу жөнiндегi комиссияға тиiстi ұсыныстар енгiзетiн болсын.
      5. Нарықтық реформаларды жүзеге асыру мәселелерiнде аграрлық-өнеркәсiптiк кешен жүйесiнде мемлекеттiк басқару ролiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен жергiлiктi ауыл басқару органдарына жеке меншiк және басқа да меншiк нысандарының негiзiнде жаңа өндiрiстiк қатынастарды дамыту, ғылыми-техникалық прогрестi ендiру, кәсiпкерлiктi, бизнестi, шаруа қожалықтарын және басқа да мемлекеттiк емес шаруашылық жүргiзу түрлерiн қолдау, маркетингтiк және сыртқы экономикалық қызмет бағдарламаларын жүзеге асыру, бұларға қатысты мемлекеттiк бақылау қызметiн жүзеге асыру жөнiнде бiрыңғай саясат жүргiзуде аграрлық-өнеркәсiптiк кешен қызметiн үйлестiру жөнiндегi мiндеттердi шешу жүктелсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгiн арттыру және оларды өндiрiске жылдам енгiзу мақсатында бюджеттердiң жобаларында жыл сайын Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясын қаржыландыруды қарастыратын болсын.
      7. Облыс әкiмдерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Халыққа бiлiм беру министрлiгiмен, Мәдениет министрлiгiмен бiрлесiп:
      селода денсаулық сақтау, бiлiм беру және мәдениет объектiлерiн қысқы маусымда жұмыс iстеуге әзiрлеу үшiн шұғыл шаралар қабылдасын;
      село халқын және әлеуметтiк сала объектiлерiн отынмен қамтамасыз етуге, оқушыларды тамақтандыру және оларды мектептер мен интернаттарға жеткiзу жүйесiн жақсартуға ерекше назар аударсын;
      селолық жерлерде тұратын зейнеткерлерге әлеуметтiк төлемдердi дер уақытында беру жөнiнде кезек күттiрмес шаралар қабылдасын.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бюджетте көзделген астық сатып алуға арналған қаржының бөлiнуiн жеделдетсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қаржы министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Ұлттық Банкпен бiрлесiп мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алу жөнiндегi есеп айырысуларды аяқтау үшiн қосымша қаржы қаражаттарының көздерi туралы ұсыныстар енгiзсiн.
      Ауыл шаруашылығының жиын-терiн жұмыстарын аяқтау үшiн бөлiнген кредит ресурстарын бiрiншi кезекте ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң еңбек ақы жөнiндегi берешегiн өтеуге бағыттау қажет деп саналсын.
      10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ұлттық Банктiң келiсiмiмен ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау институтын құру туралы ұсынысты әзiрлеу кезiнде ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ерекшелiгiне байланысты сараланған ставкалар бойынша болашақтағы астық және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн несиелеу тұрғысында тiкелей бюджеттiк дотацияларды, форвардтық мәмiлелердi үйлестiру қажеттiгiн ескеретiн болсын.
      11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен теңге курсының АҚШ долларына қатысты өзгеруiн негiзге ала отырып, мемлекет мұқтажы үшiн ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алуда есеп айырысу кезiнде баға қолдану тәртiбiн әзiрлейтiн болсын.
      12. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясымен, басқа да мүдделi министрлiктермен, комитеттермен және ведомстволармен бiрлесiп "Қазақ КСР-iнде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" Заңның келiсiлген жаңа редакциясының жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 1994 жылдың 25 қазанына дейiн ұсынатын болсын.
      13. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қазақ акционерлiк коммерциялық аграрлық-өнеркәсiптiк банкi, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi, комитеттерi мен ведомстволары, облыс әкiмдерi осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 1995 жылдың 1 ақпанында мәлiмдесiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiне Үкiметке осы мерзiмде хабарлама жасау ұсынылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады