1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң 51 адам саны шегiнде бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және
сертификаттау жөнiндегi комитетiне төрағаның бiр орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1125 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратының Құрылымы Мемлекеттiк бақылау және аумақтық органдар басқармасы Мемлекеттiк стандарттау жүйесi бөлiмi Сертификаттау және сапа жүйесi бөлiмi Заң шығаратын метрология бөлiмi Қаржы-экономика бөлiмi Бухгалтерлiк есеп бөлiмi Кадр және халықаралық ынтымақтастық бөлiмi Алкоголь өнiмдерiн шығаруды инспекциялау мен лицензиялау бөлiмi