Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттамалар Бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 7 қазан N 1128. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1788 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттамалар Бас басқармасы орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң 24 адам саны шегiнде бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы

Архивтер мен құжаттамалар Бас басқармасына Бас басқарма бастығының
бiр орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат
етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Архивтер мен құжаттамалар Бас басқармасының орталық аппараты үшiн
2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 7 қазандағы
                                           N 1128 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
         жанындағы Архивтер мен құжаттамалар Бас басқармасы
                      орталық аппаратының
                         Құрылымы
     Архив iсiн талдау және реттеу бөлiмi
     Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтау, есепке
     алу және ақпараттау бөлiмi
     Ұлттық архив қорын қалыптастыру және архивтер мен 
     құжаттамаларды тексеру бөлiмi
     Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын
     пайдалану және ғылыми тұрғыдан жариялау бөлiмi
     Қаржы бөлiмi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады