"Техносистем" ұлттық акционерлiк компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 11 қазан N 1154. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.10.19. N 1348 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Техносистем" ұлттық акционерлiк компаниясын құру туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 1787 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Техносистем" ұлттық акционерлiк компаниясын (бұдан әрi - Компания) құру жөнiндегi құрылтайлық құжаттар пакетiн бiр ай iшiнде әзiрлеп, бекiтсiн;
      Компанияға кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ бұрыннан құрылып, Компанияның құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану мен басқару құқын табыстасын;
      мемлекеттiк кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың акционерлендiрiлуiне қарай, Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары (II кезең) меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен

Меммүлiккомы тарататын акциялар пакеттерiнен басқа, акционерлiк
қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн Компанияның иеленуiне,
пайдалануы мен басқаруына берсiн;
     Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгiне бұрын бөлiнген Алматы қаласы, Масаншы көшесiндегi,
57а үйден жалгерлiк шартымен Компанияға қызметтiк үй-жай беретiн
болсын.
     2. Компанияның тұрағы Алматы қаласы болып белгiленсiн.
     3. Компания мына салалардағы;
     ақпараттандыру мен есептеу техникасы;
     ғылыми-техникалық ақпарат;
     радио техникасы мен электроника;
     байланыс және телекоммуникациялар;
     дәстүрлi емес энергетика мен сирек металдар;


      мұнай шығару мен мұнай өңдеуде, энергетикада, байланыста, ауыл шаруашылық өнiмдерiн сақтау мен ұқсатуда, жерде сирек кездесетiн элементтердi пайдалана отырып, жаңа материалдар мен бұйымдарды жасауда жаңа технологияларды енгiзу салаларындағы ғылыми-техникалық прогрестiң дамуына жауап бередi деп белгiленсiн.
      4. "Техносистем" ұлттық акционерлiк компаниясының дербес балансы, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген әрi өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар, заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдары мен өз Жарғысы негiзiнде iс-қимыл жасайды.
      Компания басшылығын тағайындау мен бекiту "Меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру барысында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" деген Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 28, 341-бап) белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады