Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң жекелеген мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 11 қазан N 1160. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.03. N 672 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының кестесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң басшы қызметкерлерiне мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерi үшiн көзделген еңбек ақы төлеудiң қолданылып жүрген шарттары, оның iшiнде: сыйлықақы беру, үстеме ақы төлеу материалдық көмек көрсетудiң тәртiбi қолданылсын.
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң басшы қызметкерлерi материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету шарттары бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының қызметкерлерiне теңестiрiлсiн.
      3. Бас директорға Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң қалған қызметкерлерiне сыйлықақы төлеу тәртiбi мен шараларын белгiлеу құқы берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқарушысы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы Ереженi бекiтсiн.
      5. "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер

Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы Өндiрiстiк-пайдалану 
бiрлестiгiнiң басшы қызметкерлерi мен мамандарының лауазымдық
жалақыларының кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қарашадағы N 1167 қаулысының күшi 
жойылған деп танылсын.
      Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 11 қазандағы
                                           N 1160 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс
             Басқармасының Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi
            басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының
                              Кестесi
--------------------------------------------------------------------
      Лауазым                                   ! Айлық лауазымдық
                                                ! жалақы
--------------------------------------------------------------------
Бас директор                                          3700
Бас инженер                                           3150
Бас директордың шаруашылық жөнiндегi
орынбасары                                            3050
Бас директордың ақпарат және ЕТ мәселелерi
жөнiндегi орынбасары                                  3150
Бас бухгалтер                                         3000
Бас экономист                                         2800
--------------------------------------------------------------------
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады