Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 қарашадағы N 1220 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 294 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.30 № 294 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi салық қызметiнiң материалдық-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етiлгендiгiн, қызметтiк үй-жайлармен жеткiлiксiз қамтамасыз етiлгендiгiн және электронды-есептеу техникасымен, байланыс құралдарымен, басу-көбейткiш аппаратураларымен нашар жабдықталғандығын атап көрсетедi.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi салық қызметiнiң материалдық-техникалық базасын одан әрi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      салық милициясын қоса отырып, 15 қарашаға дейiн салық қызметiн компьютерлеу бағдарламасын бекiтсiн;
      1994 жылға арналған бюджеттi нақтылау кезiнде салық қызметiн компьютерлеуге, оның iшiнде техника, компьютерлiк желiлер сатып алуға, Искра - 2 және басқа байланыс арналарын пайдалана отырып ақпараттар бiр орталықта сақталатын есептеу байланыс торабын құруға қосымша 100 - 150 млн. теңге бөлудi көздесiн;
      орта буын қызметкерлердi халық арасында салық заңдарын насихаттау мен түсiндiруге оқытуды қамтамасыз етсiн;
      Алматы қаласындағы тұрғын және әкiмшiлiк үйлерiнiң құрылысын аяқтау үшiн қосымша қаржы iздестiрсiн;
      1995 - 1996 жылдарға арналған республикалық бюджеттi қарау кезiнде салық органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның iшiнде осы кезеңде толық қамтамасыз ету мақсатында салық милициясына белгiленген қаржы бөлудi көздесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi:
      1995 - 1996 жылдардан бастап аймақтық университеттерде жергiлiктi жерлердiң сұраныстарына байланысты адам санын анықтап, "Салық салу" мамандығы бойынша қосымша оқу топтарын құруды ұйымдастырсын;
      орта мектептердiң бiтiрушi кластарының, жоғарғы және орта бiлiм беретiн оқу орындарының, кәсiби-техникалық училищелердiң оқу бағдарламаларында салық салу бойынша сабақтар өткiзудi көздесiн;
      орта мектептердiң бiтiрушi кластарында салық заңдарының негiздерiнен кәсiби бағдар беруге бағытталған арнаулы топтар ұйымдастырсын.
      3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, облыстар мен Алматы қаласының мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi комитеттерi салық қызметi объектiлерiнiң құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн бөлудi, сондай-ақ оларға қажеттiлiктерi қамтамасыз етiлгенге дейiн 1994-1995 жылдары босаған әкiмшiлiк үйлерiн берудi қамтамасыз ететiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық

 

қызметiне қызметкерлердi материалдық жағынан ынталандыруға

салық қызметiнiң қорына аударылатын 10 процент қаржының 25

процентiн қалдыруға рұқсат етiлсiн.

     5. Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар

министрлiгi жергiлiктi жерлердегi салық инспекцияларын қажеттi

көлемде телефон, телеграф және факс байланыстарымен қамтамасыз

етсiн.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады