Республикалық органдардың басшыларына, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының қызметкерлерiне қызмет куәлiктерiн ресiмдеу және беру тәртiбi туралы ереженi бекiту жайында

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 4 қараша N 1222. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.06.09. N қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республикалық органдардың басшыларына, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының қызметкерлерiне қызмет куәлiктерiн ресiмдеу және беру тәртiбi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      2. "Республикалық органдардың басшыларына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының қызметкерлерiне қызмет куәлiктерiн ресiмдеу және беру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 желтоқсандағы N 1293 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 4 қарашадағы
                                            N 1222 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
             Республикалық органдардың басшыларына, Қазақстан
           Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының
             қызметкерлерiне қызмет куәлiктерiн ресiмдеу және
                           беру тәртiбi туралы
                               Ереже
                    1. Жалпы ережелер
      1. Республикалық орган басшысының, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасы қызметкерiнiң қызмет куәлiгi - оның министрлiкте, ведомствода, ұйымда, Iс Басқармасында Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен немесе Iс Басқарушысының бұйрығымен тағайындалып, iс жүзiнде атқаратын қызметiн растайтын ресми құжат болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқарушысы, оның орынбасары қол қойған куәлiктер олардың иелерiне Президенттiң Резиденциясына, Парламент Үйiне, барлық мемлекеттiк және әкiмшiлiк мекемелерiне кiру құқын бередi.
 
                    2. Куәлiктердi әзiрлеу және ресiмдеу тәртiбi
      2. Куәлiктердi әзiрлеу Iс Басқармасының Кадр бөлiмi мен Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiне жүктеледi.
      3. Куәлiктер көлемi 85X54 мм көгiлдiр түстi қатты пластиктен жасалады және олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туында бейнеленуiне ұқсас күн сәулесi мен бүркiт кескiнi ультракүлгiн спектрде көрiнiп тұратындай қорғаныс деңгейi болады.
      4. Куәлiктiң алдыңғы бетiнiң жоғарғы жағындағы дәл ортасын алқызыл түспен жазылып, асты көк сызықпен сызылған "Қазақстан Республикасы" деген сөздер орналасқан. Төменiрек, сол жақ шетiнен 6 мм қашықтықта енi 25 мм өрнекте көлемi 25X32 мм қызметкердiң суретi орналастырылады. Сол жақтан 33 мм қашықтықта куәлiктiң нөмiрi, қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты және оның атқаратын қызметi қазақ тiлiнде көрсетiледi. Сол жағынан 45 мм қашықтықта олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туында бейнеленуiне ұқсас сары түстi күн сәулесi мен бүркiт кескiнделедi. Төменгi жағында Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқарушысының немесе оның орынбасарының куәландыратын (қолтаңба) қолы қойылады. Төменгi шетiне куәлiктiң пайдалану мерзiмi көрсетiлген енi 5 мм көк түстi жолақ жүргiзiледi.
      5. Куәлiктiң артқы бетiнiң жоғарғы жағындағы дәл ортасын алқызыл түспен жағылып, асты көк сызықпен сызылған "Республика Қазақстан" деген сөздер орналасқан. Төменiрек, сол жақ шетiнен 5 мм қашықтықта енi 25 мм өрнекте сары түстi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының бейнеленуi көрiнедi. Сол жақ шетiнен 33 мм қашықтықта куәлiк нөмiрi, қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, атқаратын қызметi орыс тiлiнде көрсетiледi. Төменде Қазақстан Республикасының Премьер-министрiнiң, Қазақстан Республикасы Iс Басқарушысының немесе оның орынбасарының куәландыратын (қолтаңба) қолы қойылады. Төменгi шетiне пайдалану мерзiмi көрсетiлген енi 5 мм көк түстi жолақ жүргiзiледi.
 
                    3. Куәлiктiң берiлу тәртiбi
      6. Куәлiктер:
      а) Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң қолы қойылып - Министрлер Кабинетi жанындағы комитеттер төрағаларына, министрлердiң орынбасарларына, мемлекеттiк комитеттер мен Министрлер Кабинетi жанындағы комитеттер төрағаларының орынбасарларына, мемлекеттiк акционерлiк және холдинг компанияларының президенттерiне, аса маңызды мемлекеттiк кәсiпорындардың, мекемелер және ұйымдардың басшыларына, Iс Басқармасы бөлiмдерiнiң меңгерушiлерiне;
      ә) Iс Басқарушысының қолы қойылып - Iс Басқармасының жауапты қызметкерлерiне, мемлекеттiк банктер басқармасы төрағасының орынбасарларына;
      б) Iс Басқарушысы орынбасарының қолы қойылып - Iс Басқармасының техникалық қызметкерлерiне берiледi;
      в) адамдардың жекелеген санаттарына (холдинг және акционерлiк компанияларының вице-президенттерiне) куәлiк тек Iс Басқарушысының рұқсатымен берiле алады.
      Тиiсiнше ресiмделмеген куәлiктер жарамсыз деп саналады.
      Iс Басқармасына уақытша жұмысқа қабылданған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясына және Парламент Үйiне кiру үшiн белгiленген үлгiде уақытша рұқсаттама берiледi.
      7. Қызметке алғаш тағайындалған адамға куәлiк берудi оны алғаны жөнiнде қолын қойдырып, құжатты пайдалану ережесi мен оны сақтау тәртiбiн түсiндiре отырып, Iс Басқармасының Кадр бөлiмi жүзеге асырады. Жаңа қызметке тағайындалған жағдайда бұрын берiлген куәлiктер мiндеттi түрде Iс Басқармасының Кадр бөлiмiне қайтарылады. Iс Басқармасы бөлiмдерiнiң басшылары қол астындағы қызметкерлерiнiң куәлiктерi бары-жоғын дүркiн-дүркiн тексерiп отырады. Куәлiк жоғалған немесе бүлiнген жағдайда оның иесi бұл жөнiнде Iс Басқарушысына жазбаша түрде баяндайды.
      Куәлiктi жоғалту, бүлдiру, басқа бiреулерге беру; оны пайда табу және басқа да жеке мақсаттарына пайдалану фактiсiнiң әрқайсысы бойынша Iс Басқарушысының тапсыруымен Кадр бөлiмi бiр апталық мерзiмде қызмет тексеруiн жүргiзедi. Құжатты iздеу, оқиғаның болуына әкеп соққан себептердi жою шаралары қолданылады. Тексеру қорытындылары бойынша кiнәлi адамдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
      Жоғалған куәлiктер жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы мемлекеттiк мекемелер, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жанындағы бас күзет басқармасының үкiмет мекемелерiн, дипломатиялық өкiлдiктердi қорғау жөнiндегi милиция полкiне хабарланады.
      Жоғалған куәлiк жөнiндегi қорытынды мен жаңасының берiлуге рұқсатты Iс Басқарушысы бекiтедi де Кадр бөлiмiне бередi.
      Атқарған қызметiнен босатылғанда куәлiгi бар адам оны кейiннен Iс Басқармасының Кадр бөлiмiне беру үшiн жұмыс iстейтiн жерiндегi Кадр басқармасына (бөлiмiне) өткiзедi. Бұл талап орындалмаған реттерде Iс Басқармасының Кадр бөлiмiне хабарланады.
      Iс Басқармасының қызметкерi атқаратын қызметiнен босатылған жағдайда үш күндiк мерзiм iшiнде өз куәлiгiн Iс Басқармасының Кадр бөлiмiне тапсыруға тиiс.
 
                    4. Куәлiктердi есепке алу және жою тәртiбi
      8. Куәлiктер берудiң есебiн Iс Басқармасының Кадр бөлiмi арнайы лайықталған кiтаптарда жүргiзедi, олар Кадр бөлiмiнiң жанбайтын сейфiнде құпия құжаттармен бiрдей сақталады.
      Куәлiктердi ресiмдей мен берiлу есебiнiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк Iс Басқармасы Кадр бөлiмiнiң меңгерушiсiне жүктеледi.
      9. Iс Басқармасы мен республикалық органдар қызметкерлерiнiң тапсырған куәлiктерi Iс Басқарушысы бекiткен тиістi актi бойынша дүркiн-дүркiн жойылып отыруға тиiс.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады