1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 54 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетке төрағаның бiр орынбасарын, сондай-ақ 5 адамнан алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитеттiң орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 қарашадағы N 1247 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратының Құрылымы Бiрiншi бөлiм Екiншi бөлiм Үшiншi бөлiм Бесiншi бөлiм Алтыншы бөлiм Жетiншi бөлiм Тоғызыншы бөлiм Он бiрiншi бөлiм Он екiншi бөлiм Он үшiншi бөлiм